Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар Теократиялық қызмет мектебінің 2003 жылдың 30 маусымнан басталатын аптасында ауызша қарастырылады. Мектеп бақылаушысы 2003 жылдың 5 мамырынан басталатын аптасы мен 30 маусымнан басталатын аптасы аралығында Теократиялық қызмет мектебінде қарастырылған мәліметтерге 30 минуттық шолу жасайды. [Ескеретін жай: егер сұрақтың соңында мәлімет көзі келтірілмесе, жауаптарды табу үшін өз бетінше зерттеу жүргізу керек (“Қызмет мектебі” оқулығын қара, 36, 37-беттер ор.)]
№1-ТАПСЫРМА
1. Қай мағынада Жохан 13:34-те жазылған өсиет “жаңа” болды? [4, апта сайынғы Киелі кітапты оқу; w96 15.3. 9-бет, ор.]
2. “Пайғамбарлық жыл” дегеніміз не? [4, si 2-сабақ, 22-абз.]
3. Неліктен аса күрделі емес болып көрінетін мәселелерде де Ехобаға сенім артуды үйренуіміз қажет? [6, w01 1.6. 10-бет, ор.]
4. Иса елші Петірден: “Сен Мені мыналарға қарағанда көбірек сүйесің бе?”— деп сұрағанда, “мыналар” деп отырғаны нені немесе кімді білдіреді? (Жохан 21:15) [5, апта сайынғы Киелі кітапты оқу, w89 1.9. 23-бет, ор.]
5 Елшілердің істері 8:18—24 дейінгі тармақтарда жазылған оқиғадан мәсіхшілер өздеріне қандай сабақ алады? [8, апта сайынғы Киелі кітапты оқу, w98 15.11. 28-бет, ор.]
6. Елшілердің істері 11:26-да “Құдайдың нұсқауымен” деген ой Киелі кітаптың өзге аудармаларында айтылмаса да, неліктен “Жаңа дүние аудармасында” “Құдайдың нұсқауымен алғаш рет “мәсіхшілер” деп аталды” деген тіркес алынған? [9, апта сайынғы Киелі кітапты оқу, w90 1.6. 19-бет, 19-абз., ор.]
7. Балалық шағы қиын болғанына қарамастан, Жосияның дұрыс жол таңдай білуіне не көмектесті? (2 Шеж. 34:1, 2) [2, w01 15.4. 27-бет, 1—6-абз.; 28-бет, 4-абз., ор.]
8. Нақыл сөздер 9:7, 8а тармақтардағы сөздер нені білдіреді және оны уағыздау қызметінде қалай қолдануға болады? [3, w01 15.5. 29-бет, 4, 5-абз., ор.]
9. Ехоба исраилдіктерге: “Ұмытып кетпес үшін” дегенде, нені ойға тұтты және біздің де қалай ‘ұмытпауымызға’ болады? (Заң. қ. 4:9; 8:11) [5, be 20-бет, 1—3 абз., ор.]
10. Дәуіттің Забур 31:1, 5 пен Забур 50:12, 17-де келтірілген шын жүректен шыққан сөздері ауыр күнә жасаған адам өзін ештеңеге жарамсызбын деп сезінудің орнына, шын жүректен өкініш білдіру қажет екенін қалай көрсетеді? [7, w01 1.6. 30-бет, 1—3-абз., ор.]
11. Пауылдың 1 Тімотеге 5:3—16 тармақтарда мұқтаждарға қатысты жазылған тәлімдерінен неге үйренуге болады? (8, w01 15.6. 11-бет, 1-абз., ор.)
АПТА САЙЫНҒЫ КИЕЛІ КІТАПТЫ ОҚУ
12. Исаның Жохан 3:3-те жазылған “қайтадан туылмаса” деген сөздері неге қатысты? [1, w95 1.7. 9, 10-бет, 4, 5-абз., ор.]
13. Иса Мәсіх үйренгендерін қалай қолданды және бұдан қандай сабақ алуымызға болады? (Жохан 7:15—18) [2, w96 1.2. 9, 10-бет, 4—7 абз., ор.]
14. Неліктен Жохан 7:53—8:11 тармақтар “Жаңа дүние аудармасының” негізгі мәтініне енгізілмеген?
15. Иса “көкке қалай кетсе, тура солай қайтып келеді” деген нені білдіреді? (Ел. іс. 1:11) [6, w90 1.6. 11-бет, 5-абз., ор.]
16. Елшілердің істері 5:13 (сілтемені қара) тармақта жазылғандай, неліктен “ешкімнің де оларға [шәкірттерге] екіжүзділікпен қосылуға батылы бармады”?