Хабарландырулар
◼ Ақпанда “Күзет мұнарасы” журналы ұсынылады. Наурыз айында “Мәңгілік өмірге алып баратын білім” кітабы. Үй жағдайында Киелі кітап зерттеу сабағын бастауға ерекше күш салыну керек. Сәуір және мамыр айларында “Күзет мұнарасы” журналын ұсынуға болады. Қайта оралып барғанда қызығушылық білдірген, Еске алу кешіне немесе басқа да кездесулерге қатысқан, бірақ қауыммен әлі тығыз байланысы жоқ адамдарға “Білім” кітабы мен “Талап етеді” брошюрасын ұсынуға тырысыңдар. Үй жағдайында Киелі кітап зерттеу сабағын бастауға ерекше күш салыну керек.
◼ Наурыз, сәуір және мамыр айларында қосалқы ізашар ретінде қызмет еткісі келгендер қазірден жоспарлап, өтініштерін ертерек берулері керек. Бұл ақсақалдардың қызметке байланысты қажетті шараларды ұйымдастыруына және журналдар мен өзге де әдебиеттердің жеткілікті мөлшерде болуын қамтамасыз етулеріне көмектеседі. Қосалқы ізашар ретінде тағайындалған жариялаушылардың аты-жөні ай сайын қауым кездесуінде хабарлануға тиіс.
◼ Төрағалық етуші бақылаушы немесе ол тағайындаған өзге бауырлас 1 наурызда немесе одан кейін, мүмкіндігінше ертерек, қауымның қаржыға байланысты істерін тексеру керек. Оның нәтижесі жөнінде қауымда қаржы жөнінде есеп берілгеннен кейін хабарландыру жасалу керек. Филиалдан келген қауымның бүкіләлемдік уағыздау ісі мен өзге де қажеттіліктерге жасаған садақалары үшін ризашылық білдірілген хатты оқы.
◼ Хатшы мен қызмет бақылаушысы барлық жалпы ізашарлардың қызметіне қорытынды жасаулары керек. Егер кімде-кімге сағат мөлшерін орындау қиын болса, ақсақалдар қажетті көмек көрсетулері керек. Мұны жүзеге асыруға байланысты кеңестерді жыл сайынғы хаттардан табуға болады (S-201).
◼ 2004 жылғы Еске алу кешіне байланысты “Ехобаға арқа сүйеңдер де батыл болыңдар” деген арнайы баяндама айтылады. 2003 жылғы “Біздің Патшалық қызметіміздің” қыркүйек айындағы нөміріндегі осыған байланысты хабарландыруды қара.
◼ Тағайындалмаған аумақта уағыздағанда “Білім” кітабы мен “Талап етеді” брошюрасын ұсынуға болады. Үй иесінде аталмыш басылымдар бар болса, басқа әдебиеттерді ұсынуға болады. Ал үйде ешкім болмай қалған немесе әдебиетімізді әлдекім қабыл алмаған жағдайда, ұсыну үшін әр түрлі трактаттар алып жүруіміз керек. Әсіресе тағайындалмаған аумақта жақын арадағы қауымның жариялаушылары уағыздай алатын болса, адамдардың қызығушылығын әрі қарай да дамыту үшін күш салыну керек.