Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 11.03. 1-б.
  • Мақтау сөз көңілді жадыратады

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Мақтау сөз көңілді жадыратады
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2003
  • Ұқсас мәлімет
  • Мақтау арқылы шынайы қызығушылық таныт
    Біздің патшалық қызметіміз. 2006
  • Өзгелердің “рухын көтеретіндей” етіп сөйле
    Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмаңдар
  • Қызметте бір-біріміздің сенімімізді нығайтайық
    Біздің патшалық қызметіміз. 2008
  • Алғыс білдіруге асық болайық
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
Көбірек мәлімет
Біздің патшалық қызметіміз. 2003
km 11.03. 1-б.

Мақтау сөз көңілді жадыратады

1 Ұйықтар алдында кішкентай қыз: “Мен бүгін жақсы қыз болмадым ба?” — деп солқылдап жылап жіберді. Бұл сұраққа анасы аңтарылып қалды. Ол сол күні қызының жақсы болуға барынша күш салып, тырысып-баққанын байқаса да, оған ең болмағанда бір ауыз мақтау сөз айтуды ойламаған еді. Сол қыздың көз жасы бәрімізге — жасымызға да, кәрімізге де — мақтау айтудың қаншалықты қажет екенін ескертеді. Айналамыздағыларға істеген жақсы істері үшін мақтау айтып, көңілдерін жадыратамыз ба? (Нақ. с. 25:11).

2 Мәсіхші бауырластарымызды мақтайтындай себептер көп. Ақсақалдар, қызмет көмекшілері мен ізашарлар өз міндеттерін атқару үшін аянбай еңбектенеді (1 Тім. 4:10; 5:17). Ал Құдайды қастерлейтін ата-аналар болса, балаларын Ехобаның жолына нық тұрғызу үшін қолынан келгеннің бәрін істейді (Ефес. 6:4). Мәсіхші жастар ‘осы дүниелік рухқа’ қарсы жан сала күресуде (1 Қор. 2:12; Ефес. 2:1—3). Өзге біреулері болса жастарының келіп қалғанына, денсаулықтарының нашарлығы мен өзге де қиыншылықтарға қарамастан, Ехобаға адал қызмет етуде (2 Қор. 12:7). Осы жандардың бәрі де мақтауға тұрарлық. Олардың осы салып жатқан күштерінің мақтауға тұрарлық екенін біліп, ризашылығымызды білдіреміз бе?

3 Жеке және арнайы мақтау айту. Бәріміз де қауымға мінбеден айтылған мақтау сөздерге мәз болып қаламыз. Алайда мақтау сөздерді жеке өзімізге келіп айтса, көңіліміз әлдеқайда көтеріліп қалады. Мысалы, өзінің римдіктерге жазған хатының 16-тарауында Пауыл өзгелердің ішінен Фөбеге, Прискила мен Ақилаға, Трифена мен Трифозаға, Персидаға арнайы ризашылық білдірген (Рим. 16:1—4, 12). Оның сөздері осы адал жандардың көңілін қалай көтеріп тастады десеңші! Осындай мақтау сөздер бауырластарымызды өздерінің бізге керек екендіктеріне сендіріп, олармен арамызды жақындата түседі. Жуық арада әлдекімге арнайы жеке өзіне мақтау айттың ба? (Ефес. 4:29).

4 Жүректен шықсын. Адамның көңілі шынымен жадырап қалу үшін айтылған мақтау сөздер шын жүректен шығуға тиіс. Шын жүректен айтып тұрмыз ба, жоқ әлде жай ғана ‘аузымызбен жағымпаздана’ салдық па, мұны адам сезеді (Нақ. с. 28:23). Өзгелердің жақсы жақтарын көре білуді үйрене түскен сайын, жүрегіміз мақтау айтуға талпынып тұратын болады. ‘Дер кезінде айтылған сөздің қандай жақсы’ екенін ескере отырып, шын жүректен мақтау айтуға жомарт болайық! (Нақ. с. 15:23).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу