Қызмет кездесулерінің кестесі
11 тамыздан басталатын апта
101-ән
10 мин: Жергілікті хабарландырулар. “Біздің Патшалық қызметімізден” іріктеп алынған хабарландырулар.
15 мин: “Ехобаның ізгілігіне еліктеңдер”.a Тыңдаушыларды жасаған ізгі істері өзгелерге куәлік етулеріне қалай жол ашқаны туралы қысқаша әңгімелеп беруге шақыр. Бір сенімдегілерге көмектесуге тырысып жүргендері үшін қауымға мақтау айт.
20 мин: “Ізашарлық қызметтің баталары”.b Келтірілген сұрақтарды қолдан. Бір не екі ізашар қызметтерінен алып жүрген баталары туралы айтып берсін. Ізашар ретінде қызмет етуді қалайтындар хатшыдан өтініш бланкін алуларына болатынын естеріне сал.
11-ән және соңғы дұға.
18 тамыздан басталатын апта
82-ән
12 мин: Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөнінде есеп беру. “Арнайы бір күндік конгрестің жаңа бағдарламасын” талқыла. Арнайы конгрестің болатын күнін хабарлап, барлығын да оған түгел қатысуға шақыр. Егер қауым қатысатын конгресс мерзіміне бірнеше ай қалған болса, шомылдыру рәсімінен өтуді қалайтындар осы ниеттерін төрағалық етуші бақылаушыға айту керектігін ескерт.
15 мин: “Жан сергітерлік іс”.c Алдын ала екі не үш жариялаушыдан мәсіхшілердің қызметі олар үшін қалай жан сергітерлік болып табылатынын айтып беруін өтін.
18 мин: “Ғибадат ету орнымызды жақсы күйде ұсталық”d (1—5 абзацтар). Келтірілген сұрақтарды қолдан. 3, 4-абзацтарды талқылағанда, Патшалық Сарайын тазалауға қатысты жасалған жергілікті шараларға шолу жаса. Көңіл аудару қажет жайттарды атап өт. Ғибадат ету орнын жақсы күйде ұстауға күш салып жүргендері үшін қауымға мақтау айт.
114-ән және соңғы дұға.
25 тамыздан басталатын апта
175-ән
10 мин: Жергілікті хабарландырулар. 8-беттегі кеңестерді қолданып, “Күзет мұнарасының” 1 қыркүйектегі нөмірін қалай ұсынуға болатынын көрсет.
15 мин: Жергілікті қажеттіліктер.
20 мин: Уағыздауға батылың барсын (1 Сал. 2:2). Баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Неге көптеген адамдарды өзгелерге Патшалық туралы хабарды уағыздағанда, қорқыныш билейтінін түсіндір. Мұндай жағдай тіпті көп жылдан бері қызмет етіп келе жатқандардың басында да бар. 1999 жылғы “Күзет мұнарасының” 1 желтоқсанында (25-бет, ор.), 1999 жылғы “Күзет мұнарасының” 15 желтоқсанында (25-бет, ор.) және 1996 жылғы “Күзет мұнарасының” 1 сәуірінде (31-бет, ор.) келтірілген бірнеше оқиғаларды айтып бер. Тыңдаушыларды қорқыныш билеген сәттерде ізгі хабарды айтуға қалай батылдық танытқандары туралы айтып беруге шақыр. 2000 жылғы “Күзет мұнарасының” 1 қаңтарындағы нөміріне негізделген (15, 16-беттер), күшті Ехобадан алуға болатынын көрсететін жігерлендірерлік сөздермен аяқта.
125-ән және соңғы дұға.
1 қыркүйектен басталатын апта
84-ән
10 мин: Жергілікті хабарландырулар. Тамыз айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың есіне сал. Қыркүйек айында ұсынылатын әдебиетті атап өт. Алдын ала бір не екі бауырласымыздан облыстық конгрестен қайтқанда не бара жатқан жолда, демалыс кезінде, я болмаса жазғы айларда бейресми куәлік еткенде болған жігерлендірерлік оқиғаларды айтып беруін өтін.
15 мин: Қайта оралып келу жайлы уәдеңде тұрасың ба? Баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Бұл баяндама 1999 жылғы “Күзет мұнарасының” 15 қыркүйектегі санындағы (10, 11-бет, ор.) “Уәделерімізді орындаудың өзге де жолдары” деген тақырыпшасына негізделген. Қызметімізде қызығушылық білдірген адамдарды кездестіргенде, біз олармен басқа жолы да сөйлесудің қамын жасаймыз. Айтқанымызда тұрып, қайта оралып келеміз бе? Уәдемізде тұруға талпындыратын Киелі кітаптың принциптеріне шолу жаса. Тыңдаушыларды дер кезінде қайтып оралып келгенде, қандай баталарға ие болғаны туралы оқиғаларды айтып беруге шақыр.
20 мин: “Ғибадат ету орнымызды жақсы күйде ұсталық”e (6—12-абзацтар). Келтірілген сұрақтарды қолдан. 5-беттегі қоршауда көрсетілгендей, Патшалық Сарайын дұрыс күтіп ұстаудың маңыздылығына баса көңіл бөл. Патшалық Сарайларыңның күйі туралы қысқаша айтып, жөндеу не жақсартуға қатысты қандай да бір жоспарланған шараларды естеріне сал.
41-ән және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
c Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
d Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
e Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.