Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 12.02. 2-б.
  • Қызмет кездесулерінің кестесі

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Қызмет кездесулерінің кестесі
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2002
  • Тақырыпшалар
  • 9 желтоқсаннан басталатын апта
  • 16 желтоқсаннан басталатын апта
  • 23 желтоқсаннан басталатын апта
  • 30 желтоқсаннан басталатын апта
  • 6 қаңтардан басталатын апта
Біздің патшалық қызметіміз. 2002
km 12.02. 2-б.

Қызмет кездесулерінің кестесі

9 желтоқсаннан басталатын апта

193-ән

12 мин: Жергілікті хабарландырулар. “Біздің Патшалық қызметімізден” іріктеп алынған хабарландырулар.

15 мин: “Патшалық туралы хабарды жариялаңдар”.a

3-абзацты талқылаған кезде, ізгі хабарды таратып жүргенде, тікелей Киелі кітаптың өзінен қалай оқуға болатыны жөнінде кеңестер бер (km 12.01 1-бет, 3-абз.).

18 мин: Ізгілік жасауда жемісті болыңдар. Тыңдаушылардың қатысуымен болатын баяндама. Ақсақал өткізеді. Жергілікті қауымның тарихы мен өсу жолын қарастыр, қауымды құруға қандай күш жұмсалғанын да айта кет. Сол кезде болған бауырластардың жігерлендіретін оқиғаларды айтып берулері үшін алдын ала қам жаса. Болашақта өсудің мүмкіндіктерін қарастырып, жариялаушыларды қауымның әрекеттерін белсене қолдауға шақыр.

119-ән және соңғы дұға.

16 желтоқсаннан басталатын апта

29-ән

10 мин: Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөнінде есеп беру. 25 желтоқсан мен 1 қаңтар күндеріне жоспарланған уағыздау қызметіне байланысты арнайы шаралармен таныстыр.

15 мин: Ұғымталдар түсінеді (Дан. 12:3, 10). Көрсету. Қызығушылық білдіріп жүрген кісі былай деп сұрайды: “Сендердің Киелі кітаптың ілімдерін дұрыс түсінетіндеріңе қалай сенімді бола аламын?” Жариялаушы Киелі кітапты тақырып бойынша қалай зерттеуге болатынын түсіндіреді (w96 15.5. 19, 20-беттер, ор.). Біздің журналдардан (g97 1.8. 26—28 бет; w98 15.6. 6—8 бет, ор.) бір немесе екі мысалды қолданып, Жазба орындарын мұқият зерттей келе, Құдайдың жерге байланысты ниетін қалай түсіне алатынымызды көрсетеді. Ол осындай тәсілді қолданып, Киелі кітаптың өзге де ілімдерін қалай дұрыс түсінуге болатынын айтып, Киелі кітапты зерттеуді ұсынады.

20 мин: “Қарт адал бауырластарды естен шығармаңдар”.b “Күзет мұнарасының” 1994 жылғы 1 тамыздағы нөмірінің (ор.) 29-бетіндегі мәліметті келтір. Дәрменсіз бауырластардың нақты 15 минут қызмет еткен болса есеп берулеріне болатыны қарастырылғанын еске сала кет. Бірнеше бауырластар мұндай бауырластармен бірге қызмет еткеннен екі жақ та мол батаға ие болатынын көрсететін оқиғаларды айтып берсін.

154-ән және соңғы дұға.

23 желтоқсаннан басталатын апта

148-ән

10 мин: Жергілікті хабарландырулар. 8-беттегі кеңесті қолданып, 1 қаңтардағы “Күзет мұнарасын” қалай ұсынуға болатынын көрсет.

15 мин: Жергілікті қажеттіліктер.

20 мин: “Қызметің жөнінде дұрыс есеп беруге тырысып жүрсің бе?”c 2-абзацты талқылаған кезде “Біздің қызметіміз” кітабының (ор.) 106—108 беттеріндегі мәліметті келтір.

165-ән және соңғы дұға.

30 желтоқсаннан басталатын апта

152-ән

Ескерту: Барлық қауымдар облыстық конгреске қатысты қосымшаны кестедегі мерзімінде қарастырулары қажет, одан ерте емес.

10 мин: Жергілікті хабарландырулар. Желтоқсан айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың есіне сал. Егер қауымдарың келесі жылы кездесудің уақытын өзгертетін болса, жылы сөздермен барлығын жаңа уақытта да әрдайым жиналысқа келіп тұруға шақыр. Қаңтар айында ұсынылатын әдебиеттерді атап өт және қауымда бар кітаптарға ерекше көңіл бөл.

15 мин: “Ғибадат ету” кітабына шолу. Баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Бұл жаңа кітапты Киелі кітапты зерттеуге қолданатын екінші кітап ретінде қолдану шарасын түсіндір (km 6/00 4-бет, 5, 6-абз.). Тыңдаушыларды кітаптың өздеріне ұнаған ерекшеліктерін айтып беруге шақыр. Кітаптың кей бөліктерінде зерттеп жатқан адамды Құдай Сөзінің үстінен терең ой жүгіртуге талпындыру үшін сұрақтар мен Жазба орындары қолданылғанына көңіл бөл. Кітаптың 47—49 дейінгі беттеріндегі 13-абзацтағы мысалды көрсет.

20 мин: “Ехоба Куәгерлерінің 2003 жылғы ‘Құдайды дәріптеңдер’ деп аталатын облыстық конгресі”.d Қауымның хатшысы өткізеді. Ол 3—10 дейінгі абзацтарды талқылайды. Талқылауды бастамас бұрын 2002 жылғы 15 қыркүйектегі конгреске тағайындау хатын оқы. 10-абзацты талқылаған кезде конгреске байланысты істерді қадағалаушы ретіндегі хатшының рөліне ерекше көңіл бөл. Тыңдаушыларды жылы сөздермен конгреске дайындықты мүмкіндігінше ерте бастауға шақыр.

147-ән және соңғы дұға.

6 қаңтардан басталатын апта

67-ән

5 мин: Жергілікті хабарландырулар.

23 мин: Қанға қатысты Құдай Заңына мойынсұнуға көмек. Филиалдан келген конспектіге негізделген лайықты ақсақалдың баяндамасы. Қауым хатшысында медициналық құжат пен балаларға арналған куәлік жеткілікті мөлшерде болу керек. Бұл құжаттар кешке өтетін кездесуден кейін шомылдыру рәсімінен өткен жариялаушыларға беріледі. Бланкілерді кез келген уақытта және кез келген жерде толтырып, куәлерге қол қойдырып, күнін қоюға болады. Құжатты куәгер ретінде қол қоятындардың көзінше толтыру қажет. Егер ата-ананың бірі Куәгер болмаса, өздерінің жағдайларына және сенімдеріне сәйкес “Төлқұжатты” қолданып өздері үшін, сондай-ақ балалары үшін көшірмесін жасап алуларына болады. Шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушыларға да өздеріне және балаларына құжаттағы мәтінді өз жағдайларына сәйкес өзгертіп көшірмесін жасап алуларына болады.

17 мин: “Ізашарлық қызмет — ‘дәмін татып Тәңірдің ізгі екеніне көз жеткізудің’ жолы”. Ізашарлық рух танытатын ақсақал мақаланы тыңдаушылармен талқылайды. 4-абзацты талқылаған кезде жалпы немесе қосалқы ізашардан сұхбат ал. Толық уақытты қызмет атқаруға қалай дайындалғанын сұра.

79-ән және соңғы дұға.

[Сілтемелер]

a Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.

b Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.

c Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.

d Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу