Қызмет кездесулерінің кестесі
11 наурыздан басталатын апта
2-ші ән.
13 мин: Жергілікті хабарландырулар. Біздің Патшалық қызметімізден іріктеп алынған хабарландырулар. 8-беттегі кеңестерді қолданып, 15 наурыздағы “Күзет мұнарасы” мен 22 наурыздағы “Ояныңдар!” журналын қалай ұсынуға болатынын көрсет. Екі жағдайда да “бұл мені қызықтырмайды” деп әңгімені бөлген кезде не айтуға болатынын көрсет. (“Киелі кітап тақырыбына әңгіме бастап...” брошюрасын қара, 8-бет, ор.).
12 мин: Қызметте жүргенде әдепті болыңдар. Мектепке басшылық кітабының (ор.) 69—71 беттеріне негізделген ақсақалдың баяндамасы. Біраз жерінде тыңдаушылар да қатысады. “Біздің Патшалық қызметіміздің” 1998 жылғы қараша айындағы нөмірінің (ор.) 4-беттегі 8—10 абзацтардың негізгі ойларын да қолдан.
20 мин: ‘Игі істерге бай болыңдар’.a Қызмет бақылаушысы өткізеді. Тыңдаушылардың 28 наурызда өтетін Еске алу кеші қарсаңында қызметке барынша қатысуға ықыластарын оят. Шақыру қағаздарын қалай тиімді қолдануға болатынын қарастыр. Жариялаушылардан өткен жылғы Еске алу кешіне туыстарын, көршілерін, Киелі кітапты зерттеу сабағын өтіп жүргендерді және өзге де қызығушылық білдіргендерді қалай шақырғандарын және қандай қуанышқа бөленгендерін айтып берулерін өтін. Мүмкіндігі барларды сәуір айында қосалқы ізашар ретінде қызмет етуге жігерлендір. Өтініш жазатын бланкіні кездесуден кейін алуға болады.
82-ші ән және соңғы дұға.
18 наурыздан басталатын апта
7-ші ән
10 мин: Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөнінде есеп беру. “Еске алу кешіне байланысты ескертулерді” талқыла. Барлығын да 2002 жылғы “Жазбаларды күнделікті зерттеу” брошюрасында ұсынылған, Еске алу кеші қарсаңында наурыздың 23—28 дейін Киелі кітапты оқу кестесін ұстануға жігерлендір.
15 мин: “Ехобамен және Оның Ұлымен ынтымақта болу қуанышы”. Ақсақалдың Киелі кітапқа негізделген жігерлендіретін баяндамасы. Барлығын да 28 наурызға дейінгі аралықта Еске алу кешіне мүмкіндігінше көп адамды шақыруға ерекше күш салуға жігерлендір.
20 мин: “Жылнама” (ор.) сендерге қандай пайдасын тигізуде? Баяндама және тыңдаушылармен талқылау. Алдымен қосымшаның 7-бетіндегі “Басқарушы кеңестің хатының” негізгі ойларына көңіл аудар. Сонан соң тыңдаушылардың “Жылнаманың” ішінен өздерін жігерлендіріп, сенімдерін нығайтқан мәліметтер мен оқиғаларды айтып беруін өтін. Барлығын да “Жылнаманы” (ор.) аяғына дейін оқып шығып, оны Киелі кітапты зерттеп жүргендерді Ехобаның ұйымымен таныстыру үшін қолдануға жігерлендір.
45-ші ән және соңғы дұға.
25 наурыздан басталатын апта
12-ші ән
14 мин: Жергілікті хабарландырулар. Сәуір айында қосалқы ізашар ретінде қызмет атқару үшін өтініш беруге әлі де кеш емес екенін айт. 8-беттегі кеңестерді қолдана отырып, ақсақал 1 сәуірдегі “Күзет мұнарасына”, ал жас жариялаушы 8 сәуірдегі “Ояныңдар!” журналына ұсыныс жасап көрсетсін. Әр ұсыныстан кейін кейбір жақсы жақтарына көңіл аудар.
15 мин: Жергілікті қажеттіліктер.
16 мин: “Соңғы уақытта біреуді жігерлендірген кезің болды ма?” Тыңдаушылармен бірге “Күзет мұнарасының” 1995 жылғы 15 қаңтардағы нөмірінің 21—23 дейінгі беттеріндегі мәліметті талқылау (ор.). Барлық адамдардың да өздерін біреудің сүйіспеншілікпен жігерлендіруіне мұқтаж болатын кезі болады. Сол себепті барлығымыз да өзгелерді, оның ішінде қызметте жүргенде кездестіретін қайғылы адамдар да бар, ‘жұбатуымыз’ керек екенін сезінуіміз керек (1 Сал. 5:14, ЖД). Қажет болған жағдайда өзгелерді жігерлендіруге тырысуға кеңес бер (Ғал. 6:10).
131-ші ән және соңғы дұға.
1 сәуірден басталатын апта
27-ші ән
7 мин: Жергілікті хабарландырулар. Сәуір айындағы қызметтері жайлы есеп беруді жариялаушылардың есіне сал.
18 мин: “Адамдар кейпіндегі тартулар Құдайдың отарын шын көңілмен бағуда”. Ақсақалдың қосымшадағы мақалаға негізделген баяндамасы. Келтірілген Жазба орындарын талқыла. Енжар бауырластарымызға бақташылық сапар жасап, әлсіздерге қолынан келгенінің барлығын істеуге көмектескеннің қандай жақсы нәтиже беретінін және беріп жатқанын айтып бер. Қамқор бақташылар қауым мүшелерінің Ехобаға әрдайым бар ынтасымен қызмет ету үшін шын жүректен талпынып жүргендерін жоғары бағалайды.
20 мин: “Уағыздау қызметіндегі қуаныштарыңды арттырыңдар”.b 5-абзацты талқылаған кезде тыңдаушылардан олардың ойынша қауымның аумағында қалай нәтижелі қызмет етуге болатынын айтып берулерін сұра. Адамдарға жақындап, шындық туралы қалай қысқаша куәлік етуге болатынының бір немесе екі мысалын көрсет. Барлығын осы аптада куәлік етудің мүмкіндіктерін іздеуге жігерлендір.
15-ші ән және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минуттан асырмай алғысөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.