Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp20 № 1 3—5 бет.
  • Ақиқат, қайдасың?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ақиқат, қайдасың?
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2020
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ШЫНДЫҚ БАР МА?
  • ШЫНДЫҚҚА ЖЕТУ ЖОЛЫ
  • АҚИҚАТҚА БАСТАР КІТАП
  • Шындықтың Құдайынан үлгі алыңдар
    2003 жылғы ағылшын тіліндегі “Күзет Мұнарасы” журналынан алынған зерттеуге арналған мақалалар
  • “Шындық жолында жүр”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
  • “Шындық жолыңда жүрейін”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2018
  • Шындықтың шыңына жету мүмкін бе?
    Сан түрлі тақырыптар
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2020
wp20 № 1 3—5 бет.
Кітапқа толы сөрелерге қарап тұрған ер кісі

Ақиқат, қайдасың?

Ақиқатқа жету-жетпеу — өмір мен өлім мәселесі. Мысалы, “жұқпалы аурулар қалай таралады?” деген сұрақтың ақиқатына жеткеннің арқасында қанша жанның аман қалғанын ойлап көрейікші.

Мыңдаған жылдар бойы бұл сұрақтың жауабын ешкім білген жоқ. Індеттер болса миллиондаған өмірді аяусыз жалмап жатты. Уақыт өте ғалымдар мұның сырын ашты: ауруды көп жағдайда микроағзаларға жататын бактерия мен вирустар қоздырады екен. Жұмбақ болып келген ақиқаттың беті ашылғанда, көп аурудың алдын алу мен емін табу мүмкін болды. Бұл миллиардтаған адамның өмірін ұзартып, денсаулығын жақсартқан.

Өмірде басқа да маңызды сұрақтар бар. Мәселен, мына сұрақтардың ақиқатына жеткеніңіз өміріңізге қалай әсер етеді?

  • Құдай жайлы нені білген жөн?

  • Иса Мәсіх деген кім?

  • Құдай Патшалығы деген не?

  • Болашақтан не күтеміз?

Миллиондаған адам осы сұрақтардың жауабын тауып, мағыналы өмір кешіп жүр. Бұл жауаптардың сізге де берер пайдасы көл-көсір.

ШЫНДЫҚ БАР МА?

“Өмірде қандай да бір шындықты табу мүмкін бе, өзі?”— деп ойлайтын шығарсыз. Иә, бүгінде әлдененің ақиқатына жету барған сайын қиындап бара жатқандай. Мұның себебі неде?

Көп адам үкіметке, кәсіпкерлерге, журналистерге сенуден қалған. Естігендері рас па, әлде жай біреудің ойы ма, өтірік-шыны аралас па, әлде қып-қызыл өтірік пе — соны айыра алмай дал болуда. Сенбестік пен жалған ақпарат жайлап алған заманда адамдар белгілі бір фактіні қалай түсіндіру керектігіне қатысты ғана емес, тіпті ненің шындық екеніне қатысты бір мәмілеге келе алмай жатады.

Осыған қарамастан өмірлік мәні бар сұрақтардың шын жауабын табу әбден мүмкін. Қалай? Бұл үшін күнделікті өмірде тап болатын сұрақтардың жауабын қалай іздейтініңізді еске түсірейік.

ШЫНДЫҚҚА ЖЕТУ ЖОЛЫ

Негізінде, біз күн сайын қандай да бір шындықты іздейміз. Джессиканың оқиғасы — соған бір дәлел. “Менің қызымның жержаңғаққа қатты аллергиясы бар. Ол тіпті жержаңғақтың титтей түйірлерінен өліп кетуі мүмкін”,— дейді ол. Сондықтан қызына тамақ сатып алғанда, ол өте абай болу керек. Ол былай дейді: “Алдымен, мен тамақтың құрамын мұқият оқимын. Сосын ізденіс жасаймын. Сол тағамға жержаңғақ түйірлерінің араласып кетпегенін білу үшін тіпті тауар өндірушілерге хабарласамын. Сондай-ақ сол кәсіпорынның өнімдері шынымен қауіпсіз екеніне көз жеткізу үшін басқа сайттарға я сенімді мәліметтерге жүгінемін”.

Сол ер кісі сөреден алған кітапты электронды құрылғысында тауып алған мәліметпен салыстырып жатыр

Сіздің күнделікті өмірдегі сұрақтарыңыз осы әйелдікіндей маңызды емес шығар. Алайда көкейіңіздегі сұрақтарыңызға жауап табу үшін ол сияқты ізденіп көрсеңіз болады:

  • Фактілермен танысу

  • Қосымша іздену

  • Сенімді мәлімет көздеріне жүгіну

Осындай қадамдар сізге де өмірлік мәні бар сұрақтарға шынайы жауаптар табуға көмек бере алады. Қалай?

АҚИҚАТҚА БАСТАР КІТАП

Джессика қызының аллергиясын қалай зерттесе, өмірлік маңызы бар сұрақтарды да дәл солай зерттеді. Ол былай дейді: “Киелі жазбаларды мұқият оқып, тыңғылықты зерттегенімнің арқасында мен ақиқатты таптым”. Дәл осылай миллиондаған адам Киелі жазбалардан мына сұрақтардың жауабын тапты:

  • Өмірге не үшін келдік?

  • Өлімнен кейін өмір бар ма?

  • Неге біз қиындық көреміз?

  • Құдай бар қайғы-қасіретті жою үшін не істеп жатыр?

  • Отбасымызды қалай бақытты ете аламыз?

Сол ер кісі Киелі кітапты оқып отыр, ноутбугын ашып қойған

Осы және басқа да сұрақтардың шынайы жауабын Киелі жазбаларды оқығанда және www.jw.org сайтынан онлайн ізденіс жүргізгенде таба аласыз.

“Күзет мұнарасының” осы санында мына сұрақтар қарастырылады:

  • Құдай жайлы нені білген жөн?

  • Иса Мәсіх деген кім?

  • Құдай Патшалығы деген не?

  • Болашақтан не күтеміз?

Алдымен, неге Киелі жазбаларда ақиқат жазылғанына сенімді бола алатынымызды білейік.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу