Сеніміміз игі істер жасауға талпындырады
1 Нұхты, Мұсаны және Рахабты сенімдері әрекетке талпындырған. Нұх кеме соқты. Мұса перғауынның сарайындағы өмірдің уақытша рақатынан бас тартты. Рахаб барлаушыларды жасырды және олардың басшылығына мойынсұнып, үй-ішін құтқарып қалды (Ев. 11:7, 24—26, 31). Бүгінгі күні сеніміміз бізді қандай игі істер жасауға талпындырады?
2 Куәлік ету: Сеніміміз біздің ғажап Құдайымыз бен оның баянды бақытқа кенелуіміз үшін жасаған шаралары жөнінде айтуға талпындырады (2 Қор. 4:13). Кей кездері куәлік етуге зауқымыз соқпауы мүмкін. Алайда ‘ықылас-ниетіміз әрдайым Иемізде’ болатын болса, нығая түсеміз және қобалжуымыз басылады (Заб. 15:8). Сонда сеніміміз туыстарымызға, көршілерімізге, бірге жұмыс істейтін кісілерге, сыныптастарымызға және өзгелерге мүмкіндік болған жағдайдың барлығында ізгі хабарды уағыздауға талпындырады (Рим. 1:14—16).
3 Бірге бас қосу: Жиналыстарға үнемі келіп тұру — сенімнен туатын тағы бір игі іс. Неліктен олай? Бұлай еткеніміз мәсіхшілер жиналысында бас қосқан кезімізде, Құдайдың киелі рухы арқылы Исаның арамызда болатынына сенімді екендігімізді көрсетеді (Мат. 18:20). Сондай-ақ, ‘киелі рухтың қауымдарға айтқандарын жақсылап тыңдап алуды’ қалайтынымызды паш етеді (Аян 3:6). Біз ондағы берілетін басшылыққа ден қоямыз, өйткені сеніміміздің арқасында бізге тәлім беріп жатқан Ұлы Ұстазымыз — Ехобаның Өзі екенін түсінеміз (Иш. 30:20).
4 Нені таңдаймыз? Көзге көрінбейтін шындыққа деген сенімділігіміз рухани нәрселерді өмірімізде бірінші орынға қоюға талпындырады (Ев. 11:1). Бұл жиі материалдық нәрселерден бас тартуды білдіреді. Мысалы, бір ақсақал кейбір кездесулерге қатыса алмайтын, отбасынан алыста болатын және ізашар ретіндегі қызметін тоқтатуына тура келетін болғандықтан, табысы көп жұмысқа ауысудан бас тартты. Сол сияқты біз де Ехобаның ‘Патшалығының қамын ойлап, Оның әділ еркін орындауға ұмтылатындардың’ ең қажетті заттарының болуын қамтамасыз ететіні жөніндегі Киелі кітаптың сөздеріне толық сенім артқаймыз! (Мат. 6:33).
5 Сеніміміздің өмірімізге қатты әсер ететіндігін өзгелер байқамай қалмайды. Біздің сеніміміз бүкіл жер шарына әйгілі (Рим. 1:8). Сол себепті барлығымыз да игі істеріміз арқылы сеніміміздің тірі екенін паш еткейміз! (Жақ. 2:26).