Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 4.02. 7-б.
  • Хабарландырулар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Хабарландырулар
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2002
Біздің патшалық қызметіміз. 2002
km 4.02. 7-б.

Хабарландырулар

◼ Сәуір және мамыр: айларында ұсынылатын әдебиет: “Күзет мұнарасы” журналы. Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауды көздеп, “Құдай бізден нені талап етеді” брошюрасын ұсыныңдар. Маусым: “Құдай бізден нені талап етеді” немесе “Мәңгілік өмірге алып баратын білім”. Үй иелерінде бұл әдебиеттер бар болса, қауымда бар лайықты брошюраны ұсыныңдар. Шілде: Төмендегі 32-бетті брошюраларды ұсынуға болады: “Құдай шынымен біздің қамымызды ойлайды ма?”, “Жерде мәңгі шаттық өмір кеш”, “Жұмақ орнататын үкімет”, “Өлген соң адаммен не болады?” және лайықты кезде, “Жалпыға арналған кітап” брошюрасын ұсынуға болады.

◼ Филиалда барлық төрағалық етуші бақылаушылар мен хатшылардың ең соңғы мекен-жайлары мен телефон нөмірлері болуы керек. Өзгерістер болған жағдайда, қай кезде болмасын, қауымның қызмет комитеті “Төрағалық етуші бақылаушы/хатшының өзгерген мекен-жайы” бланкісін (S-29) толтырып, тез арада филиалға жіберуі керек. Поштаның индексінің өзгергені туралы да хабарлау қажет.

◼ Егер саяхат жасағанда өзге елдегі қауым кездесулеріне, аудандық және облыстық конгрестерге қатысатын болсаңдар, олардың өтетін күні, уақыты және жері жөніндегі мәліметке жасаған тапсырыстарың сол жердегі қызметті қадағалайтын филиалға жіберілуі тиіс. Филиалдардың мекен-жайы “Жылнаманың” соңғы бетінде келтірілген.

◼ Жаңа әдебиеттер:

“Киелі кітап туралы көбірек білгіңіз келе ме?” — литва

“Ехоба Куәгерлері — Олар кімдер?” — осетин

“Сен Құдаймен дос бола аласың!” — лезгин

◼ Көзі нашар көретіндер үшін “Ишаяның пайғамбарлығы бүкіл адамзат үшін нұр ІІ” кітабы келесі тілдерде үлкен қаріппен басылып шықты: ағылшын, венгр, грек, дат, жапон, испан, итальян, корей, қытай (жеңілдетілген), неміс, нидерланд, норвег, орыс, поляк, португал, румын, словак, украин, фин, француз, хорватия, чех және швед. “Әдебиетке тапсырыс бланкісінде” (S-14) бұл әдебиетке былай деп тапсырыс беру керек: “Ишаяның пайғамбарлығы ІІ — үлкен қаріп (iplp-2, №5430 құрал)”. Қауымдар тапсырысты 2002 жылғы 25 сәуірге дейін жіберуі керек. Бұл арнайы тапсырыспен алынатын тек қана көзі нашар көретіндерге арналған әдебиет екеніне және артық тапсырыс берілмеу керек екеніне көңіл аударуларыңды өтінеміз. “Ишаяның пайғамбарлығы ІІ — үлкен қаріп” дайын болғанша, тапсырыстарың тізімде тіркеуде тұрады.

◼ Жаңа аудиокассеталар:

“Патшалық әуендері альбомы” (оркестр, csm, №1700 құрал) қазіргі уақытта тоғыз аудиокассетадан тұрады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу