‘Игі істерге бай болыңдар’
1 Құлшына атқарған қызметінің соңғы жылдары Тімотемен және Титпен жақын қызметтес болған елші Пауыл, ол екеуіне де ұқсас жігер беретін сөздер жазды. Ол Титке ‘Құдайға сенгендер өздерін жақсылық жасауға арнаулары’ керек екендігін айтса, Тімотеге Құдайға сенім артқандар “игі істерге бай” болулары керек екендігін айтты (Тит 3:8; 1 Тім. 6:17, 18). Бұл барлығымыз үшін де керемет кеңес болып табылады! Алайда бізді игі істер жасауға талпындыратын не нәрсе? Және алдағы күндері қандай ерекше істер атқара аламыз?
2 Игі істерге бай болуға бізді талпындыратын Ехобаға деген сүйіспеншілігіміз бен сеніміміз және Ол бізге сыйлаған үмітіміз (1 Тім. 6:19; Тит 2:11). Әсіресе жылдың осы уақытында біз Ехоба Өзінің Ұлын жерге жібергенін, сөйтіп Иса Әкесінің есімін ақтап, барлық адамдар үшін мәңгі өмірге жол ашқанын еске аламыз (Мат. 20:28; Жох. 3:16). Бұған Наурыз айының 28 жұлдызында өтетін Мәсіхтің өлімін Еске алу кешінде ерекше көңіл бөлінеді. Мәңгі өмір сүру үмітіне деген ризашылығымыз ‘игі істерге бай болуымыз’ үшін қолымыздан келгеннің барлығын істеуге талпындырады емес пе? Әрине, талпындырады! Сондықтан қазір қандай істер атқаруымызға болады?
3 Наурыз айында және одан кейінгі айларда атқартын игі істер: Әрине, дүние жүзіндегі Ехоба Куәгерлері үшін жылдың ең маңызды оқиғасы болып табылатын Еске алу кешіне барлығымыздың да баратынымыз күмәнсыз (Лұқ. 22:19). Алайда, ол кештің қуанышын бізбен бірге мүмкіндігінше көп адамдардың бөліскенін қалаймыз. “Күзет Мұнарасының” 2002 жылғы 1 қаңтарындағы нөмірін қарасаңдар, өткен жылы көп елдерде Еске алу кешінде болған адамдардың саны жариялаушылардың санынан үш, төрт, бес немесе одан да көп есе артық болғанын көресіңдер. Әрине, Еске алу кешіне шақыру қағаздарын өз аумақтарына түгел тарату үшін барлық қауымдағылар құлшына ынта танытқаны күмәнсыз. Сол сияқты біз де бүгіннен бастап 28 наурызға дейін адамдарды Еске алу кешіне шақырып, құтқарылу үміті туралы білулеріне көмектесу үшін көп уақыт жұмсағымыз келеді.
4 Сәуір айында күн ұзарып, ауа-райы да әлдеқайда жайлы болады. “Игі істерге бай” болу үшін осы қолайлы жағдайларды қалай тиімді пайдалануға болады? “Игі істерге ынталы” болып, ізгі хабарды уағыздау ісіне әрі қарай да белсене ат салысу арқылы (Тит. 2:14; Мат. 24:14). Егер Наурыз айында қосалқы ізашар болуға мүмкіндіктерің болмаған болса, Сәуірде және/немесе Мамырда мүмкіндіктерің бола ма? Ал егер Наурыз айында қосалқы ізашар ретінде қызмет атқарып жүрген болсаңдар, осы қызметті әрі қарай да жалғастыра аласыңдар ма?
5 Жұмыс істейтін кейбір бауырластарымыз жұмысқа бара жатқанда бір сағат не соған жуық уақыт жолда уағыз айтуға, көшеде куәлік етуге немесе таңертең ерте ашылатын дүкендерде жұмыс істейтін адамдармен сөйлесуге болатынын байқаған. Өзгелері түскі үзіліс кезінде куәлік етеді. Кейбір бауырластар сол уақыт аралығында бірге жұмыс істейтін адамдармен Киелі кітапты зерттеу сабағын өткізеді. Үй шаруасындағы көптеген әйел бауырластарымыз болса, балалары мектепте болған кезде қызметке шығып жүр. Олар кей күндері ертерек тұрып, үй тірліктерін атқарып тастайды да, күндізгі уақытта уағыздау және тәлім беру істеріне көбірек уақыт бөледі (Ефес. 5:15, 16).
6 Тіпті қосалқы ізашар болып қызмет етуге мүмкіндіктерің болмаса да, қызметке көбірек уақыт бөле алатындай жоспар құрып, “жақсылық жасай беріп, игі істерге бай, әрі жомарт болып, басқалармен” шындықты бөлісу үшін қолдарыңнан келгеннің барлығын жасауларыңа болады (1 Тім. 6:18).
7 Шәкірт дайындауға байланысты игі істі ұмытпаңдар: Жыл сайын Еске алу кешіне шындыққа қызығушылық білдіретін адамдар келеді. Кейбір қауым мүшелері кешке келген, бірақ қазір Киелі кітапты зерттеп жүрмеген адамдарға көңіл бөле алар ма еді? Рухани өсулеріне көмектесу үшін оларға тағы баруға болмас па екен? Сол Еске алу кешіне келгендердің кейбіреулері Куәгерлердің туыстары болуы мүмкін. Өзгелері болса, бұрын Киелі кітапты зерттеген, ал қазір оны қайта жалғастыруға және жиналыстарға келіп тұруға шамалы жігер беру қажет адамдар шығар. Олар да бізбен бірге Ехобаға белсене қызмет атқаратын болса, қаншалықты қуанышты болар еді десеңші!
8 Наурыз айында және одан кейінгі айларда қызметке көп уақыт бөлетін болсақ, қайта баруға болатын көптеген ізгі хабарға қызығушылық білдірген адамдарды кездестіруіміз ықтимал. Оларға ашық сұрақ қалдырып кетуге тырысыңдар. Келесі жолы жауап беруді уәде етіңдер. Осылайша, оларға қайта оралып баруға жол ашылады. Содан соң мүмкіндігінше ертерек қайта барғанымыз дұрыс. Алғаш сөйлескен кезімізде Киелі кітапты зерттеуді бастай алмаған болсақ, мүмкіндігінше келесі келгенімізде бастауға тырысқанымыз дұрыс болар еді.
9 Көшеде куәлік етіп жүрген кезімізде адамдармен әңгіме бастауға тырысуымыз керек екенін естен шығармаған жөн. Көптеген жариялаушыларға көшеде куәлік беріп жүріп кездескен адамдар есімдерін, мекен-жайын және телефон нөмірлерін айтқан. Егер жолыққан кісі қауымның аумағында тұрмайтын болса, Патшалық Сарайынан “Мына кісіге лайықты жариялаушының баруын өтінемін” (S-70) деген бланкіні алып толтырып, қауым хатшысына беріңдер. Хатшы бланкіні сол кісі тұратын аумақтағы қауымға жібереді. Егер өзі жібере алмаса, филиалға жолдайды. Осылайша ол адамға әрі қарай да көмек көрсетіледі.
10 Егер мекенжайын емес, телефон нөмірін алған болсаңдар, телефон арқылы әңгімені жалғастырыңдар. Не туралы сөйлесетіндеріңді алдын ала дайындап алыңдар. Кейбір бауырластарымыз телефон арқылы нәтижелі зерттеу сабақтарын жүргізуде. Олардың арасында үйінен табу қиын адамдар да бар. Бір әйел бауырласымыз үйме-үй жүріп уағыз айтқанда кездестірген қызығушылық білдірген әйелдерден телефон нөмірлерін сұрайтын. Соның нәтижесінде ол екі бірдей кісімен Киелі кітапты зерттеу сабағын бастады.
11 Ақсақалдармен бірігіп енжар бауырластарға көмектесіңдер: Ақсақалдар енжар жариялаушыларға сүйіспеншілікпен қамқорлық көрсетуге тырысады. Ондай жариялаушылардың көпшілігі өз ниеттерімен қауым жиналыстарына қайтадан келіп жүр. Олар Забурдің 90-жырында суреттелген рухани қауіпсіздікте болу үшін, Ехобаның ұйымымен тығыз қарым-қатынаста болулары керек екенін түсінеді. Олардың кейбіреуі қызметке қайта кірісуге дайын. Осы айда өтетін Еске алу кешіне өзгелері де келуі мүмкін. Олар өздерімен Киелі кітапты зерттеу сабағының өткізілуіне келісуі мүмкін. Мұндай жағдайда ақсақалдар оларға көмек көрсетілуінің қамын жасайды. Егер олар сендерден Киелі кітапты зерттеу сабағын өткізуді өтінсе, көмектерің жоғары бағаланады (Рим. 15:1, 2).
12 Өздеріңді “жақсылық жасауға” арнаңдар: Бір ай немесе одан да көп уақыт қосалқы ізашар болып қызмет еткендер, кейінгі айларда да қызметке деген ынтасының арта түскенін байқаған. Олар шындыққа қызығушылық білдірген адамдарды кездестіріп, оларға қайта жолығу үшін қызметке жиі шығатын болған. Кейбіреулер Киелі кітапты зерттеу сабақтарын бастап, соның арқасында қызметке бұрынғыдан да көп уақыт бөлетін болды.
13 Тағы басқалары болса, уағыздау және шәкірттер дайындау ісіне көп уақыт бөлуінің арқасында үлкен қуаныш сезіміне бөленгендіктен, маңызды нәрселерге деген түсінігін қайта қарастыруға талпынған. Нәтижесінде кейбіреулері жұмыс уақыттарын қысқартып, үздіксіз қосалқы ізашар ретінде қызмет етуді шешкен. Өзгелерінің болса жалпы ізашарлық қызметті бастауға мүмкіндіктері болған. Олар үмітін осы дүние ұсынып отырған нәрселерге емес, Құдайға артуды үйренді. Олар ‘жомарт болып, басқалармен бөліскеннің’ арқасында Ехобаның мол батасына ие болып, ‘шынайы өмірге’ деген үміттері нығая түскенін байқады (1 Тім. 6:18, 19). Әрине, ізашарлардың санының көбейгені қауымға да пайдасын тигізеді. Ізашарлар қызметте кездескен жігерлендіретін оқиғалармен бөліседі, өзгелерді қызметке шақырады, соның арқасында қауымның рухани көңіл күйі көтеріңкі болады.
14 Барлығымыз да Еске алу кешінің қарсаңында және одан кейін де мәсіхшілер қызметіне жұмсайтын уақытымызды көбейтіп, ‘игі істерге бай болғаймыз’. Осылайша, әділдік орнаған жаңа жерде мәңгі өмір сүру үмітін сыйлағаны үшін Ехобаға ризашылығымызды білдірейік (2 Пет. 3:13).