Қызмет кездесулерінің кестесі
13 қазаннан басталатын апта
215-ән
10 мин: Жергілікті хабарландырулар. “Біздің Патшалық қызметімізден” іріктеп алынған хабарландырулар. Барлығын да келесі аптадағы Қызмет кездесуінде өтетін “Құдайды даңқтаңдар!” деп аталатын облыстық конгрестің бағдарламасын талқылауға дайындалулары үшін 1-беттегі сұрақтарды қолданып, конгресте жасаған қысқаша жазбаларын қарап шығуға шақыр.
20 мин: “хобаға қуанышпен қызмет етіңдер”. a (Барлығы 2002 жылғы “Біздің Патшалық қызметіміздің” қаңтардағы санының (ор.) қосымша бетін әкелулері керек.) 4-абзацты талқылаған соң, қараша айында ”Құдай талап етеді” брошюрасы мен “Білім” кітабын ұсынатынымызды ескерт. 2002 жылдың қаңтардағы “Біздің Патшалық қызметіміздің” қосымша бетіндегі ұсыныстардың біреуін қысқаша қайталап өт. Сонан соң уағызда қолдануға болатын бір ұсынысты көрсет. Барлығын да қызметке жақсылап дайындалуға шақыр.
15 мин: Киелі кітапты зерттеу сабағын өткізу баталар әкеледі. Баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Біздің басылымдарда келтірілген Киелі кітапты зерттеу сабағы табысты болып жатқан бірнеше оқиғаны айтып бер (w00 1.3 6-бет, ор.; yb98 55—60 беттер, ор.) Тыңдаушыларды осы оқиғалардан қандай сабақ алатынымызды, сондай-ақ Киелі кітапты зерттеу сабағын өткізудің қалай пайдасын көретінімізді айтып беруге шақыр.
172-ән және соңғы дұға.
20 қазаннан басталатын апта
86-ән
5 мин: Жергілікті хабарландырулар.
40 мин: “Облыстық және халықаралық конгрестер Құдайды даңқтауымызға талпындырады!” Ақсақал өткізеді. Бір минуттық не одан аз алғы сөз айт та, мақалада келтірілген сұрақтарды қолдана отырып, конгресс бағдарламасын тыңдаушылармен талқыла. Уақытты барлық сұрақты қамтитындай етіп бөл және бірнеше сұраққа бір жауап болуы мүмкін екенін де ескер. Келтірілген Жазба орындарының бәрін оқымаса да болады; олар жауаптарды табу жеңіл болу үшін келтірілген. Түсініктемелерде білгендерімізді өмірде қолданғанның пайдасына баса назар аударылу керек.
112-ән және соңғы дұға.
27 қазаннан басталатын апта
64-ән
12 мин: Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөнінде есеп беру. Қазан айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың есіне сал. Барлығын да келесі аптадағы Қызмет кездесуіне дайындалу үшін, өткен қызмет жылындағы арнайы бір күндік конгресте жасаған қысқаша жазбаларын қарап шығуға шақыр. 8-беттегі кеңесті қолданып, “Күзет мұнарасының” 1 қазандағы нөмірін қалай ұсынуға болатынын көрсет. “Бұл мені қызықтырмайды” деп әңгімені бөлген кезде, не айтуға болатынын көрсет (“Киелі кітап тақырыбына әңгіме бастап, оны жалғастырудың жолдары” брошюрасын қара, 8-бет, ор.).
20 мин: Рухани семсерді қолданыңдар (Ефес. 6:17). “Қызмет мектебі” (143, 144-бет, ор.) оқулығына негізделген тыңдаушылармен талқылау. Мына сұрақтарға жауап беруге шақыр: 1) Сұрақтарға жауап бергенде, неліктен Киелі кітапты қолданамыз? 2) Ехоба Куәгерлері деген атау біз туралы не айтады? 3) Иса қандай үлгі қалдырды және біз оған қалай еліктей аламыз? 4) Біздің аумақта Киелі кітаптағы ойлармен таныстырудың қандай тиімді жолдарын қолдана аламыз? 5) Неліктен, мүмкін болған жағдайда, тікелей Киелі кітаптан оқып берген дұрыс? 6) Ақсақалдар өзгелерді Киелі кітапты жақсы қолдануға қалай шақыра алады? 144-беттегі жаттығуға негіздеп, жақсы дайындалған көрсету әзірле. Онда қабілетті жариялаушы сұраққа жауап бергенде, кем дегенде бір Жазба орнын қолдансын. Барлығын куәлік еткенде әрдайым Киелі кітапты қолдануды мақсат етуге жігерлендір.
13 мин: Қызметте болған оқиғалар. Тыңдаушыларды облыстық конгреске барғанда немесе мектепте, жұмыс орнында, я болмаса өзге кез келген жерде бейресми куәлік еткенде болған қызықты оқиғаларды айтып беруге шақыр.
52-ән және соңғы дұға.
3 қарашадан басталатын апта
147-ән
5 мин: Жергілікті хабарландырулар.
15 мин: Жергілікті қажеттіліктер.
25 мин: Игі істерге бай болыңдар (1 Тім. 6:18). Осында келтірілген сұрақтарды қолдана отырып, ақсақал өткен қызмет жылында болған арнайы бір күндік конгрестің бағдарламасын тыңдаушылармен талқылайды. Қауымды үйренгендерін қалай қолдана алғандығы туралы айтып беруге шақыр (алдын ала тапсырып қоюға болады.) Бағдарламаның келесі бөліктеріне көңіл аудар: 1)“Игі істер мол табысқа жеткізеді” (Еккл. 2:11). Неліктен Құдайдың қызметшілері осы дүниенің бос әурешілік істері үшін емес, Құдай Сөзінде айтылған игі істері үшін қудаланады? 2) “Құдайдың көз алдында бай болыңдар” (Мат. 6:20). Кейбіреулер қалай ‘байлықты көкте жинады’ және мұның қандай пайдасы болды? 3) “Қызметтеріңді Киелі кітапты зерттеу сабағымен байытыңдар” (om 91-бет, ор.). Киелі кітапты зерттеу сабағын бастап, оны жалғастыруға бізге не көмектеседі? 4) “Осы егін орағы кезіндегі игі істер” (Мат. 13:37—39). Ертедегі мәсіхшілер игі істер жасаудың қандай үлгісін көрсетті және бүгінде Патшалықтың ісі қалай ұлғаюда? 5) “Игі істерің Ехобаны дәріптесін” (Мат. 5:14—16). Кейбіреулер қалай өздеріндегі ‘нұрдың’ сәулесін төгуде? 6) “Ехобаны игі істерімен дәріптеп жүрген жастар мақтауға лайық” (Заб. 148:12, 13). Біздің ауданда мәсіхші жастар Ехобаны қалай дәріптеп жүр? 7) “Әрі қарай да игі істер істеп, Ехобаның баталарына ие болыңдар” (Нақ. с. 10:22). Игі істермен айналыса берсек, жеке басымыз, отбасы, қауым және дүниежүзілік ұйым ретінде қандай баталарға ие боламыз?
180-ән және соңғы дұға.
[Сілтеме]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.