Бізді облыстық және халықаралық конгрестер Құдайды даңқтауға талпындырады!
“Құдайды даңқтаңдар” деп аталатын облыстық және халықаралық конгрестер әлі күнге дейін керемет куәлік беруде. Бұл маңызды теократиялық шаралар Ехобаның есімін даңқтап, ‘Тәңірдің есімін мадақтау’ қабілетімізді арттыруға көмектесті (Заб. 95:8). Шынында да, ол — өзінің керемет қасиеттерін көрсететін ғажайып істері үшін даңқтауға лайық (Әйүп 37:14; Аян 4:11).
Келесі сұрақтарды және конгресте жасаған қысқаша жазбаларыңды қолдана отырып, 20 қазаннан басталатын аптада болатын өткен конгресс бағдарламасын қайталауға дайындалып, атсалысыңдар.
1. Құдайдың салтанатты ұлылығын жансыз жаратылыстары қалай жария етеді және мұның адамзат мадақтауынан қандай айырмашылығы бар? (Заб. 18:1—3; “Жаратылыс Құдайдың салтанатты ұлылығын жариялайды”)
2. Исаның өзгеріске түсіп, елшілеріне көрінгендігі бүгінде нені бейнелейді, сондай-ақ бұл мәсіхшілерді әрекет етуге қалай талпындыру керек? (“Салтанатты ұлылыққа толы пайғамбарлық көріністер әрекет етуге талпындырады!” негізгі баяндама)
3. Даниял пайғамбар сияқты кішіпейілділікті қалай дамыта аламыз және мұның бізге қандай пайдасы бар? (Дан. 9:2, 5; 10:11, 12; “Ехобаның салтанатты ұлылығы кішіпейілдерге ашылады”)
4. а) Амостың пайғамбарлығынан Құдайдың жазалауына қатысты қандай үш нәрсеге үйренеміз? (Амос 1:3, 11, 13; 9:2—4, 8, 14). ә) Бүгінде Ехоба Куәгерлері Амос 2:12-дегі ескерту ретінде жазылған мысалдан қандай сабақ алады? (“Амостың пайғамбарлығы. Оның біздің күніміздегі мәні” деп аталатын бірқатар баяндамадан)
5. а) Адам маскүнемдікке салынбаса да, ішімдікті шамадан тыс ішудің қандай қаупі бар? ә) Мұндай проблеманы қалай шешуге болады? (Мар. 9:43; Ефес. 5:18; “Ішімдікті теріс қолданудың тұзағына түсіп қалудан сақ бол”)
6. “Жақсы жерге қараңдар” әдебиетінің қандай пайдасын көрудесіңдер? (“Жақсы жер” — болашақ Жұмақтың нышаны”)
7. Қандай үш жолмен Ехобаның салтанатты ұлылығын айнадан көрсеткендей боламыз? (2 Қор. 3:18; “Ехобаның салтанатты ұлылығын айнадан көрсеткендей боламыз”)
8. Себепсіз жек көрінішті болудың көзі не және осындай жек көрушіліктің орын алып отырғанына қарамастан, адал болып қалуымызға не көмектеседі? (Заб. 108:1—3; “Себепсіз жек көрінішті болатындар”)
9. Ұлы болуға қатысты Мәсіхтікі сияқты көзқарас таныту деген не? Адам осындай көзқарасты толығырақ таныту керек екенін қалай анықтай алады? (Мат. 20:20—26; “Ұлы болуға қатысты Мәсіхтікі сияқты көзқарас дамытыңдар”)
10. Шаршағанымызға қарамастан, рухани сергек болып қалуымызға не көмектеседі? (“Шаршаса да, әлсіремегендер”)
11. Шайтанның алдау үшін қолданатын құралдарының кейбіреуі қандай? Қандай Жазба орны сеніміміздің шайқалуынан қорғайды? (Жох. 10:5; “‘Бөтен дауыстан’ сақтаныңдар”)
12. а) Ата-аналар Марқа 10:14, 16 келтірілген Исаның үлгісіне қалай еліктей алады? ә) “Ұлы Ұстаздан үйреніңдер” атты жаңа кітаптан сендерге не ұнады? (“Балалар — асыл мұрамыз”)
13. Жастар Ехобаны қалай мадақтап жүр? (1 Тім. 4:12; “Жастар Ехобаны мадақтап жүр”)
14. “Қарсылықтарға қарамастан, батыл куәлік ету” драмасының қандай көріністері естеріңде қалды?
15. Мына үлгілерге: а) Петір мен Жоханға (Ел. іс. 4:10); ә) Степанға (Ел. іс. 7:2, 52, 53); б) бірінші ғасырдағы мәсіхшілер қауымына қалай еліктей аламыз? (Ел. іс. 9:31; драма және “Ізгі хабарды ‘тоқтатпастан’ жариялаңдар” баяндамасы)
16. а) Ехобаны қандай жолдармен даңқтауға белімізді бекем будық? ә) “Құдайды даңқтаңдар!” конгресінен үйренгендерімізді қолданар болсақ, не нәрсеге сенімді бола аламыз? (Жох. 15:9, 10, 16; “Ехобаның ұлылығын арттырып, “мол жеміс беріңдер”)
Конгресте берілген рухани нұсқаулардың үстінен ой жүгірте отырып, үйренген нәрселерімізді қолдануға талпынамыз (Філіп. 4:8, 9). Бұл “бәрін Құдайды дәріптеу үшін” істеуге деген шешімімізді нығайтады (1 Қор. 10:31).