Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар Теократиялық қызмет мектебінің 2004 жылдың 23 ақпанынан басталатын аптасында ауызша қарастырылады. Мектеп бақылаушысы 2004 жылдың 5 қаңтарынан басталатын апта мен 23 ақпанда басталатын аптасы аралығында Теократиялық қызмет мектебінде қарастырылған мәліметтерге 30 минуттық шолу жасайды. [Ескеретін жай: егер сұрақтың соңында мәлімет көзі келтірілмесе, жауаптарды табу үшін өз бетінше зерттеу жүргізу керек (“Қызмет мектебі” оқулығын қара, 36, 37-беттер ор.)]
№1-ТАПСЫРМА
1. а) Рухани таза болу деген нені білдіреді және неге оны тазалықтың ең маңызды түрі деуге болады? ә) Мәсіхшілер осы дүниеге тән құлықтылық жағынан таза емес нәрселерден қалай аулақ бола алады? (2, w02 1.4. 5, 6-бет).
2. Киелі кітап принциптерінің ең маңыздысы қандай? (3, w02 15.2. 5-бет, 4, 6-абз., ор.).
3. Жанашырлық деген не және бұл қасиетті Иса қалай танытты? (4, w02 15.4. 25-бет, 4, 5-абз., ор.).
4. Нақыл сөздер 11:11-тармағындағы сөздердің Ехобаның халқына қандай қатысы бар? (7, w02 15.5. 27-бет, 1—3 абз., ор.).
АПТА САЙЫНҒЫ КИЕЛІ КІТАПТЫ ОҚУ
5. Сұрақтарға жауап беріңдер. Жаратылыс 2:9-да айтылған ‘мәңгілік өмір сыйлайтын ағаш’ нені бейнелейді? (1, w99 15.4. 7, 8-бет, ор.).
6. Жаратылыс 3:1—5 дейінгі тармақтарда айтылған сөздерімен Шайтан нені меңзеді? (1, апта сайынғы Киелі кітапты оқу; w95 15.7. 5-бет, 2-абз., ор.).
7. Неге Луттың әйелі өмірінен айырылды? (Жар. 19:26) (4, br-3 27-бет, 10-абз., ор.).
8. Жаратылыс 24-тарауындағы пайғамбарлық драмадағы: а) Ыбырайым, ә) Ысқақ, б) Ыбырайымның қызметшісі Елиезер, в) он түйе және г) Рабиға нені бейнелейді? (5, w89 1.12 19-бет, ор.).
9. Қалай Рахила Ехобаның батасын алу үшін табандылықпен күш салудың керемет үлгісін көрсеткен? (Жар. 30:1—8) (7, w02 1.8. 29, 30-бет, ор.).
10. Жаратылыс 33:18-ге сәйкес, Жақып қанахандықтармен араласқысы келмегенін қалай көрсетті? (13, апта сайынғы Киелі кітапты оқу; w95 15.9. 21-бет, 5-абз., сілтемесін қара, ор.).
11. Дұрыс не дұрыс емес. ‘Босағасын күнә жағалағандықтан’, Қабыл ауыр күнәдан қашып құтыла алмаған (Жар. 4:7) (1, апта сайынғы Киелі кітапты оқу; w94 15.6. 14-бет, 11-абз., ор.).
12. Жаратылыс 26:5-те айтылған Ехобаның бұйрықтары, ережелері мен өсиет сөздері Заң келісімімен байланысты (11, апта сайынғы Киелі кітапты оқу; w92 1.7. 10-бет, 8-абз., ор.).