Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w13 15.6. 7—11 бет.
  • Ехобаның қасиеттерін барынша бағала

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ехобаның қасиеттерін барынша бағала
  • 2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ЕХОБАҒА ЖАҚЫНДАУ ОҢАЙ
  • ӨТЕ БАҒАЛЫ ҚАСИЕТ
  • БАУЫРЛАСТАРМЕН СӨЙЛЕСУГЕ УАҚЫТ БӨЛ
  • ЕХОБА ЕШКІМДІ АЛАЛАМАЙДЫ
  • БІЗ ЕХОБАҒА ЕЛІКТЕЙ АЛАМЫЗ
  • Ехоба сияқты ешкімді алаламайық
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2021)
  • Кішіпейіл Құдайымыз Ехобаға еліктейік
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2025
  • Бет-жүзге қарамайтын Құдайымыз Ехобаға еліктеңдер
    2003 жылғы ағылшын тіліндегі “Күзет Мұнарасы” журналынан алынған зерттеуге арналған мақалалар
  • Өзгелерге Иса сияқты қызмет етейік!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
Көбірек мәлімет
2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w13 15.6. 7—11 бет.

Ехобаның қасиеттерін барынша бағала

“Сүйікті балалары ретінде Құдайға еліктеңдер” (ЕФЕС. 5:1).

ҚАЛАЙ ЖАУАП БЕРЕР ЕДІҢ?

  • Ехобаның қасиеттерін бағалай түсу үшін не істеу керек?

  • Қандай адамдарға жақындау оңай?

  • Ешкімді алаламау жағынан Ехобаға қалай еліктей аламыз?

1. а) Мәсіхшілердің ойына ең алдымен Ехобаның қандай қасиеттері келеді? ә) Құдайдың қасиеттерін зерттеудің пайдасы қандай?

ЕХОБА туралы ойлағанда, бәрінен бұрын оның қандай қасиеттері ойыңа келеді? Көбіміз оның сүйіспеншілігі, әділдігі, даналығы және құдіреті туралы ойлайтын шығармыз. Дегенмен біз Ехобаның басқа да керемет қасиеттері бар екенін білеміз. Біздің әдебиеттерде жылдар бойы оның 40-тан астам қасиеті туралы мақалалар жарық көрген. Солардың көмегімен жеке не отбасымен бірге зерттеу жүргізсек, Ехобамен қаншалықты жақын таныса аламыз десеңші! Сонда көктегі Әкеміздің қасиеттерін бағалай түсеміз. Сондай-ақ Құдайға жақындауға және оған еліктеуге деген ықыласымыз да артады (Ешуа 23:8; Заб. 72:28).

2. а) Ехобаның қасиеттерін бағалай түсу үшін не істеуіміз керектігін мысалмен түсіндір. ә) Біз нені қарастырамыз?

2 Әдетте адам қандай да бір нәрсенің құндылығын бірте-бірте түсінеді. Мысал үшін, сен бір жаңа тағамды жеп көрейін деп жатырсың делік. Алдымен сен оның мұрын жаратын иісіне қызығасың. Сосын одан ауыз тиіп, дәміне тамсанасың. Ал кейін бұл тағамды өзің де дайындай бастайсың. Сол сияқты Ехобаның қасиеттері туралы білсек, оларға ой жүгіртсек және артынша өмірімізде танытсақ, оларды бағалай түсеміз (Ефес. 5:1). Осы және келесі екі мақаланың мақсаты — Құдайдың кейбір қасиеттерін бағалай түсуімізге көмектесу. Оларды талқылау кезінде біз мынадай сұрақтарға жауап алуға тырысамыз: Бұл қасиеттің мағынасы қандай? Ехоба оны қалай танытады? Біз Ехобаға еліктеп, бұл қасиетті қалай таныта аламыз?

ЕХОБАҒА ЖАҚЫНДАУ ОҢАЙ

3, 4. а) Біз қандай адамдардың қасында өзімізді еркін сезінеміз? ә) Неліктен Ехобаға жақындау оңай?

3 Сен қандай адамдармен өзіңді еркін сезінесің? Бәлкім, мейірімді, ашық-жарқын, сөйлесуге оңай адамдармен шығар. Бұл қасиеттер адамның сөздерінен, бет-әлпетінен және ым-ишаратынан көрінеді.

4 Міне, Ехоба осындай. Әлемді жаратқан құдіретті Құдай бола тұра, Ехоба дұғаларымызды тыңдайтынына және тілегімізді орындайтынына сендіреді (Забур 144:18; Ишая 30:18, 19 оқы). Біз Құдаймен кез келген уақытта және қанша сөйлескіміз келсе, сонша сөйлесе аламыз. Біз оған еркін тіл қатамыз, өйткені бізді еш жазғырмай-ақ тыңдайтынын білеміз (Заб. 64:3; Жақ. 1:5). Құдай Сөзінде Ехобаның қалай сипатталғанынан оның өзіне жақындағанымызды қалайтыны көрінеді. Мысалы, Дәуіт патша Ехобаның бізге “назар аударатынын” және “құдіретті қолымен” демейтінін айтқан (Заб. 33:16; 62:9). Ишая пайғамбар Ехобаны шопанға теңеп былай деген: “Қозыларын” қолына алып, кеудесіне басып көтеріп, “саулықтарын” жайлап алға бастап жүреді” (Ишая 40:11). Ехоба өзімізді шопан кеудесіне басқан қозыдай сезінгенімізді қалайды. Еркін жақындай алатын Әкеміздің болғаны қандай жақсы! Біз оған қалай еліктей аламыз?

ӨТЕ БАҒАЛЫ ҚАСИЕТ

5. Ақсақал сөйлесуге оңай адам болғаны неліктен маңызды?

5 Осыдан аз уақыт бұрын дүниенің төрт бұрышындағы кейбір құлшынысты Куәгерлерге: “Сен үшін ақсақалдың қандай қасиеті әсіресе бағалы?” деген сұрақ қойылды. Сонда олардың басым көпшілігі “Олармен еркін сөйлесуге болатыны” деп жауап берді. Бәріміз де осы жағынан жақсарғымыз келеді, алайда ақсақалдарға осындай болу әсіресе маңызды (Ишая 32:1, 2). Бір әйел бауырлас бұл қасиеттің маңыздылығы туралы былай деді: “Ақсақалға жақындау оңай болса ғана, оның басқа да жақсы қасиеттері бізге пайдасын әкеледі”. Иә, бұл расында да солай. Олай болса, өзгелер сенімен еркін сөйлесе алуы үшін не істей аласың?

6. Адамдарға бізбен сөйлесу оңай болу үшін не істеуіміз керек?

6 Адамдарға бізбен сөйлесу оңай болу үшін, оларға өзгелердің қамын шын жүректен ойлайтынымыз көрініп тұру керек. Егер ақсақал өзгелердің қамын ойлағандықтан көмектесуге әзір болса, үлкендер де, жастар да мұны байқайды (Мар. 10:13—16). 12 жасар Карлос былай дейді: “Мен ақсақалдардың Патшалық сарайында жымиып, жылы шырай танытатынын көремін. Бұл маған қатты ұнайды”. Әрине, ақсақалдың көмектесуге және тыңдауға дайынмын деп айтқаны жеткіліксіз, ол мұны іс жүзінде көрсетуі қажет (Жох. 1-х. 3:18). Қалайша?

7. Біз плакетка таққанда, неліктен адамдар бізбен сөйлескісі келеді және бұдан қандай сабақ аламыз?

7 Келесі мысалды қарастырайық. Жақында бір ер бауырлас шетелде болған конгрестен үйіне ұшақпен қайтып бара жатқанда, плакеткасын тағып жүрді. Ұшақтағы жолаушыларға қызмет көрсететін аспансерік плакеткадағы “Құдай патшалығы келсін!” деген жазуды көргенде: “Лайым солай болсын!”— деді. Кейін олар жақсы әңгімелесіп, жігіт біздің журналдарды қуана алып қалды. Бізде де осыған ұқсас жағдайлар болған шығар. Неге плакеткаларымыздың арқасында жиі жақсы әңгіме басталып жатады? Өйткені оны көргенде, адамдар қайда бара жатқанымызды білгісі келіп кетеді. Сондай-ақ бұл — сеніміміз жайлы сөйлесуге дайын екеніміздің көзге түсетін белгісі. Сол сияқты, мәсіхші ақсақалдар сөйлесуге дайын екендерін көрсеткісі келеді. Олар мұны қалай істей алады?

8. Ақсақалдар өзгелердің қамын ойлайтындарын қалай көрсете алады және бұл қауымға қалай әсер етеді?

8 Әр елдің мәдениеті әртүрлі, бірақ әдетте бауырластарымызды жымиып қарсы алғанда, қол алысып амандасқанда не достық пейіл танытқанда олардың қамын ойлайтынымызды көрсетеміз. Кім мұны бірінші болып істеу керек? Иса қандай үлгі көрсеткенін көрейік. Матай баяндағандай, шәкірттерімен кездескенде, Иса “қастарына келіп”, олармен сөйлесе бастаған (Мат. 28:18). Сол сияқты ақсақалдар да бауырластарға бірінші болып барып, сөйлесуге тырысады. Бұл қауым мүшелеріне қалай әсер етеді? 88 жастағы ізашар әйел бауырласымыз былай деді: “Патшалық сарайына кіргенде ақсақалдардың достық көңіл танытатыны және жылы сөздер айтатыны үшін мен оларды қатты бағалаймын”. Ал тағы бір әйел бауырлас былай деп бөлісті: “Бұл болмашы болып көрінгенмен, ақсақалдардың жылы шыраймен қарсы алғаны мен үшін өте маңызды”.

БАУЫРЛАСТАРМЕН СӨЙЛЕСУГЕ УАҚЫТ БӨЛ

9, 10. а) Ехоба бізге қандай үлгі көрсетеді? ә) Ақсақалдар Ехобаға қалай еліктей алады?

9 Әрине, өзгелер бізбен сөйлесе алу үшін, оларға уақыт бөлуіміз қажет. Ехоба бізге осы жағынан үлгі болып табылады. Киелі кітапта: “Ол әрқайсымыздан алыс емес”,— делінген (Ел. іс. 17:27). Бауырластар ақсақалға еркін жақындай алуы үшін, ол қауым кездесулерінің алдында және кейін олардың үлкеніне де, кішісіне де көңіл бөлгені жөн. Бір ізашар ер бауырлас: “Ақсақал хал-жағдайымды сұраған соң, кідіріп, жауабымды тыңдаса, өзімді керек сезінемін”,— деді. Ехобаға 50 жылдай қызмет етіп келген әйел бауырлас болса былай деді: “Ақсақалдар кездесу біткен соң менімен әңгімелесуге уақыт бөлсе, олар мені бағалайтынын сезінемін”.

10 Ақсақалдардың жауапкершіліктері көп екені рас. Дегенмен қауым кездесулерінде олар ең алдымен бауырластарға көңіл бөлгендері жөн.

ЕХОБА ЕШКІМДІ АЛАЛАМАЙДЫ

11, 12. а) Адамдарды алаламау деген нені білдіреді? ә) Ехоба қалай алаламаушылық танытқан?

11 Ехобаның керемет қасиеттерінің тағы бірі — ешкімді алаламайтыны. Алаламау деген әділ болып, бәріне бірдей қарауды білдіреді. Адамдарға деген көзқарасымыз осындай болса ғана, біз оларды шынымен алаламайтын боламыз. Грек жазбаларында “алаламау” сөзі тура мағынада “адамның бет-жүзіне қарамау”, яғни адамдарды түріне қарап бөліп-жармау дегенді білдіреді (Ел. іс. 10:34 Кк). Демек, адамның түріне не қалтасына емес, болмысына қарау керек.

12 Ехоба бұған қатысты ең керемет үлгі көрсетеді. Киелі кітапта Құдайдың “ешкімді алаламайтыны”, яғни “ешкімнің бет-жүзіне қарамайтыны” айтылған (Елшілердің істері 10:34, 35; Заңды қайталау 10:17 оқы). Мұны біз Мұсаның кезінде болған бір жағдайдан көре аламыз.

Салопахадтың қыздары Құдайдың оларды алаламағаны үшін риза болды (13, 14-абзацтарды қара)

13, 14. а) Салопахадтың бес қызының қандай қиын мәселесі болды? ә) Ехоба қалайша ешкімді алаламайтынын көрсетті?

13 Исраил халқы Уәде етілген жердің табалдырығынан аттағалы тұрғанда, күйеуге шықпаған бес апалы-сіңлілі бір қиын мәселеге кезікті. Олардың әулеті басқа әулеттермен қатар әкелеріне тиесілі жерді иемденуі керек болған (Ру. сан. 26:52—55). Алайда Манаса руынан шыққан әкелері Салопахад қайтыс болып кетті. Дәстүр бойынша жерді тек оның ұлдары мұра ете алатын, бірақ оның бірде-бір ұлы болмады (Ру. сан. 26:33). Енді жерлері туыстарына беріліп, бұл қыздар мұралық жерсіз қала ма?

14 Бес қыз Мұсаға барып, одан: “Артынан қалған ұлы жоқ болғандықтан, әкеміздің аты өз әулетінен өшіп қалуға тиіс пе? Сол себептен бізге әкеміздің ағайындарының арасынан мұралық жер үлестіріп берсеңіз екен,”— деп сұрады. Сонда Мұса оларға “Бұл заң, мен одан аттап өте алмаймын” деді ме? Жоқ, қайта ол “олардың даулы мәселесін Жаратқан Иенің алдына жеткізді” (Ру. сан. 27:2—5). Сонда Ехобаның Мұсаға берген жауабы мынау болды: “Салопахадтың қыздары дұрыс айтады. Оларға әкесінің ағайындарының арасынан, сөзсіз, мұралық жер үлестіріп беруің керек. Әкелеріне тиесілі мұралық жерін қыздарына табыста”. Алайда Ехоба мұнымен шектелген жоқ. Ол мұны заңға енгізуді бұйырып: “Егер біреу артынан ұл қалдырмай қайтыс болса, онда оның мұралық жерін қызына табыстаңдар”,— деді (Ру. сан. 27:6—8; Ешуа 17:1—6). Содан бастап осындай жағдайға душар болған кез келген исраилдік әйелдің құқы қорғалатын болды.

15. а) Ехоба өз қызметшілеріне, оның ішінде қамқоршысы жоқтарына да, қалай қарайды? ә) Ехоба адамның бет жүзіне қарамайтынын көрсететін тағы қандай мысал білесің?

15 Бұл неткен әділ шешім еді! Ехоба қорғаушысы жоқ бұл қыздарды алаламады әрі өзге исраилдіктерден кем санамай, оларға құрмет көрсетті (Заб. 67:6). Алайда бұл Ехобаның барлық қызметшілеріне бірдей қарайтынын көрсететін мысалдардың бірі ғана (Пат. 1-ж. 16:1—13; Ел. іс. 10:30—35, 44—48).

БІЗ ЕХОБАҒА ЕЛІКТЕЙ АЛАМЫЗ

16. Ехобаға еліктеп, адамдарды бөліп-жармауды қалай үйренуге болады?

16 Ал сен Ехобаға еліктеп, адамдарды бөліп-жармауды қалай үйрене аласың? Есіңде болсын, адамдарды алаламау үшін алдымен көзқарасың дұрыс болу керек. Бәлкім, біз өзімізді көзі ашық, әділ адам деп санайтын шығармыз. Бірақ өз сезіміңе дұрыс баға беру оңай бола бермейтінімен келісерсің. Ендеше, ешкімді алаламайтынымызға қалай көз жеткізіп алуға болады? Мәселен, Иса жұрт ол туралы не ойлайтынын білгісі келгенде, сырлас достарынан: “Жұрт көктен келген Билеушіні кім деп жүр?”— деп сұраған (Мат. 16:13, 14). Неге Исаға еліктеп, шынын айтатын досыңнан сен туралы айтып беруін сұрамасқа? Егер ол сенің кейде бір ұлтты өзге ұлттан жоғары қоюға, білімі не ақшасы көбірек адамдарға ерекше ықылас танытуға бейімдеу екеніңді байқағанын айтса, не істеуің керек? Ехобаға дұға айтып, ешкімді алаламау жағынан оған барынша еліктей алуың үшін, көзқарасыңды өзгертуге көмектесуін сұрап жалбарын (Мат. 7:7; Қол. 3:10, 11).

17. Ешкімді алаламайтынымызды қалай көрсете аламыз?

17 Мәсіхшілер қауымында барлығына бірдей қарап, бәріне құрмет көрсетсек, Ехобаға еліктейтінімізді көрсетеміз. Мысалы, шыққан ортасы әртүрлі бауырластарды қонаққа шақыруға болады. Бұл кедей не жетім-жесірлер болуы мүмкін (Ғалаттықтарға 2:10; Жақып 1:27 оқы). Патшалық туралы ізгі хабарды уағыздағанда да біз адамдарды шыққан тегіне не ұлтына қарап бөліп-жармаймыз. Ехобаның ұйымы шығаратын әдебиеттер 600-дей тілге аударылады. Бізде ешкімді алаламайтынымызды көрсетуге неткен керемет мүмкіндік бар десеңші!

18. Ехобаның қасиеттеріне жеке өзің қалай еліктегің келеді?

18 Ехобаға жақындау оңай екені және оның ешкімді алаламайтыны туралы ойлағанда, оған деген ризашылығымыз артатыны сөзсіз. Ал бұл бізді Ехобаға барынша еліктеп, осы қасиеттерді бауырластарымызбен араласқанда және өзге адамдарға уағыздағанда танытуға талпындырады.

“Иеміз Өзіне сиынғандардың жанында” (Заб. 144:18) (9-абзацты қара)

“Құдай ешкімнің бет-жүзіне қарамайды” (Заң. қ. 10:17) (17-абзацты қара)

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу