Патшалықты уағыздау ісі адамдарды құтқаруға көмектеседі!
1 Бұл — дүниежүзі бойынша атқарылып жатқан ең маңызды іс. Бұл іске Ехоба Құдай, Иса Мәсіх және сансыз көп періштелер мұқият көңіл қойып отыр. Бұл қандай іс және ол неліктен соншама маңызды? Бұл Патшалықты уағыздау ісі және ол адамдарды құтқаруға көмектеседі! (Рим. 1:16; 10:13, 14).
2 Кейбір адамдар, қоршаған ортаны жақсартуға тырыссақ, өзгелерге әлдеқайда жақсы қызмет еткен болар едік деп ойлауы мүмкін. Көп адамдар бейбітшілік орнатуға, ауруларды жазуға немесе экономиканы жақсартуға жан-тәндерімен берілген. Алайда адамдар үшін ең жақсы көмек не?
3 Ең маңызды іс: Тек Патшалық жайындағы хабар ғана өмірдің мәнін, адамзаттың қасірет шегуінің себебін және болашаққа байланысты жалғыз ғана сенімді үміт көзі не болып табылатынын түсіндіреді. Ізгі хабар адамдардың Ехобамен дос болуына, сөйтіп ‘Құдайдың адам ақылынан асқан тыныштығына’ ие болуларына мүмкіндік береді (Філіп. 4:7). Тек Патшалық жөніндегі хабар ғана адамдардың өмірдегі қиыншылықтарын жеңулеріне көмектесетін басшылық береді және болашақта зұлым дүние жойылғанда қалай аман қалуға болатынын түсіндіреді (1 Жох. 2:17). Сол себепті Патшалық туралы хабарды уағыздау ісі бар күшімізді салуға лайық емес пе?
4 Мысалы, жақын арада бөгет бұзылатын болғандықтан, қауіп төніп тұрған ұйқыда жатқан ауыл адамдары үшін ең жақсы көмек не болып табылады? Бөгетті бұзғалы тұрған суды тартқызу ма, әлде су шайғалы тұрған ауылды сәндеу ме? Әрине екеуі де емес! Ауыл тұрғындарын ұйқыдан оятып, төніп тұрған қауіпті ескертіп, қашуға көмектесу керек! Бүгінгі күні рухани ұйқыда жатқандарға үлкен қауіп төніп тұр (Лұқ. 21:34—36). Осы дүние жақында жойылатын болғандықтан, мүмкіндігінше көп адамдарға уағыз айту үшін бар ынтамызды салғаймыз! (2 Тім. 4:2; 2 Пет. 3:11, 12).
5 Бұл істе қажырлы болыңдар: Ізгі хабарды — үйлерінде, көшеде, телефон арқылы, бейресми түрде — мейлінше көп, ізгі жүректі адамдарға жеткізудің жолдарын ізделік. Бізге Ехоба тапсырған іс — біз атқара алатын ең маңызды іс. Егер оны құлшыныспен атқарар болсақ, ‘өзімізді де, тыңдаушыларымызды да құтқаратын боламыз’ (1 Тім. 4:16).