Хабарландырулар
◼ Қазан айында ұсынылатын әдебиет — “Күзет мұнарасы” журналы. Қызығушылық білдіргендерге “Құдай талап етеді” брошюрасын ұсынып, Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға барынша күш салыңдар. Қарашада “Білім” кітабы немесе “Құдай талап етеді” брошюрасы ұсынылады. Үй иелерінде бұл әдебиеттер болса, “Құдайға ғибадат етіңдер” кітабын немесе кез келген бұрынғы әдебиеттерді ұсыныңдар. Желтоқсанда “Менің Киелі кітап әңгімелерім” кітабы. Қаңтар айында қауымда бар кез келген 192 беттік кітаптарды ұсынуға болады.
◼ “Біздің Патшалық қызметіміздің” осы нөмірінің қосымшасында “Теократиялық қызмет мектебінің 2004 жылға арналған кестесі” бар. Оны 2004 жылы қолдану үшін сақтап қою керек.
◼ Егер 1 қаңтардан бастап қауым кездесулерінің уақыты өзгеретін болса, қауым хатшысы “Қауым кездесулері жөніндегі мәлімет” (S-5) бланкісін қолданып, филиалға хабарлау керек. Егер қажет болса, бұл бланкіге “Мәлімет қағаздарына тапсырыс” бланкісі арқылы тапсырыс беруге болады. Мәлімет қағаздарына байланысты тапсырысты орындауға кем дегенде он екі апта кететінін ескеріңдер.
◼ 2003 жылдың 11 маусымында Волгоград облысы, Камышин қаласында және осы жылдың 14 маусымында Вологда қаласында Патшалық Сарайларының бағышталуы болып өтті. Бағдарламаға келгендердің саны: Камышинде 304, ал Вологдада 168 адам.