Құбылмалы дүниеде уағыздау
1 Дүниедегі жағдайлар қалай тез өзгеруі мүмкін десеңші! Аяқ астынан болған табиғи апаттар, экономикалық дағдарыс пен саяси төңкерістер немесе қайғылы оқиғалар әңгіме бастауға негіз бола алады. Алайда адамдардың көңілдері де жылдам басқа жаққа ауып кетуі мүмкін (Ел. іс. 17:21; 1 Қор. 7:31). Осындай құбылмалы дүниеде қалайша адамдардың көңілін Патшалық туралы хабарға бұра аламыз?
2 Өзгелерді не мазалайтынын байқа. Адамдардың көңілін бұрудың бір жолы — болып жатқан оқиғаларға назар аудару. Иса тыңдаушыларын Құдайдың көз алдында қандай күйде екендіктерін терең ойлануға шақырғанда, олардың ойында жүрген, жуық арада болған бір қайғылы оқиғаны әңгімеге арқау еткен (Лұқ. 13:1—5). Осындай жолмен біз де ізгі хабарды айтқанда, оны соңғы болып жатқан жаңалықтармен немесе учаскеміздегілерді қызықтыратын жергілікті мәселелермен байланыстырғанымыз жөн. Алайда мұндай тақырыптарға әңгімелескенде, саяси немесе әлеуметтік мәселелерде бейтараптық сақтауды ұмытпауымыз керек (Жох. 17:16).
3 Адамдарды дәл қазір не ойландыратынын қалай білуімізге болады? Бәлкім, ең жақсы жолы жай ғана сұрақ қойып, кейін мұқият тыңдау болар (Мат. 12:34). Адамдарға деген қызығушылық олардың көзқарасын байқауға және ілтипатпен сұрай отырып, олар туралы көбірек білуге талпындырады. Үй иесінің сөз арасында айтып қалған кейбір ойларынан, бәлкім, сол төңіректегі өзгелерді де не мазаландыратынын біліп, оларға куәлік етуге жол табармыз.
4 Ұсыныстар дайындау. Құбылмалы дүниеде уағыздау ісіне дайындалуда “Киелі кітап тақырыбына әңгіме бастап, оны жалғастырудың жолдары” (ор.) брошюрасын пайдалансақ болады. Болып жатқан оқиғаларды ұсыныс жасағанда қолдана алу үшін пайдалы кеңестер осы брошюраның 5, 6-беттерінде “Қылмыскерлік/Қауіпсіздік” және “Болып жатқан оқиғалар” деген бөлімде келтірілген. Осындай мәліметтерді 2000 жылдың “Біздің патшалық қызметіміздің” (ор. 4-бет) қыркүйек айындағы санынан да табуға болады. Ұсыныстар дайындағанда, Киелі кітаптан сәйкес келетін тармақтарды да қос.
5 Учаскемізде тұратындарды не мазалайтынын білгенде, ұсыныстарымызды соларға бейімдеуіміз қажет. Осылайша, адамдармен олардың жүректеріне жақын нәрсе туралы сөйлесеміз. Осының арқасында көптеген адамдарға қасиеттері де, нормалары да өзгермейтін Құдай туралы көбірек білулеріне көмектесеміз (Жақ. 1:17).