Қызмет кездесулерінің кестесі
13 қаңтардан басталатын апта
69-ән
10 мин: Жергілікті хабарландырулар. “Біздің Патшалық қызметімізден” іріктеп алынған хабарландырулар.
15 мин: Сөзсіз жеңіңдер. Баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Мәсіхшілердің жақсы жүріс-тұрыстары керемет куәлік болып табылады. Соның арқасында кейбір мәсіхшілердің сенбейтін зайыптары Ехобаға ғибадат ете бастады (1 Пет. 3:1, 2). “Күзет мұнарасының” 1999 жылғы 1 қаңтардағы нөмірінің 4-бетінде (ор.), 1995 жылғы 1 қазандағы нөмірінің 10, 11-беттерінде (ор.) және 1995 жылғы “Жылнаманың” 46-бетінде (ор.) суреттелген оқиғаларды айтып бер. Алдын ала екі немесе үш бауырласымыздың осы жағдайға байланысты Киелі кітаптың кеңесін қолданғанның жақсы нәтижесін көргендерін айтып беруін өтін.
20 мин: “Өзімізді Құдайға арнағанымызға сай өмір сүру”.a 3-абзацты талқылап болған соң, шомылдыру рәсімінен өткен жас немесе жасөспірім ер бауырласымызбен қысқаша сұхбаттас. Шомылдыру рәсімінен өткелі бері ол қандай сынақтар мен азғыруларға кезікті? Оларды жеңіп шығуына не көмектесті? Өмірін Ехобаға арнағанының қандай пайдасын көріп жүр?
22-ән және соңғы дұға.
20 қаңтардан басталатын апта
44-ән
8 мин: Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөнінде есеп беру.
15 мин: Жазбаларды күнделікті зерттеп жүрсің бе? Баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Барлығын 2003 жылға арналған “Жазбаларды күнделікті зерттеу” брошюрасын тиімді қолдануға жігерлендір. 3, 4-беттердегі кіріспенің негізгі ойларын талқыла. Отбасылары бірігіп күнделікті тармаққа берген мәтінді қалай талқылауға болатыны жөнінде кеңес бер. Брошюраны күнделікті қарастырғанның пайдасын көрсету үшін, келесі айға қарастырылған Жазба орындары мен соған берілген түсініктемелердің екі немесе үш мысалын талқыла. Ерлі-зайыптылар бүгінге берілген Жазба орны мен түсініктемелерін қысқаша қарастырып көрсетсін.
22 мин: “Өзгелерді таза тілге үйретіңдер”.b 6-абзацты талқылап болған соң, қабілетті жариялаушы қайта оралып барған кезде, “Біздің Патшалық қызметіміздің” (ор.) 2002 жылғы қаңтар айындағы қосымшасының 4-бетіндегі ұсыныстардың бірін қолданып, есік аузында Киелі кітапты зерттеу сабағын қалай бастауға болатынын көрсетсін. Ол “Талап етеді” брошюрасының бір абзацын талқыласын. Сөйтіп аяғында келесі абзацқа бір сұрақты ашық қалдырып, келесі жолы жауап беруге келіссін. Барлығын да өздеріне жолыққан адамдардың қайсысымен осылай Киелі кітапты зерттеуді бастауға болатыны жөнінде ойлануға жігерлендір.
68-ән және соңғы дұға.
27 қаңтардан басталатын апта
92-ән
10 мин: Жергілікті хабарландырулар. Қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың есіне сал. 8-беттегі кеңесті қолданып, “Күзет мұнарасының” 1 ақпандағы нөмірін қалай ұсынуға болатынын көрсет. Жариялаушы журналды алған адамға “Киелі кітап туралы көбірек білгіңіз келе ме?” деген трактатты ұсынсын. Журналмен қоса трактатты қалдырған адамға қайта оралып барғанда, не айтуға болатынын қысқаша түсіндір (“Біздің Патшалық қызметіміздің” 2001 жылғы қараша айындағы нөмірін қара, ор.).
15 мин: Жергілікті қажеттіліктер.
20 мин: “Отбасы бақытының сыры” кітабын талқылаймыз. Барлығын қауымның кітап оқу кездесуіне үнемі келуге жігерлендір.
124-ән және соңғы дұға.
3 ақпаннан басталатын апта
9-ән
15 мин: Жергілікті хабарландырулар. Сауалдар жәшігін қарастыр. Барлық жариялаушыларды өзге тілде сөйлейтін адамдарды жолықтырғанда, 1998 жылдың 15 қазанындағы барлық қауымдарға арналған хатта түсіндірілгендей, “Мына кісіге лайықты жариялаушының баруын өтінемін” бланкісін (S-70) қолдануға жігерлендір. Бұл бланкіні кездескен адам Патшалық туралы хабарға қызығушылық білдірмесе де қолдану керек.
12 мин: Олардың сеніміне еліктеңдер. Көптеген жылдар бойы Ехобаға кішіпейілділікпен және адал қызмет етіп келе жатқан ақсақалмен сұхбат (Ев. 13:7). Ол шындыққа қалай келді? Шындыққа келу үшін қандай кедергілерден өтті? Қандай рухани шаралар немесе қолдаудың арқасында жетістіктерге жетті? Бақылаушы жауапкершілігіне қол жеткізу үшін не істеді? (1 Тім. 3:1). Қауымдағы жауапкершіліктерін, осы дүниелік жұмысы мен отбасындағы міндеттерін атқаруда қалай парасаттылық танытып жүр? (1 Тім. 5:8). Ол қауымда өзгелерге көмектесу құрметіне қалай қарайды?
18 мин: “Кішіпейілділікті талап ететін жұмыс”.c 3-абзацты талқылаған кезде, тыңдаушыларды аумағымызда біреу күлкі қылуға тырысса, қатаң жауап берсе, дауласса немесе ашулы болса не істеуімізге болатыны жөнінде кеңестерін ұсынуға шақыр. 4-абзацты талқылаған кезде, “Жазбаларды түсіну” (ағ.) кітабының 1-томының 1 160-бетіндегі 3-абзацтағы түсіндірмелерді айта кет.
133-ән және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
c Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.