Ехобаны мадақтау үшін бас қосу
1. Облыстық конгрестің тақырыбы қандай және неліктен Ехоба ғибадат етуге лайық?
1 Ехобаның құдіреті зор, даналығы шексіз, әділдігі кемелді және ол сүйіспеншілік. Жаратушы, Өмір беруші және Әлемнің Әміршісі ретінде жалғыз ол ғана ғибадат етуге лайық (Заб. 35:10; Аян 4:11; 15:3, 4). Биылғы жазда өтетін “Құдайды дәріптеңдер” деп аталатын облыстық конгресс, біздің оны жалғыз шынайы Құдай ретінде мадақтауға деген шешімімізді нығайта түседі (Заб. 85:8—10).
2, 3. Жақсы жоспар құрғанымыз конгрестің толық пайдасын көруге қалай көмектеседі?
2 Жақсы жоспар қажет: Ехоба дайындап отырған рухани тойдың толық пайдасын көру үшін жақсы жоспар құрғанның маңызы зор (Ефес. 5:15, 16). Тұратын жер мен барып-келетін көлік жағын ойластырып, жұмыстан не мектептен демалыс алуға келісіп қойдыңдар ма? Бұл маңызды нәрселерді соңғы уақытқа қалдырмаңдар. Егер демалыс алуды кешіктірсеңдер, осы қызықты оқиғаға толық қатыса алмай қалуларың мүмкін. Барлығымыз да конгрестің барлық күнінде болуымыз керек.
3 Әр күні конгрес өтетін жерге ерте келуді мақсат етіңдер. Сонда алғашқы ән айтылмас бұрын орындарыңа жайғасып, айтылатын басшылықты қабылдауға дайын боласыңдар. Есік күн сайын сағат 8-ден бастап ашылатын болады. Отбастарыңдағылар мен көлікте бірге келгендерден өзгелерге орын алмауларыңды өтінеміз.
4. Не себепті барлығымыздың тамақты өзімізбен ала келгеніміз дұрыс?
4 Түскі үзіліс кезінде сырттан барып сатып алғанның орнына, тамақты өздеріңмен алып келулеріңді сұраймыз. Осы кеңеске құлақ асқандарың бейбіт жағдайдың қалыптасуына септігін тигізеді және өзге бауырластармен әңгімелесуге көбірек уақыттарың болады (Заб. 132:1—3). Конгреске шыны ыдыстар мен спиртті ішімдіктерді алып келуге рұқсат етілмейтінін есте ұстауларыңды өтінеміз.
5. Конгреске жүрегімізді дайындауды қалай бастауымызға болады?
5 Тыңдаңдар, үйреніңдер: Езра дұға арқылы жүрегін Құдай Сөзін қабылдауға дайындады (Езра 7:10). Ол жүрегін Ехобаның тәлімдеріне бұрды (Нақ. с. 2:2). Біз де жүрегімізді тіпті жолға шықпас бұрын, отбасымен бірге конгрестің тақырыбының үстінен ой жүгіртіп, талқылау арқылы дайындай аламыз.
6. Ойымыздың өзге нәрсеге ауытқымауына не көмектеседі? (Қоршауды қараңдар).
6 Үлкен аудиторияда көңілімізді бөлетін нәрселер мен дыбыстар көп болуы мүмкін. Соның әсерінен ойымыз баяндамадан өзге жаққа ауып кетуі оңай. Олай болған жағдайда маңызды мәліметті жіберіп аламыз. Осы мақаланың соңындағы қоршаудағы кеңестер мұқият болуымызға көмектеседі.
7, 8. Қалай біз өзгелерге мұқият бола аламыз?
7 Өзгелерге мұқият болыңдар: Бағдарлама кезінде фотоаппарат пен бейнекамераларды қолдануға болады, алайда өзгелердің көңілін бөлмеу үшін, оларды орындарыңда отырып қолданыңдар. Ұялы телефон мен пейджерлерді өзгелерге кедергі жасамайтындай етіп қолдану қажет. Ешқандай жеке құралдарды конгресте қолданылып жатқан электр және дауыс шығару жүйелеріне қоспау керек.
8 Әрине бәріміз де бауырластарымызбен бас қосатын уақытты асыға күтудеміз. Конгрестің барлық бөлігінде болу, мұқият тыңдау және білгенімізді өмірімізде қолдану арқылы Ехобаны дәріптеуге белімізді бекем буалық (Заң. қ. 31:12).
[3-беттегі қоршау]
Конгрестердің бағдарламасын тыңдау
▪ Баяндамалардың атауларының үстінен ой жүгіртіңдер
▪ Жазба орындарын ашыңдар
▪ Қысқаша қағазға түртіп алып отырыңдар
▪ Өмірлеріңде қолданғыларың келген ойларды белгілеңдер
▪ Білгендеріңді қайталаңдар