Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 3.02. 6-б.
  • Басқарушы кеңестің хаты

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Басқарушы кеңестің хаты
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2002
Біздің патшалық қызметіміз. 2002
km 3.02. 6-б.

Басқарушы кеңестің хаты

Жиырма бірінші ғасырдың басында дүние жүзіндегі ‘рухани бауырластарымызға’ хат жазып, ауыр еңбектері үшін ризашылық білдіру біз үшін қандай ғанибет десеңдерші! (1 Пет. 2:17). Екі мың жылға жуық уақыт бұрын Иса: “Мен Билеуші ретінде көктен қайтып келгенімде жер бетінен Өзіме сондай қатты сенетіндерді таба алар ма екенмін?” — деп сұраған болатын (Лұқ. 18:8). Өткен қызмет жылында құлшына қызмет етулеріңмен, сендер Исаның сұрағына зор дауыспен “Иә!” деп жауап бердіңдер! Кейбіреулеріңді сенімдерің үшін жек көріп, келеке-мазақ та етті. Көптеген елдерде соғыс, апат, ауру, ашаршылыққа қарамастан қажырлылық таныттыңдар (Лұқ. 21:10, 11). Сендердің игі іске деген құлшыныстарыңның арқасында Иса қазір де ‘жер бетінде Өзіне қатты сенетіндерді тауып отыр’. Бұл жайттың көктегілерді қуанышқа кенелтіп жатқаны анық!

Қиындыққа қарсы тұру оңай емес екенін білеміз. Батыс Азия елдерінің біріндегі бауырластарымыз кезігіп жатқан сынақтарды қарастырып көрелікші. Ол елде Ехоба Куәгерлеріне қарсы зорлық-зомбылық үйреншікті нәрсе десе де болады. Жақында полицейлер 700 адам қатысып отырған бейбіт конгресті таратып жіберді. Тағы бір жолы олар 1 300 адамның жолына бөгет болып, конгреске жібермей қойды. Бетперде жамылған адамдар, кейбіреулері полицейлер, конгресс өтіп жатқан жерге келіп ойран салып, көп делегаттарды ұрып-соқты және конгреске арналған жабдықтарды өртеп жіберді. Басқа бір жағдайларда діни экстремистер шеге қағылған шоқпарлармен бауырластарымызды айуандықпен ұрып-соқты.

Мұндай зорлық әрекеттер жан түршігерлік болғанымен де, бізді таңғалдырмайды. Елші Пауыл рухтың жетелеуімен былай деп жазған болатын: “Мәсіх Исамен жүріп, Құдайға ұнамды өмір сүргісі келетіндердің бәрі де қуғындалатын болады” (2 Тім. 3:12). Бірінші ғасырда мәсіхшілерді сөзбен де, күш көрсетіп те қорлаған, тіпті кейбіреулерін өлтірген де еді (Ел. іс. 5:40; 12:2; 16:22—24; 19:9). XX ғасырда да солай болды және XXI ғасырда да солай болары күмәнсыз. Сөйткенмен де, Ехоба бізге былай дейді: “Қандай қару-жарақ саған қарсы жасалса да, сені құрта алмайтын болады” (Иш. 54:17). Сенімімізді нығайтатын қандай керемет сөздер! Ехобаның бізді сүйетіні сонша, Зәкәрия арқылы былай деген болатын: “Сендерге тиген адамның, Менің көзімнің қарашығына тигені” (Зәк. 2:8, СА). Ехобаның қызметшілерінің жауларының жеңіске жететіндей ешқандай мүмкіндігі жоқ. Шынайы ғибадат үстем болады!

Мысалы, жоғарыда аталып өткен елде 2001 қызмет жылында жариялаушылардың ең жоғарғы саны екі мәрте өсті. Иә, барлық жердегідей ол жердегі бауырластарымыз да қиыншылықтарға қарамастан қажырлылық танытуда. Өткен қызмет жылында дүние жүзі бойынша апта сайын 5 066 адам өздерін Құдайға арнағандарын паш етіп шомылдыру рәсімінен өтті. Қазір олар бізбен бірге ‘Құдайдың бүкіл еркіне нық сенімі барлар ретінде тұруға’ белдерін бекем буған (Қол. 4:12).

Грециядағы болған соңғы оқиғаларға да көңіл аударайықшы. Грек православие шіркеуінің көп жыл бойы қатты қарсылық көрсеткеніне қарамастан, Греция үкіметі Ехоба Куәгерлерін “танымал дін” ретінде мойындады. Сондай-ақ Ехоба Куәгерлерін мойындағанын көрсететін ресми құжатта Грециядағы Бетел үйі “Құдайға қызмет етуге арналған арнайы қасиетті жер” деп аталған. Сонымен қатар өткен қызмет жылында Америка Құрама Штаттарында, Болгарияда, Германияда, Жапонияда, Канадада, Ресейде және Румынияда қызметімізге байланысты сот шешімдері біздің пайдамызға қабылданғанын қуана хабарлаймыз. Ехобаның сол елдерде өнімді еңбек етуіміз үшін есікті әлі де айқара ашық ұстап отырғанына қаншалықты ризамыз десеңдерші!

Ехобаның соңғы күндері Өз халқын қалай қолдап отырғанын қарастырған кезімізде, Оның біз үшін керемет Дос екенін түсінеміз. Оның бізді сүйетінін, тәлім беретінін және түзейтінін біле отырып, Онымен тығыз қарым-қатынаста болу біз үшін бақыт. Әрине, біз әлі де сенім сынағына ұшырайтынымыз хақ. Дегенмен де, Ехобаға деген берік сеніміміз күш береді. Жақып былай деп жазған болатын: “Бауырластарым менің, алуан түрлі қиын-қыстау сынақтарға ұшырағанда, бұл жайтты зор қуанышпен қабылдаңдар. Себебі сенімдеріңнің сыналып, берік те шынайы екендігінің дәлелденуі төзімділік тудыратынын білесіңдер” (Жақ. 1:2, 3). Сондай-ақ, төзімді болуымызбен Ехобаға деген сүйіспеншілігімізді дәлелдейміз, ал бұны білгеніміз қаншалықты қуанышқа бөлейді! Қымбатты бауырластар, Ехобаның әрқайсымызға да көмектесетініне сенімді болыңдар. Егер адалдығымызды сақтайтын болсақ, Ол міндетті түрде жаңа дүниеге жетуімізге көмектеседі. Ол біздің бақытты болғанымызды қалайды.

Сол себепті қымбатты бауырластар жасыңды да, кәріңді де, барлығыңды алдымызда күтіп тұрған керемет баталарды естен шығармауға шақырамыз. Ой қалпымыз елші Пауылдікіндей болғай. Ол былай деп жазған еді: “Болашақта біз үшін анық көрінетін салтанатты ұлылықпен салыстырғанда, қазіргі заманның азаптарының түк емес екендігіне әбден сенемін” (Рим. 8:18). Қандай сынаққа ұшырасаңдар да, Ехобаға сенім артыңдар. Төзімді болыңдар, сенімнен бас тарту ойларыңа келмесін. Бұлай еткендеріңе ешқашан өкінбейсіңдер. Құдай Сөзінде: “Ал әділ адам сенімінің арқасында аман қалады”,— деп айтылған (Абб. 2:4).

Баурластарың,

Ехоба Куәгерлерінің Басқарушы кеңесі

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу