Хабарландырулар
◼ Мамыр айында ұсынылатын әдебиеттер: “Күзет мұнарасы” журналы. Еске алу кешіне немесе мәсіхшілердің кейбір кездесулеріне барып жүрген, бірақ қауыммен тығыз байланысы жоқ кісілерге қайта барғанда, Киелі кітапты зерттеуді бастауға барынша күш салыңдар. Әсіресе “Білім” кітабы мен “Құдай талап етеді” брошюрасын бұрын оқыған адамдармен зерттеуді бастауға тырысыңдар. Маусым: “Білім” кітабы мен “Құдай талап етеді” брошюрасы ұсынылады. Үй иесінде аталмыш басылымдар бар болса, қауымда бар брошюралардың бірін ұсыныңдар. Шілде және Тамыз: Келесі 32-беттік брошюраларды ұсынуға болады: “Құдай шынымен біздің қамымызды ойлайды ма?” “Жерде мәңгі шаттық өмір кеш!” “Жұмақ орнататын үкімет”, “Өлген соң адаммен не болады?” “Жалпыға арналған кітап”.
◼ Төрағалық етуші бақылаушы немесе ол тағайындаған өзге бауырлас 1 Шілдеде немесе мүмкіндігінше осы уақыттан көп ұзамай қауымның қаржы есебін тексеру керек. Қаржы жөніндегі кезекті есеп берілгеннен кейін, тексерудің нәтижесін хабарлаңдар.
◼ “Біздің Патшалық қызметіміздің” осы нөмірінде “Киелі Жазбалардың бәрі Құдай рухының жетелеуімен жазылған әрі пайдалы” кітабынан алынған мәлімет жазылған. 2003 жылға бекітілген Теократиялық қызмет мектебінің бағдарламасындағы кейбір тапсырмалар осы мәліметке негізделетін болады. Сол себепті бұл қосымшаны сақтап қою қажет.