“Құдайға ғибадат етіңдер” кітабын талқылау
“Жалғыз шынайы Құдайға ғибадат етіңдер” кітабы Киелі кітапты зерттеп жүргендермен “Білім” кітабын аяқтаған соң өтуге арналған. Бұл кітапты қауымның кітап оқу тобында талқылағанымыз оны қызметімізде қолдануға, Ехоба мен оның ұйымына деген ризашылығымыз бен сүйіспеншілігімізді тереңдете түсуге көмектеседі. “Құдайға ғибадат етіңдер” кітабын талқылаудың қалайша толық игілігін көре аламыз?
Талқылауды жүргізу. Әр аптада кітаптың толық бір тарауын қарастыратын болғандықтан, кітап оқу тобының бақылаушыларына уақытты ақылмен жұмсаулары қажет болады. Олар кіріспе абзацтарды талқылауды ұзаққа созбай, тараулардың кейінгі абзацтарында келетін маңыздырақ ойларға көбірек уақыт бөлулері қажет. Әр талқылаудың соңында қайталауға арналған қоршауды қысқаша қарастыру қатысушылар үшін негізгі ойларды естерінде сақтауға жақсы көмек болады.
Жол жиегінен алшақтау орналасқан ой жүгіртуге және талқылауға арналған сұрақтар “Құдайға ғибадат етіңдер” кітабындағы барлық тараудың жартысына жуығында кездеседі. Мысал ретінде 48, 49-беттерді қарауға болады. Бұл сұрақтарды абзацпен бірге оқып жатудың қажеті жоқ. Мұны топпен бірге қарастырған кезде, бақылаушы келтірілген жазба орындарын үлгергенінше оқып, талқылау керек.
Алдын ала дайындалу. Дайындық — бұл тек жауаптардың астын сызып қою ғана емес. Дұға айта отырып, келтірілген тармақтардың үстінен ой жүгірту тек түсініктеме беруге емес, ең бастысы, жүрегімізді дайындауға көмектеседі (Езра 7:10). Бәріміз де түсініктемелерімізді кішіпейілділікпен бере отырып, бір-бірімізді жігерлендіруге үлес қоса аламыз (Рим. 1:11, 12).
“Құдайға ғибадат етіңдер” кітабын талқылағанымыз Ехобаға жақындай түсуімізге көмектесіп, әрі ақ жүректі адамдардың өзімізбен бірге Оған ғибадат етулеріне көмектесуге дайындайды (Заб. 94:6; Жақ. 4:8). Барлығымыз да осы қарастырылып отырған рухани шараның толық игілігін көрейік.
[3-беттегі қоршау]
Жалғыз шынайы Құдайға ғибадат етіңдер
2003 жылға арналған талқылау кестесі
Қазан 20: 1-тарау
27: 2-тарау
Қараша 3: 3-тарау
10: 4-тарау
17: 5-тарау
24: 6-тарау
Желтоқ. 1: 7-тарау
8: 8-тарау
15: 9-тарау
22: 10-тарау
29: 11-тарау
2004 жылға арналған талқылау кестесі
Қаңтар 5: 12-тарау
12: 13-тарау
19: 14-тарау
26: 15-тарау
Ақпан 2: 16-тарау
9: 17-тарау
16: 18-тарау
23: 19-тарау
Наурыз 1: 20-тарау
8: 21-тарау