2004 жылға арналған Теократиялық қызмет мектебі
1 Ехоба қарапайым адамдардың дүниежүзілік маңызы зор істі атқарулары үшін қам жасап отыр. Соның бірі ол апта сайын Теократиялық қызмет мектебінде тәлім беруде. Шамаң келгенше, осы мектепке толығымен қатысып жүрсің бе? 2004 жылдың қаңтарында болатын бірнеше өзгерістер оқушыларға бұл шараның игілігін молынан көрулеріне көмектеседі.
2 Кеңес беруші бауырластардың кезектесуі. Тәлім беруге арналған баяндамалар мен Киелі кітаптың көңіл бұрарлық ойларын айтып жеткізетін бауырластар кеңес беруші бауырластың ескертулерін жоғары бағалайды. Қауымда қабілетті ақсақалдар жеткілікті болса, кеңес беруші бауырласты жыл сайын кезегімен тағайындап отыруға болады. Осылай жұмыс жүгін бөлісуге болады; алайда ең маңыздысы, қабілеттері әр түрлі баяндамашы әрі тәлім беруші ақсақалдар мен қызмет көмекшілері бір-бірінен үйренеді.
3 Ауызша қайталаудың кестесі. Егер қауым ауызша қайталау болатын аптада аудандық конгреске қатысатын болса, қайталау (сондай-ақ сол аптадағы бағдарламаның өзге бөліктері) бір апта кейінге жылжытылып, ал келесі аптадағы кездесу кестесі конгресс өтетін аптада өткізіледі. Ал егер ауызша қайталау болатын аптада аудандық бақылаушы келетін болса, екі аптаның кестесін толық ауыстырып жатудың қажеті жоқ. Ән мен Киелі кітаптың көңіл бұрарлық ойлары кестеде көрсетілгендей өткізіліп, бұған келесі аптада қарастырылатын тәлім беруге арналған баяндама қосылады. Ал Киелі кітаптың көңіл бұрарлық ойлары 30 минуттық (10 минуттан үшке немесе 15 минуттан екіге бөліп өзгертілген) Қызмет кездесуінен соң айтылады. (Кестедегі хабарландырулар айтылмайды). Бұл Қызмет кездесуі ән және аудандық бақылаушының 30 минуттық бағдарламасынан соң өтеді. Келесі аптадағы Теократиялық қызмет мектебі әннен басталып, содан кейін ауызша қайталау болып, соңынан кестеде көрсетілгендей Киелі кітаптың көңіл бұрарлық ойлары айтылады.
4 Рухани өсуің үшін қарастырылып отырған әрбір мүмкіншілікті жіберіп алмай, олардың пайдасын көр. Теократиялық қызмет мектебінде тәлім алудың игілігін көре отырып, қауымдағыларды жігерлендіретін боласың, әрі Киелі кітаптағы пайғамбарлықтың орындалуына үлесіңді қосып, жариялауымыз керек ғажайып хабардың Иесін дәріптейсің (Иш. 32:3, 4; Аян 9:19).