Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp16 № 1 16-б.
  • Киелі кітапта не делінген?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Киелі кітапта не делінген?
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2016
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Өмірден өткен соң адаммен не болады?
  • Марқұм болғандар қайтадан өмір сүре ме?
  • Өлген соң адаммен не болады?
    Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
  • Өлген кезде не болады?
    Сен Құдаймен дос бола аласың!
  • Өлген соң адаммен не болады?
    Киелі жазбалардан не білеміз?
  • Өлген адамдар қайда болады?
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2016
wp16 № 1 16-б.
Қабірдің үстіне қойылған қызыл гүл

КИЕЛІ КІТАПТА НЕ ДЕЛІНГЕН?

Өмірден өткен соң адаммен не болады?

КЕЙБІР АДАМДАРДЫҢ ОЙЫНША, адам өлгенде, жаны әрі қарай өмір сүре береді. Алайда өліммен бәрі бітеді дегенге сенетіндер де бар. Ал сіз не нәрсеге сенесіз?

КИЕЛІ КІТАПТА БЫЛАЙ ДЕЛІНГЕН:

“Өлгендер ештеңе білмейді” (Уағыздаушы 9:5). Адам қайтыс болғанда ол тіршілік етуін тоқтатады.

КИЕЛІ КІТАПТА ТАҒЫ НЕ ЖАЗЫЛҒАН?

  • Адам ата өлген кезде қайтадан топыраққа айналды (Мұсаның 1-жазбасы 2:7; 3:19). Сол сияқты, адамдардың барлығы өмірден өткенде топыраққа айналады (Уағыздаушы 3:19, 20).

  • Дүниеден озған адам күнәларынан арылады, яғни оның күнәлары кешіріледі (Римдіктерге 6:7). Адам қайтыс болған соң жасаған күнәлары үшін жазаға ұшырамайды.

Марқұм болғандар қайтадан өмір сүре ме?

ҚАЛАЙ ЖАУАП БЕРЕР ЕДІҢІЗ?

  • Иә

  • Жоқ

  • Мүмкін

КИЕЛІ КІТАПТА БЫЛАЙ ДЕЛІНГЕН:

“Құдай әділдерді де, әділетсіздерді де қайта тірілтеді” (Елшілердің істері 24:15).

КИЕЛІ КІТАПТА ТАҒЫ НЕ ЖАЗЫЛҒАН?

  • Киелі кітапта өлім ұйқыға теңеледі (Жохан 11:11—14). Бізге ұйықтап жатқан адамды ояту оңай болғанындай, Құдайға да өлген адамдарды өлім ұйқысынан тұрғызу оңай (Әйүп 14:13—15).

  • Киелі кітапта өмірден өткен адамдардың қайта тірілгені жайлы бірнеше оқиға жазылған. Бұл оқиғалар — өлген адамдар шынымен де қайта тірілетінінің бұлтартпас дәлелі (Патшалар 1-жазба 17:17—24; Лұқа 7:11—17; Жохан 11:39—44).

Көбірек мәлімет алу үшін Ехоба куәгерлері басып шығарған “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” кітабының 6-тарауын қараңыз.

Бұл кітапты www.jw.org/kk сайтынан жүктей аласыз

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу