Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • ijwbq 53-мақала
  • Өлген соң адаммен не болады?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Өлген соң адаммен не болады?
  • Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Киелі кітаптың жауабы
  • Киелі кітапта не делінген?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2016
  • Өлген адамдар қайда болады?
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Өлген соң адаммен не болады?
    Киелі жазбалардан не білеміз?
  • Олардың Шайтанды тыңдағаны неге әкеп соқты?
    Құдайды тыңдаңыз, сонда мәңгі жасайсыз
Көбірек мәлімет
Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
ijwbq 53-мақала

Өлген соң адаммен не болады?

Киелі кітаптың жауабы

“Тірілер өлетінін біледі, ал өлгендер ештеңе білмейді”,— дейді Киелі кітап (Уағыздаушы 9:5; Зәбүр 146:4). Демек, өлген кезде адам тіршілігін тоқтатып, өмірден жоқ болады. Ол ештеңені ойлап, сезіне алмайды, ешқандай әрекет те істей алмайды.

“Қайтадан топыраққа айналасың”

Құдай Тағала өлген соң адаммен не болатынын айтып өткен. Алғаш жаратылған адам баласы Адам ата Құдайдың тілін алмағандықтан, Құдай оған: “Сен топырақтан жаратылдың, қайтадан топыраққа айналасың”,— деді (Мұсаның 1-жазбасы 3:19). Құдай Адам атаны “жердің топырағынан” жаратпай тұрғанда, ол тіршілік етпеген яки жоқ болған (Мұсаның 1-жазбасы 2:7). Дәл солай, өлген кезде ол қайтадан топыраққа айналып, жоқ болды.

Қазір де қайтыс болған адамдармен осылай болады. Киелі кітапта жануарларға да, адамдарға да қатысты былай делінген: “Барлығы топырақтан жаратылды, барлығы қайтадан топыраққа айналады” (Уағыздаушы 3:19, 20).

Өліммен бәрі бітпейді

Киелі кітап өлімді жиі ұйқыға ұқсатады (Зәбүр 13:3; Жохан 11:11—14; Елшілердің істері 7:60). Шырт ұйқыда жатқан адам айналасында не болып жатқанын сезбейді. Дәл сол сияқты, марқұмдар да ештеңені білмейді де, сезбейді де. Алайда Киелі кітапта Құдай өлілерді өлім ұйқысынан тұрғызып, қайтадан өмір сыйлай алатыны айтылған (Әйүп 14:13—15). Құдай кімді қайта тірілтсе, сол адамдар үшін өліммен бәрі бітпейді.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу