Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp17 № 2 8—9 бет.
  • Киелі кітап целибатты құптай ма?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Киелі кітап целибатты құптай ма?
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ДІН ТАРИХЫНА ҮҢІЛСЕК
  • НЕКЕСІЗ ӨМІРГЕ ҚҰДАЙ ҚАЛАЙ ҚАРАЙДЫ?
  • ІЗГІ ХАБАР ҮШІН
  • Салтбасты өмірлеріңнің игілігін барынша көріңдер!
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
wp17 № 2 8—9 бет.
Иса пайғамбар Петірдің енесін емдеді

Иса пайғамбар Петірдің енесін дертінен айықтырды (Матай 8:14, 15; Марқа 1:29—31)

Киелі кітап целибатты құптай ма?

ДҮНИЕЖҮЗІ бойынша кей діндерде, мысалға Рим-католик шіркеуінде, түрлі православ шіркеулерінде, Буддизмде дін жетекшілері мен діни қызметкерлерден целибат, яғни неке құрмау талап етіледі. Көп адамның ойынша, бұл талап діндарлардың азғын жыныстық әрекетке барған жағдайларының көбейіп кетуіне себепші болып отыр.

Осы төңіректе мынадай сұрақ қойған орынды: Құдай қызметшілері үшін целибат Киелі кітапқа негізделген талап па? Қазір некесіздіктің қалай бастау алғанын, қалай оның үрдіске айналғанын және Құдайдың бұл жайында ойы қандай екенін көрейік.

ДІН ТАРИХЫНА ҮҢІЛСЕК

“Британ энциклопедиясына” сай, целибат дегеніміз — қандай да бір дін өкілінің не тақуаның діни мақсатта неке мен жыныстық қатынастан бас тартуы. 2006 жылы Рим куриясына, содан соң XVI Бенедикт папасына арналған жолдауда міндетті целибат “сонау елшілердің заманы біткеннен кейін көп ұзамай басталған дәстүр” деп жазылды.

Алайда I ғасырдағы мәсіхшілер некесіздік діни ғұрпын ұстанған емес. Сол заманның өкілі болған елші Пауыл “Құдайдан келгендей көрінетін алдамшы сөздер” тарататын, “некеге тұруға тыйым салатын” адамдардың болатынын айтып, бір сенімдегі қызметшілерді ескерткен (Тімөтеге 1-хат 4:1—3).

Целибат II ғасырда Батыс христиан шіркеулеріне бірте-бірте еніп, үрдіске айнала бастады. “Целибат пен діни ғұрыптар” деген кітапта жазылғандай, бұл үрдіс Рим империясындағы жыныстық қатынасты тізгіндеуге қатысты пайда болған жаңа көзқарасқа сай келген.

Содан кейінгі ғасырларда шіркеу кеңестері мен шіркеудегі әкейлер некесіздікті дін қызметкерлерінің арасында алға жылжытты. Олардың ойынша, жыныстық қатынас діни қызметті арамдайды әрі діни міндеттерді атқарумен үйлеспейді. Десе де “Британ энциклопедиясындағы” мәліметке сай, X ғасырдың өзінде көптеген дінбасылардың, тіпті епископтардың да әйелдері болған.

Целибат үрдісі шіркеуге 1123 және 1139 жылдары Римде өткізілген Латеран кеңесімен күштеп енгізілді. Рим-католик шіркеуінің қызметкерлері бұл жоралғыны әлі күнге дейін ұстанып келеді. Дінбасылар отбасылы болған жағдайда, шіркеу мүлігі олардың балаларына мұраға қалатын. Ал некесіздікті ендіру арқылы шіркеу билік пен кірісті сақтап отырды.

НЕКЕСІЗ ӨМІРГЕ ҚҰДАЙ ҚАЛАЙ ҚАРАЙДЫ?

Құдайдың некесіздікке деген көзқарасы оның Сөзі — Киелі кітапта тайға таңба басқандай анық жазылған. Иса Жазбаларда өзі сияқты “Көк Патшалығы үшін” некеге тұрудан бас тартқандар жайлы айтқан (Матай 19:12). Елші Пауыл да өзіне еліктеп “ізгі хабар үшін” салтбасты болып қалуды шешкен мәсіхшілер туралы жазған (Қорынттықтарға 1-хат 7:37, 38; 9:23).

Алайда Иса да, елші Пауыл да ешкімнен некеден бас тартуды талап етпеген. Иса салтбасты болудың барлық ізбасарларына беріле бермейтін “сый” екенін айтқан. Пауыл “ешқашан некеге тұрмағандар” жайлы жазғанда, сөзінің арасында: “Иеміз маған ешқандай бұйрық берген жоқ. Бірақ... өз ойымды айтып отырмын”,— деп мойындаған (Матай 19:11; Қорынттықтарға 1-хат 7:25 сілтеме).

Киелі жазбалардан І ғасырдағы мәсіхшілердің көбі, тіпті елші Петір де, үйленген кісілер болғаны көрінеді (Матай 8:14; Марқа 1:29—31; Қорынттықтарға 1-хат 9:5). Сол уақытта Римде кең етек алған ұятсыз, жүгенсіз өмір салтын ойда тұтып, елші Пауыл үйленген мәсіхші бақылаушылардың “бір ғана әйелі,.. ал балалары мойынсұнғыш әрі тәртіпті болуы керектігін” ескерткен (Тімөтеге 1-хат 3:2, 4).

Алайда бұл некелер целибаттық неке емес еді, өйткені Киелі кітапта күйеулер “әйелі... алдындағы борышын атқаруға” тиіс екені, сондай-ақ ерлі-зайыптылар жыныстық қатынас мәселесінде “бір-бірінен бас тартпау” керек екені еш бүкпесіз жазылған (Қорынттықтарға 1-хат 7:3—5). Бұдан шығатын қорытынды — целибатты Құдай талап етпейді, әрі мәсіхші қызметкерлерге міндеттемейді.

ІЗГІ ХАБАР ҮШІН

Целибат жүктелмеген міндет болса, неге Иса мен Пауыл некесіздік жайлы жағымды мәнерде айтқан? Өйткені некеге тұрмаған адам үшін ізгі хабар таратудың түрлі есіктері ашылады. Бойдақ адам үйленгендердің басына түсетін уайым-қайғыны көрмегендіктен, өз күшін аямай бере алады (Қорынттықтарға 1-хат 7:32—35).

Давид есімді жігіт Мехико қаласындағы жалақысы жақсы жұмысын тастап, өзгелерді Киелі кітап ілімдерімен таныстыру үшін Коста-Рикадағы шалғай аймаққа көшеді. Осындай жағдайда бойдақ болғанының пайдасы тиді ме? “Әлбетте, тиді. Жаңа мәдениет пен жаңа тұрмыс-тіршілікке үйрену оңай емес еді. Алайда өз басымды ғана алып жүргендіктен, мен тез-ақ үйреніп кеттім”,— дейді ол.

Ізгі хабарды жариялаушылар жетіспейтін жерге көшіп барған салтбасты Клаудия былай дейді: “Құдайға қуана қызмет етіп жүрмін. Құдай мені тастамай, қамқорлап жатқанын көрген сайын оған сенімім артып, достығымыз нығаюда”.

“Сен тұрмыстасың ба, жоқ па — бұл соншалықты маңызды емес. Өйткені адам Ехоба Құдайға барын арнағанда ғана шын бақытты болады” (Клаудия).

Салтбастылық адам үшін ауыр жүк болмауы тиіс. Клаудия осы турасында: “Сен тұрмыстасың ба, жоқ па — бұл соншалықты маңызды емес. Өйткені адам Ехоба Құдайға барын арнағанда ғана шын бақытты болады”,— дейді (Зәбүр 119:1, 2).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу