Хабарландырулар
◼ Маусым айында ұсынылатын әдебиеттер: “Білім” кітабы немесе “Талап етеді” брошюрасы. Үй иелерінде бұл әдебиеттер бар болса, қауымда бар өзге лайықты брошюраларды ұсыныңдар. Шілде және тамыз: Төмендегі 32-беттік брошюралардың кез келгенін ұсынуға болады: “Құдай шынымен біздің қамымызды ойлайды ма?”, “Жерде мәңгі шаттық өмір кеш!”, “Жұмақ орнататын үкімет”, “Өлген соң адаммен не болады?”. Қыркүйек: “Тіршілік қалай пайда болды? Эволюция жолымен бе, әлде жаратылды ма?” кітабы.
◼ “Құдайды даңқтаңдар” облыстық конгресі жұма күні таңертеңгі сағат 9:30-да және халықаралық конгрестің бағдарламасы бейсенбі күні сағат 1:20-да басталатынына назар аударыңдар.
◼ Қауымның қызмет комитеті қосалқы ізашарлыққа жазған жариялаушының өтінішін қабыл алып, бірақ та ол кейіннен сағат мөлшерін орындай алмаса да, оны осы айда қосалқы ізашар деп есептеп және мұны қауымның қызмет жөнінде есеп беруінде ескеру керек.
◼ Қызметті жетілдіру мектебінің 17-сыныбы 2003 жылдың 16 наурызында мектепті бітірді. Мектеп түлектеріне Ехобаға қызметтерінде мол баталар тілейміз.
◼ Қауымдарың тағайындалған конгрестен өзге конгреске баруды жоспарлап, сол конгресс жөнінде мәліметтер алғың келсе, қауым хатшысына жолық. Ол саған “Ерекше мұқтаждарды жайғастыруға арналған тапсырыс” бланкісінің артқы бетіндегі конгресс бюросының мекен-жайын береді.