Тезірек қайта оралып баруларыңды өтінеміз
Қандай адамдарға тезірек қайта оралып бару керек? Әдебиеттерге сұраныс жасағандарға, үнемі журнал алып тұруды немесе Куәгерлердің келіп тұруын қалайтындарға оралып бару керек. Бұл сұраныстар қайдан келіп түседі? Филиалмен хат немесе сымтетік арқылы және интернеттегі жеке Web-сайтымыз арқылы байланыс жасаған адамдардан келіп түседі. Осылайша, қызығушылық көрсетілген болса, Филиал жергілікті қауымдарға “Мына кісіге лайықты жариялаушының баруын өтінемін” (S-70) бланкісін қолданып хабарлайды. Ақсақалдар S-70 бланкісін алғаннан кейін, оны тез арада қызығушылықты әрі қарай дамыта алатын ынталы жариялаушыға тапсырады. Егерде жариялаушыға ол адамды үйінен табу қиын болса, сымтетік арқылы байланыс жасауы немесе өзгелерге көрінбейтіндей етіп, қысқаша хат жазып қалдыруы керек. Егерде саған осындай өтініш жасалған болса, қызығушылық танытқан адамдарға тезірек баруға қолыңнан келгеннің бәрін жасауыңды өтінеміз.