Еске алу кешіне байланысты ескертулер
Бұл жылғы Еске алу кеші сәуір айының 16 жұлдызында, сәрсенбі күні өтеді. Ақсақалдар келесі мәселелерге көңіл аударулары керек:
◼ Кездесудің уақытын белгілегенде рәміздердің қолдан қолға күн батқан соң берілетіндігіне көз жеткізіңдер.
◼ Барлығына, баяндамашыға да, Кеш өтетін тура уақыт пен мекен-жайды хабарлау керек.
◼ Лайықты нан мен шарап тауып, дайындап қою керек. (“Күзет мұнарасының 1985 жылғы 15 ақпандағы (ор.) нөмірінің 17-бетін және 2003 жылғы 1 наурыздағы нөмірінің 10, 11-беттерін қараңдар).
◼ Кеш өтетін сарайға алдын ала лайықты үстел алып келіп, үстіне дастарқан жайып, тәрелкелер мен тостағандарды дайындап қою керек.
◼ Кездесу өтетін Патшалық Сарайын немесе өзге залды алдын ала жақсылап тазалап қою керек.
◼ Қызмет көрсетушілер мен рәміздерді алып жүретін бауырластарды тағайындап, оларға кездесудің қалай өтетінін, әрқайсысының міндетін және киімдері мен сырт көріністері мерекеге сай болу керек екенін алдын ала ескерту керек.
◼ Денсаулықтарына байланысты Еске алу кешіне келе алмайтын майланғандардың рәміздерден дәм татуы үшін қам жасау керек.
◼ Егер Кешті бір Патшалық Сарайында бірнеше қауым өткізетін болса, дәлізде, кіре берісте және жаяу жолда адамдардың топырлап тұрып қалмауын, ал автотұрақта көліктер жиналып қалмауын алдын ала ойластыру керек. Мүмкін болған жерде кездесулердің арасында 45 минут үзіліс болғаны жөн.