Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp20 № 1 6—8 бет.
  • Киелі жазбалар — ақиқаттың нақ көзі

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Киелі жазбалар — ақиқаттың нақ көзі
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2020
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • КИЕЛІ ЖАЗБАЛАРҒА СЕНУДІҢ СЕБЕПТЕРІ
  • Киелі кітап — Құдайдан келген кітап
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Киелі кітап — Құдайдың берген сыйы
    Киелі жазбалардан не білеміз?
  • Пайғамбарлық кітап
    Баршаға арналған кітап
  • Құдай халқының Бабылдан шығуы
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2020
wp20 № 1 6—8 бет.

Киелі жазбалар — ақиқаттың нақ көзі

Бағзы заманнан бері түрлі ортадан шыққан адамдар Киелі жазбаларды ақиқаттың көзі деп білген. Қазір де сан миллиондаған адам сол кітаптың нұсқауларына сай өмір сүреді. Дегенмен Киелі жазбаларды бедел тұтпайтын, оған сенбейтін, “біздің кітап емес” деп санайтындар да бар. Ал сіз не дейсіз? Киелі жазбалардан ақиқатты таба аласыз ба?

КИЕЛІ ЖАЗБАЛАРҒА СЕНУДІҢ СЕБЕПТЕРІ

Киелі жазбалар сенуге тұрарлық па, жоқ па — қалай анықтай аласыз? Бұл үшін өмірден бір мысал алайықшы: бір досыңыз көп жылдан бері сізге тек шындықты айтып келген болса, ол сіз үшін сенімді адам болады. Ал Киелі жазбалар осындай дос секілді үнемі шындықты айта ма? Бірнеше тұстарына тоқталып өтейік.

Жаманын жасырмаған жазушылар

Жазушының қолы

Киелі жазбаларды жазған кісілер өте шыншыл болған. Тіпті өз қателері мен сүрінген шақтарын ашық айтқан. Солардың бірі — Жүніс пайғамбар. Ол бірде Құдайды тыңдамай қойғанын жасырмады (Жүніс 1:1—3). Ол тіпті кітабын Құдайдың оны жазғыра айтқан сөздерімен аяқтайды. Ал өзінің абыройын көтеру үшін қалай түзелгенін айтып жатпады (Жүніс 4:1, 4, 10, 11). Жүніс сияқты Киелі жазбаларды жазған кісілердің барлығы да ақиқаттан аттамауға бекінген жандар болған.

Өмірге қажетті кеңестер

Ал Киелі жазбаларда өмірдегі жағдайларға қатысты пайдалы кеңестер бар ма? Әрине, бар. Мысалы, өзгелермен арақатынасымыздың тату-тәтті болуына мына кеңестер көмектеседі: “Барлық істе басқалар өздеріңе қалай істесін десеңдер, сендер де оларға солай істеңдер” (Матай 7:12). “Биязы жауап ашуды басар, Ауыр сөз ыза тудырар” (Нақыл сөздер 15:1). 2000 жыл бұрын жазылған Киелі жазбалардың кеңестері сол заманнан бергі құндылығын еш жоғалтқан жоқ.

Тарихи туралығы

Күрек пен топырақ

Киелі жазбаларда аталған жерлер мен адамдардың өмірде болғанын және ондағы сипатталған оқиғалардың растығын дәлелдейтін археологиялық қазбалар көптеп табылған. Мәселен, елеусіз көрінетін бір жайтқа қатысты табылған дәлелді алайықшы. Б. з. б. V ғасырда өмір сүрген Киелі кітап жазушысы Нехемия Иерусалимде тұрып жатқан тирліктердің (Тирден келген финикиялықтар) “қалаға балық пен әртүрлі заттар әкелгенін” жазған (Нехемия 13:16).

Осы сөздерді растайтын қандай да бір дерек-дәйек бар ма? Әлбетте, бар. Археологтар Израильден Финикия тауарларын тапқанына қарағанда, ежелде осы екі елдің арасында сауда-саттық қатынас орнаған. Оның үстіне, Иерусалимнен Жерорта теңізінде мекендейтін балықтың қалдықтары табылған. Археологтардың пайымдауынша, алыстағы жағалаудан ауланған бұл балықты саудагерлер алып келген. Бұл деректі зерттей келе, бір маман былай деді: “Нехемия 13:16-дағы тирліктердің Иерусалимге балық сатқаны жайлы сөздер шындыққа жанасады”.

Ғылыми туралығы

Кеңістікте ештеңесіз ілініп тұрған Жер шары

Киелі жазбалар — бірінші кезекте діни және тарихи кітап. Әйтсе де онда ғылыми тұрғыдан дәл айтылған мәлімет те жоқ емес. Бір дәлелін алайық.

Шамамен 3500 жыл бұрын Киелі жазбаларда жердің “ештеңесіз ілініп қойылғаны” жазылған (Әйүп 26:7). Бұл Жер планетасының “су бетінде қалықтап жүр” я “алып тасбақаның үстінде тұр” деген аңыз-әңгімелерге кереғар еді. Әйүп кітабы жазылғаннан 1100 жыл өткеннен кейін де, адамдар Жер шарының құр ауада тұруы мүмкін емес, оның астында тірегі болу керек деген ойда болды. Тек 1687 жылы, осыдан үш жүз жыл бұрын ғана, Исаак Ньютон тартылыс заңына қатысты еңбегін жарыққа шығарып, көзге көрінбейтін күштің Жерді өз орбитасында ұстап тұрғанын түсіндірді. Ғылымдағы бұл үлкен жетістік Киелі жазбаларда 3000-нан астам жыл бұрын жазылып қойылған сөздерді растады.

Пайғамбарлық туралығы

Бабылдың қабырғалары мен ашық қақпасы

Киелі жазбалардағы пайғамбарлардың сөздері қаншалықты тура айтылған? Бұған көз жеткізу үшін Ишая пайғамбардың ежелгі Бабылдың (Вавилон) құлайтыны жайлы алдын ала айтқан хабарын қарастырайық.

Пайғамбардың хабары. Б. з. б. VIII ғасырда Киелі кітап жазушысы әрі пайғамбар Ишая Бабыл әлі алып империяның астанасы болмай тұрған кезінде-ақ ол жайлы хабар айтты. Ол түбінде бұл қаланың елсіз қалатынын жариялады (Ишая 13:17—20). Ол тіпті қаланы мұндай жағдайға душар еткізетін адамның аты Кир болатынын айтты. Өзендер “кеуіп” қалады деуімен Кирдің жаулау жоспарына дейін сипаттады. Қаланың қақпалары ашық қалатынын да алдын ала айтты (Ишая 44:27—45:1).

Орындалуы. Ишаяның айтқан хабарынан 200 жыл өткен соң, Персия патшасы Бабылға шабуылдады. Аты кім дейсіздер ғой? Кир! Бабыл қаласының қорғанысы мықты болғандықтан, Кир қаланың ішімен әрі қала қабырғасын айнала аққан Евфрат өзені арқылы амалын асырмақ болды. Оның адамдары өзеннің жоғарғы жағынан үлкен арық қазып, судың арнасын батпаққа қарай бұрып жіберді. Нәтижесінде су деңгейі түсіп, Кирдің әскері белуардан келетін су арнасы арқылы қаланың қабырғасына жақындай алды. Бір таңғаларлығы — бабылдықтар өзенге қарай ашылатын қала қақпасын ашық қалдырған екен! Кирдің әскері осы қақпа арқылы қалаға тап беріп, оны басып алды.

Ал Бабылдың елсіз қалатыны жайлы хабар ше? Бірнеше ғасыр бойы ол жерде адамдар өмір сүре берді. Бірақ қазіргі кезде Бағдат қаласының (Ирак) маңында Бабылдың үйіндісі ғана қалған. Бұл жоғарыда айтылған пайғамбардың хабары толықтай орындалғанын айғақтайды. Иә, Киелі жазбалардағы тіпті болашақ оқиғаларға қатысты сөздерге сенім артуға болады.

АҚИҚАТТЫҢ НАҚ КӨЗІ

Осы және тағы көптеген дәлелдерді қарастырған көпшілік үшін Киелі жазбалар жай сенуге тұрарлық кітап қана емес. Олар үшін бұл кітап — “Құдай сөзі” және “шынымен де бұл солай” (Салоникалықтарға 1-хат 2:13).

Ал Киелі жазбаларда қандай ақиқат жазылған? Оны білгеннен сізге келіп-кетер пайда бар ма? Келесі мақалалардан сіз Киелі жазбалардағы маңызы зор шындықтарды білесіз. Ең алдымен, Киелі кітап өзінің төл авторы — Құдай жайлы не дейтінін білейік.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу