Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 6.14. 2-б.
  • Уақыттарыңды бағалаңдар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Уақыттарыңды бағалаңдар
  • Біздің қасиетті қызметіміз. 2014
  • Ұқсас мәлімет
  • Уағызға арналған кездесулер
    Біздің патшалық қызметіміз. 2009
  • Қызметтегі уақытыңды барынша тиімді қолдан
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2015
  • Мақсатына сай ұйымдастырылған уағыз кездесулері
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2015
  • Учаске алудың қандай пайдасы бар?
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2013
Көбірек мәлімет
Біздің қасиетті қызметіміз. 2014
km 6.14. 2-б.

Уақыттарыңды бағалаңдар

Апта сайын еншімізде болатын уақыт мөлшері бәрімізде бірдей. Алайда ізгі хабарды таратуға жұмсайтын уақытымызды әсіресе бағалауымыз керек, өйткені ол адамдарға құтқарылуға мүмкіндік береді (Рим. 1:16). Егер қызметке дайындалып шықсақ, уағыздауға арналған кездесулерге кешікпей келсек және бірден учаскемізге баратын болсақ, ізгі хабарды тарату мәртебесін жоғары бағалайтынымызды көрсетеміз. Еш жерде кідірместен бірден уағыздауды бастаған дұрыс. Өйткені Ехоба әр нәрсенің “өз уақыты бар” деп үйретеді, сондықтан біз қызметке арнаған уақытымызды аса бағалауымыз керек (Уағ. 3:1).

Уақытыңды даналықпен жоспарла. Уағыз ісіне жүйелі түрде шығу үшін құрған кестемізді берік ұстанатын болсақ, мол батаға кенелеміз. Қызметке неғұрлым көп уақыт жұмсасақ, соғұрлым көп нәтижеге қол жеткіземіз. Олай болса, кестеңе кішкене өзгерістер енгізіп, неге қызметке көбірек шықпасқа? Мысалы, сенбі күні журналдармен қызмет еткеннен кейін, бірнеше адамға қайта бару үшін тағы да уақыт бөле аласың ба? Ал қызметке жексенбі күні шықсаң, адамдарға қайта баруға не Киелі кітапты зерттеу сабағын өтуге уақыт арнай аласың ба? Үйме-үй уағыздағанда көшеде де куәлік беруге тырысасың ба? Осындай не басқа да жолдармен сен қызметіңді жақсарта аласың.

Қызметке шыққанда мұқият болмасақ, бағалы уақытымызды жоғалтып алуымыз мүмкін. Әрине, ауа райы қолайсыз болғанда қызметімізді әрі қарай жалғастыра алу үшін кішкене үзіліс жасап, күш жинап алуға болады. Алайда мұндай үзілістер үнемі қажет бола бермейтіндіктен, осы тұста байсалды болғанымыз абзал.

Соңғы жылдары адамдарды үйлерінен табу барған сайын қиындап барады. Сондықтан жариялаушылардың көбісі үйме-үй уағыздауға күннің әртүрлі уақытында шығуға тырысады. Бәлкім, саған да уағызға түстен кейін не кешке қарай шыққан тиімдірек болатын шығар.

Көшеде куәлік беріп жүрген кезде бір-бірімізбен әңгімелесіп кетуден аулақ болғанымыз жөн. Қайта, бір-бірімізден сәл алшақ тұрып, адамдармен әңгіме бастауға тырысқанымыз дұрыс. Сонда уақытымызды тиімді пайдаланып, көп қуанышқа кенелеміз.

Куәлік берудің мүмкіндігін ізде. Бірде үй иесі бауырласымызға “Бұл мені қызықтырмайды” деп жауап бергенде, бауырласымыз одан үйде әңгімелесуге болатын басқа адамның бар-жоғын сұрайды. Осылайша ол сол үйдің көп жылдан бері төсек тартып жатқан отағасымен сөйлесе алады. Құдай Сөзіндегі үміт бұл кісінің өмірге деген қызығушылығын қайта оятады. Көп ұзамай ол төсектен тұрып, беті бері қарайды. Сосын ол қауым кездесулеріне барады және басқалармен өзінің үміті жайлы бөлісе бастайды.

Бір жасөспірім қыз бауырлас қауым кездесуіне дейін бір сағат уағыздау туралы кеңеске құлақ асып, қызметке шығады. Учаскеде бірінші есіктен шыққан 13 жасар қыз оны мұқият тыңдайды және әдебиет алып қалады. Келесі күні бауырласымыз сол қызды мектепте көреді. Содан көп ұзамай оған Киелі кітапты зерттеуді ұсынады, ол қыз бірден келіседі.

Уақытыңды ұтымды қолдан. Қызметке жүйелі түрде атсалысқанымыз ізгі хабарды тарату үшін қажетті қабілеттерді шыңдауға көмектеседі. Мысалы, тиімді алғы сөз айту арқылы үй иесімен әңгіме бастауда жақсара аласың ба? Киелі кітапты зерттеу сабағын өту арқылы тәлім беру қабілетіңді арттыра аласың ба? Осылай етер болсаң, уағызға арнаған уақытыңды шынымен бағалайтыныңды көрсетесің және көп жетістікке қол жеткізесің (Тім. 1-х. 4:16).

Бүгінде “уақыт аз қалғандықтан”, біз рухани істерге барынша атсалысуымыз керек (Қор. 1-х. 7:29). Сондықтан біз бірінші кезекте уағыз ісіне көп уақыт бөлуге тырысуымыз қажет. Бәріміз де осы шараға құлшыныспен және бар күшімізбен атсалысуға шақырыламыз. Уақыт — Ехобаның бізге берген керемет сыйы. Ендеше уақытымызды әрдайым жоғары бағалап, даналықпен қолданайық.

Мына кеңестерді қолданып көр:

  • Уағыздауға арналған кездесуге уақытында келуге тырыс.

  • Егер топпен бірге уағыздасаң, топта тым көп адам болмасын.

  • Учаскеге баруды кейінге қалдырма.

  • Учаскеге адамдардың көбісі үйде болатын уақытта бар.

  • Егер қауіпті болмаса, кей кездері жалғыз уағыздауға тырыс.

  • Қайта баратын адамдарың үйме-үй уағыздап жүрген учаскеңе жақын болса, оларға кіріп шық.

  • Топпен уағыздап жүргенде, басқа бауырластар есік алдында үй иесімен сөйлесіп жатса, қызметіңді тоқтатпауға тырыс.

  • Мүмкін болса уағызға бір ­сағаттан көбірек шық.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу