Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 6.13. 1-б.
  • Бейімделуге дайынсың ба?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Бейімделуге дайынсың ба?
  • Біздің қасиетті қызметіміз. 2013
  • Ұқсас мәлімет
  • Бәрін ізгі хабардың таралуы үшін істейік
    Біздің патшалық қызметіміз. 2009
  • Уағыздау кестеңді бейімдей аласың ба?
    Біздің патшалық қызметіміз. 2006
  • Дайындалып келу арқылы шынайы қызығушылық таныт
    Біздің патшалық қызметіміз. 2006
  • Бейімделу арқылы шынайы қызығушылық таныт
    Біздің патшалық қызметіміз. 2005
Көбірек мәлімет
Біздің қасиетті қызметіміз. 2013
km 6.13. 1-б.

Бейімделуге дайынсың ба?

1. Дүниедегі өзгерістер бізден нені талап етеді?

1 Қорынттықтарға 1-хат 7:31-де осы дүние әртістері мен қойылымдары үнемі өзгеріп отыратын сахналық көрініске теңелген. Сондықтан дүниедегі өзгерістер бізден уағыздау тәсілдерімізді, қызметке қатысты жоспарымызды және қолданатын ұсыныстарымызды өзгертіп отыруды талап етеді. Ал сен бейімделуге дайынсың ба?

2. Ұйыммен қатар жүру үшін неліктен бейімделгіш болуымыз қажет?

2 Уағыздау тәсілдеріміз. Құдайдың қызметшілері бейімделуге әрдайым дайын. Мысалы, алғашында Иса шәкірттерін уағыздауға жібергенде, оларға жолға ақша салатын бел қалталар мен тамақ салатын дорбалар алмаңдар деп нұсқау берген еді (Мат. 10:9, 10). Алайда кейіннен Иса бұл нұсқауларын өзгертті, себебі шәкірттерді алда қуғын-сүргін күтіп тұрған болатын әрі уағыз ісі кең таралу керек еді (Лұқа 22:36). Өткен ғасырда Ехобаның ұйымы түрлі уағыздау тәсілдерін, атап айтқанда, куәлік беруге арналған парақшаларды, радионы, дауысзорайтқыш орнатылған көліктерді қолданған. Бұл тәсілдер сол уақыттары тиімді болатын. Ал бүгінде көп аймақтарда адамдарды үйлерінен табу қиын болғандықтан, үйме-үй уағыздаумен қатар, көпшілік орындарында әрі бейресми куәлік етуге көп көңіл бөлінуде. Сондай-ақ адамдар күні бойы жұмыста болғандықтан, біз учаскемізге кешқұрым баруға шақырыламыз. Ехобаның көктегі күймесі өз бағытын өзгертіп отырғанда, сен онымен қатар жүресің бе? (Езек. 1:20, 21).

3. Бейімделгіш болғанымыз аймағымыздағы адамдарға тиімді куәлік етуге қалай көмектеседі?

3 Қолданатын ұсыныстарымыз. Қазіргі уақытта аумағыңдағы адамдарды не мазалайды? Қаражат мәселесі ме? Отбасы ма? Әлде қылмыстың көбейіп кеткені ме? Аймағымызда болып жатқан қиыншылықтар мен көпшілікке танымал жағдайлар жайлы біліп жүргеніміз адамдарға қызықты болатын ұсыныстар дайындауға көмектеседі (Қор. 1-х. 9:20—23). Ал үй иесі өз ойын айтқанда әдеттегідей жауап берудің не дайындап келген ұсынысымызды айта салудың орнына, оны мазалап отырған мәселе жайлы сөйлесіп, бейімделгеніміз әлдеқайда тиімді болмас па еді?!

4. Неліктен бейімделуге дайын болуымыз керек?

4 Өте жақын арада осы дүниенің соңғы “көрінісі” өз мәресіне жетіп, зор алапат басталады. “Уақыт аз қалды” (Қор. 1-х. 7:29). Олай болса, осы аз қалған уақыттың ішінде көп нәрсені атқара алуымыз үшін, өзгерістерге бейімделіп отырғанымыз әрі мұны кідірместен істегеніміз қаншалықты маңызды десеңші!

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу