Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp18 № 1 12—13 бет.
  • 3. Төзімді болуға көмектеседі

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • 3. Төзімді болуға көмектеседі
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2018
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • СОЗЫЛМАЛЫ ДЕРТ
  • ЖАҚЫН АДАМНАН АЙЫРЫЛУ
  • Дұғаның берері бар
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2021
  • Ехоба қиындық көрген кезіміздің бәрінде жұбатады
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
  • Дұға қаншалықты әсерлі?
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Қалай кейбіреулер сұрақтарына жауап тапты
    2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2018
wp18 № 1 12—13 бет.
Моланың қасында қайғырып отырған әйел. Киелі кітап хабарын тыңдап отырған мүгедек әйел

3. Төзімді болуға көмектеседі

Өмірде айналып өтуге де, шешуге де келмейтін проблемалар бар. Бәлкім, сіз сүйікті адамыңыздан айырылып немесе айықпас дертке шалдығып, азапқа төзуден басқа амал таппай жүрген боларсыз. Осындай қасірет кезінде Киелі кітап не істей алады?

СОЗЫЛМАЛЫ ДЕРТ

Рози есімді жас қыз былай дейді: “Менің гендік ауытқуым болғандықтан, күні-түні қатты қиналып ауырамын. Өмірім өмір болудан қалды”. Розидің ең үлкен уайымдарының бірі Киелі кітапты зерттегенде және рухани тәлім алғанда мұқият ден қоя алмағаны еді. Бірақ ол Киелі кітаптағы: “Құдайдың қолынан бәрі келеді”,— деген сөздерден жұбаныш алды (Матай 19:26). Рози Киелі кітапты зерттеудің басқа да жолдарын тапты. Оқуға шамасы келмегенде, ол Киелі кітап пен оған негізделген басылымдардың аудиожазбаларын тыңдайдыa. “Мұндай мүмкіндіктер болмағанда, рухани күйіммен не болар еді?!”— дейді Рози.

Рози бұрынғыдай бәрін істей алмайтыны үшін көңілі түскенде, Киелі кітаптың мына сөздері оған күш береді: “Құдайға әсіресе шын ықыласпен берілген сый-тарту ұнамды. Ол адамның қолда жоғына емес, барына қарай қабылдайды” (Қорынттықтарға 2-хат 8:12). Рози осы сөздерді оқыған сайын, Құдай оның істеп жатқан істеріне риза екенін есіне алады. Себебі ол өзінің шектеулі жағдайына қарамастан қолынан келгенінің бәрін істеп жүр.

ЖАҚЫН АДАМНАН АЙЫРЫЛУ

София былай деп бөлісті: “Он сегіз жасар қызым қайтыс болғанда, жүрегім қан жылап, әрі қарай өмір сүре алмаймын деп ойладым. Қайтсем де өмірім енді баяғыдай болмайды деп налыдым”. Зәбүр 94:19-да жазылған: “Сарыуайымға салынғанымда, сен мені жұбатып, жаныма жай бердің”,— деген сөздер оның жанына шипа болды. “Мен Ехобаға дұға етіп, сыздаған жанымның ауруын басу үшін айналысатын пайдалы бір іс табуға көмектесуін сұрадым”,— дейді София.

Ол адамдарға көп пайдасын тигізетін ерікті қызметпен айналысып, бар күші мен уақытын соған арнады. София өзін сурет салатын түрлі-түсті борға теңейді. Бор сынып қалған күнде де, оны қолдана беруге болады. София өзін “сынып” қалғандай сезінсе де, өзгелерге қол ұшын бере алатынын айтады. Ол былай дейді: “Мен мынаны түсіндім: Киелі кітапты оқып-білуге көмектесіп жүрген адамдарды жұбату үшін, оларға Киелі кітаптың сөздерін келтіріп, сол бойынша ой түзуге көмектескенімде, Ехобаның мені осындай жолмен жұбатып жатқанын көремін”. София бастарына үлкен қасірет түскен Киелі кітаптағы кейіпкерлердің тізімін жасап алған. Ол былай дейді: “Кімді алсаң да, бәрі дұға ететін адамдар болған”. Сосын: “Киелі кітабың жабық тұрса, дұғаңа жауап ала алмайсың”,— деп қосты.

Киелі кітапты зерттегенінің арқасында София тағы бір жайтты түсінді: ол өткенге емес, болашаққа көз тігуді үйренді. Киелі кітаптағы: “Құдайдың әділдерді де, әділетсіздерді де қайта тірілтетініне үміттенемін”,— деген сөздерден оның жаны жай тапты (Елшілердің істері 24:15). Ехоба қызын тірілтетініне София қаншалықты сенімді? Бұған ол былай деп жауап берді: “Мен болашақта қызыммен қайта қауышамын. Бұл күн көктегі Әкемнің күнтізбесінде нақ белгіленіп тұр. Қызым екеуміздің бақта жүргенімізді елестетемін. Ол туылған кезде мен оны қалай жақсы көрген болсам, оған дәл солай сүйсініп қарап тұрғанымды анық көремін”.

a Бұл аудиожазбаларды jw.org сайтынан табуға болады.

Басыңызға қасірет төнгенде, Киелі кітап жаныңызға жұбаныш бере алады

ҚҰДАЙ БІЗГЕ ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕДІ?

Киелі кітаптан бұл сұрақтың нақты жауабын табуға болады. Онда былай делінген: “Ехоба өзін шақыратындардың бәрінің қасында, өзін шын жүректен шақыратындардың бәрінің жанында. Ол өзінен қорқатындардың тілегін орындайды, көмек сұраған үндерін естіп, аман сақтайды” (Зәбүр 145:18, 19). Неткен жүрекке жылу беретін сөздер! Қазір шын жүректен дұға етіп, көмек сұраған адамдарға Құдай қалай жауап беретінін көрейік.

КҮШ БЕРЕДІ

Көп жағдайда проблемалар жігерімізді құм қылып, физикалық, эмоциялық және рухани күшімізді сарқып жатады (Нақыл сөздер 24:10). Бірақ Ехоба “шаршағанға күш сыйлайды, әлсірегенге мол қуат дарытады” (Ишая 40:29). Көрмеген азабы қалмаған елші Пауыл: “Маған күш-қуат берушінің арқасында бәрін де істей аламын”,— деген (Філіпіліктерге 4:13). Пауыл Құдайдың киелі рухынан күш алған. Сіз де Құдайға дұға етіп, киелі рух беруін сұрай аласыз (Лұқа 11:13).

ДАНАЛЫҚ БЕРЕДІ

Киелі кітапта айтылған ақыл-кеңестерді түсініп, өмірде қолдану қолыңыздан келмей жатса, не істей аласыз? “Қайсыбіреуіңе даналық жетпей жатса, жомарттықпен әрі еш жазғырмай бере салатын Құдайдан сұрай берсін, сонда оған беріледі”,— делінген Киелі кітапта (Жақып 1:5). Құдайға айтқан дұғаңызға сай әрекет етіп, Киелі кітап оқыңыз және білгеніңізді өмірде қолданыңыз (Жақып 1:23—25). Сонда бұл кітаптағы кеңестердің таптырмас қазына екеніне көзіңіз жетеді.

ТЫНЫШТЫҚ СЫЙЛАЙДЫ

Сарыуайымнан өзіңізді қоярға жер таппаған кезде де Ехоба жаныңызды жайландырып, тыныштандыра алады. Оның Сөзінде былай делінген: “Еш нәрсені уайымдамаңдар, барлық өтініштеріңді дұға етіп, жалбарынып, ризашылықпен Құдайға білдіріңдер. Сонда Құдайдың адам ақылынан асқан тыныштығы жүректерің мен ой-саналарыңды Мәсіх Иса арқылы сақтайды” (Філіпіліктерге 4:6, 7). Олай болса, неге Ехоба Құдайдан жантыныштығын сұрамасқа?!

Ал егер проблемалар бүгін-ертең шешілетіндей болмаса ше? Мұндайда салыңыз суға кетіп, Құдай мені тастап кетті деп тұжырымдауға асықпаңыз. Қиындығыңыз шешіліп кетпеген күнде де, Құдай бекем болуыңыз үшін сізге қажетті күш-жігер береді (Қорынттықтарға 1-хат 10:13). Киелі кітап проблемаларымыз біржола шешілетін уақыт келе жатқанын уәде етеді!

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу