КИЕЛІ КІТАП. СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
Періштелер бізге көмектесе ме?
Кезінде періштелер Құдайдың адал қызметшісі Даниялға көмектескен, бүгінде олар адамдарға ізгі хабарды білуге көмектесуде
Ехоба Құдай адам баласын жаратудан ұзақ уақыт бұрын миллиондаған періштені жаратқан (Әйүп 38:4, 7). Періштелер Құдайға қызмет ететін құдіретті рухани жаратылыстар. Құдай кейде оларды жердегі қызметшілеріне басшылық беру үшін және қорғау үшін жібереді (Забур 90:10, 11). Бүгінде періштелер ізгі хабарды уағыздап жүрген Исаның ізбасарларын ақжүрек адамдарға бағыттау арқылы көмектесуде (Аян 14:6, 7 оқыңыз).
Дұғаларды періштелерге бағыттауымызға бола ма? Жоқ. Дұға ету — ғибадаттың бір бөлігі, сол себепті ол тек Құдайға тиесілі (Аян 19:10). Періштелер Құдайдың қызметшілері болғандықтан, адамның емес, Құдайдың айтқанын орындайды. Сондықтан біз дұғаларымызды Иса арқылы тек Құдайдың өзіне бағыштауымыз керек (Забур 102:20, 21; Матай 26:53 оқыңыз).
Зұлым періштелер бар ма?
Адамдар сияқты, періштелер де ерік бостандығымен, дұрыс пен бұрысты таңдай алатындай етіп жаратылған. Кейбір періштелер сол еркіндіктерін дұрыс қолданбай, Құдайға қарсы шықты (Петірдің 2-хаты 2:4). Солардың алғашқысы Шайтан, ал оған ерген басқалары жын-перілер еді. Шайтан мен оның жын-перілері көктен қуылып, жерге лақтырылды (Аян 12:7—9 оқыңыз).
1914 жылдан бері жер бетінде зұлымдық пен қатыгездік күшейіп, кең етек алды. Бұл Құдайдың жуырда Шайтан мен жын-періштелерді әрекетсіз күйге түсіретінін білдіреді. Содан соң Құдай жер бетін о баста ниет еткендей жұмақ бағына айналдырады (Аян 12:12; 21:3, 4 оқыңыз).