Журналдарды ұсыну жолдары
КҮЗЕТ МҰНАРАСЫ 15 наур. (ор.)
“Егер басшылық әділ жүргізілсе, әлдеқайда жақсы өмір сүрер едік, солай емес пе? [Жауабын күт.] Киелі кітаптың уәдесіне көңіл аударыңызшы. [Забур 36:11-ді оқы.] Мына мақалаларда айтылған кемелді Басшының қол астында біз мұндай бейбітшілікке қол жеткізе аламыз”.
Ояныңдар! 22 наур. (ор.)
“Болып жатқан жер сілкіністердің салдарынан көптеген адамдар қаза болып, елді мекендер қирап жатыр. Аман қалғандар жиі үй-жайсыз және қаражатсыз қалуда. “Ояныңдар!” журналының мына нөмірінде адамдардың жер сілкінісінің зардабын қалай жеңгені жөнінде сөз болады. Сондай-ақ мұнда жер сілкіністерінің Киелі кітаптағы өте маңызды пайғамбарлыққа қандай қатысы бар екендігі де түсіндірілген”.
КҮЗЕТ МҰНАРАСЫ 1 сәуір (ор.)
“Сізбен Киелі кітапта жазылған бір тамаша оймен бөліссем деп едім [Матай 22:37-ні оқы.] Иса бұл жерде не айтқысы келген деп ойлайсыз? [Жауабын күт.] “Құдайды шын жүректен, бар ақыл-ойыңмен ізде” деп аталатын мына бір мақалаға көңіл аударыңызшы. Шынайы сенім тек жүректен ғана шығуы керек пе, жоқ әлде ақыл-ойдың да қатысы бар ма? Бұл мақалада осы сұрақтың жауабы талқыланады.”
Ояныңдар! 8 сәуір (ор.)
Бүгінде отбасына қамқор болудың оңай емес екенін, аналардың да жүгі ауыр екенін білесіз. “Ояныңдар!” журналының осы нөмірінде “Ана болу үшін табиғаттан тыс күш керек пе?” деген қызықты тақырып қарастырылады. Мен сізге осы журналды қалдырып кетсем деп едім”.