Хабарландырулар
◼ Қыркүйек айында ұсынылатын әдебиет — “Білім” кітабы. Қазан айында “Күзет мұнарасы” журналын ұсыну. Қызығушылық білдіргендерге “Құдай талап етеді” брошюрасын ұсынып, Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға барынша күш салыңдар. Қарашада “Білім” кітабы немесе “Құдай талап етеді” брошюрасын ұсыну. Үй иелерінде бұл әдебиеттер болса, “Құдайға ғибадат етіңдер” кітабын немесе кез келген бұрынғы әдебиеттерді ұсыныңдар. Желтоқсанда “Менің Киелі кітап әңгімелерім” кітабы.
◼ 2003 жылдың 20 қазанынан басталатын аптадан бастап қауымның кітап оқу тобында “Жалғыз шынайы Құдайға ғибадат етіңдер” кітабын талқылаймыз.
◼ Қайтадан қауым мүшесі болғысы келетін, бұрын қауымнан шығарылған немесе шындықтан бас тартқан адамдарға қатысты “Күзет мұнарасының” 1991 жылғы 15 сәуірдегі нөмірінің 21—23 дейінгі беттерінде (ор.) берілген басшылықты ұстануды ақсақалдардың естеріне саламыз.
◼ Филиал әдебиетке байланысты жариялаушылардың жеке тапсырыстарын орындамайды. Сол себепті төрағалық етуші бақылаушы қауымның ай сайынғы әдебиетке беретін тапсырысын филиалға жібермес бұрын, қауымдағылар әдебиетке жауапты бауырласымызға жеке тапсырыстарын бере алулары үшін, ай сайын хабарландыру жасалуын қамдану керек. Қандай әдебиетке арнайы тапсырыс беру керектігін ұмытпауларыңды сұраймыз.
◼ 2004 жылғы Еске алу кешіне байланысты арнайы баяндама 18 сәуір күні айтылады. Баяндаманың тақырыбы кейінірек хабарланады. Сол аптада аудандық бақылаушы келетін немесе конгреске баратын қауымдарда баяндама келесі аптада айтылады. Ешбір қауымда арнайы баяндама 2004 жылдың 18 сәуірінен бұрын айтылмауы тиіс.
◼ Санкт-Петербордағы Конгресс Сарайын аралап көрудің уақытына қатысты ескертулер:
Дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 9:00—11:00; түстен кейін 13:00 —17:00; Жексенбі 13:00 —17:00
Облыстық конгресс өтетін күндері тек қана сағат 17:00 —19:00 аралығында аралап көруге болады.
Конгресс Сарайын аудандық және арнайы конгрестер өтетін күні аралап көру ұйымдастырылмайды.
Аралап көру жөнінде мына сымтетік арқылы (812) 303-01-25 алдын ала келісіп алуларыңызды өтінеміз. 2001 жылғы “Біздің Патшалық қызметіміздің” қаңтар айындағы нөмірінде хабарланған телефон нөмірлері өзгерген.
Ехоба Куәгерлерінің Конгресс Сарайының мекен-жайы: Санкт-Петербор қаласы, Коломяжский даңғылы 21 (“Пионерская” метро станциясы).