Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w13 1.4. 8—9 бет.
  • Киелі кітап адамның өмірін өзгертеді

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Киелі кітап адамның өмірін өзгертеді
  • 2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Киелі кітап адамның өмірін өзгертеді
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • “Енді басқа арманым жоқтай көрінді”
    Киелі кітап адам өмірін өзгертеді
  • Киелі кітап адамның өмірін өзгертеді
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Киелі кітап адамның өмірін өзгертеді
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w13 1.4. 8—9 бет.

КИЕЛІ КІТАП АДАМНЫҢ ӨМІРІН ӨЗГЕРТЕДІ

“Бұрында бұзақы болғанмын”

Айтып Берген: Эса Лейнонен

  • ТУҒАН ЖЫЛЫ: 1960

  • ЕЛІ: ФИНЛЯНДИЯ

  • БҰРЫНДА: ХЭВИ-МЕТАЛ ӘНШІСІ

ӨМІРБАЯНЫМ:

Мен теңіздің жағасында орналасқан Турку қаласының қара жұмысшылар қалашығында өстім. Әкем бокстан чемпион болатын, содан болар, інім екеуміз де спорттың осы түрімен шұғылдана бастадық. Мектеп қабырғасында жүргенде, мені жиі төбелеске шақыратын, ал мен жұдырығымды қолданып қалудан еш тартынған емеспін. Өсе келе аты шулы бір бұзық топқа қосылдым. Олармен жүріп сорақы қақтығыстарға қатысатын болдым. Бұған қоса, хэви-метал музыкасымен әуестене бастап, рок жұлдызы болу арманыма айналды.

Сөйтіп бірнеше барабан сатып алып, өзімнің тобымды құрдым да, сол топтың негізгі әншісі болдым. Сахнада өзімді қалай болса солай ұстағанды ұнататынмын. Тобымызға агрессиялық мінез-құлық тән болғандықтан және сырт көрінісіміз де соған сай келгендіктен, бірте-бірте көпшіліктің қошеметіне бөлене бастадық. Сосын үлкен сахналарға да шығатын болдық, бірнеше таспамыз да жарық көріп, жоғары бағаланды. Тобымызды әйгілі ету мақсатымен 80 жылдардың аяғына қарай Құрама Штаттарға сапар шектік. Нью-Йорк пен Лос-Анджелесте бірнеше концерт бердік және Финляндияға қайтпас бұрын, музыка индустриясындағы атақты кісілердің біразымен танысып алдық.

Топта болғаным маған ұнайтын, алайда өмірімнің мән-мағынаға толғанын қаладым. Музыка әлеміндегі адамдардың бақталастығы мен дөрекі мінез-құлқынан көңілім қалды. Өзімнің жеңіл-желпі өмір кешкенімнен де шаршап кеттім. Жаман адам болғанымды ішкі дүнием сезетін-ді, тозақ отында жанудан да қорқатынмын. Сөйтіп, түрлі діни кітаптардан кейбір сұрақтардың жауабын іздеуге кірістім. Құдайға өзімнің еш ұнамайтынымды білсем де, одан көмек сұрап жалбарындым.

КИЕЛІ КІТАП ӨМІРІМДІ ӨЗГЕРТТІ:

Күн көру үшін пошта бөлімінде жұмыс істедім. Сондағы бір әріптесімнің Ехоба куәгері екенін білгенімде, оған сұрақтарды оқша жаудырдым. Оның қисынды әрі Киелі кітапқа негізделген жауаптары мені бейжай қалдырмады. Содан мен онымен Киелі кітапты зерттеуге келістім. Бірнеше аптадан кейін менің тобыма Құрама Штаттарда альбомызды шығару мүмкіндігі туып, келісім-шартқа отыру ұсынылды. Бұл керемет ұсыныс еді. Мен мұны тағдырдың сыйы деп ойладым.

Әлгі Куәгерге тағы бір альбом шығарғым келетінін, ал содан соң Киелі кітап принциптерімен жүріп-тұруды жақсылап қолға алатынымды айттым. Ол бұған қатысты жеке пікірін айтып жатпай, жай ғана Матай 6:24-тегі Иса пайғамбардың сөздерін оқып беруімді сұрады. Бұл тармақта: “Ешкім екі қожайынға бірдей құл бола алмайды”,— делінген еді. Иса пайғамбар айтқан бұл сөздердің мәнін ұққанымда, көзім алақандай болды. Бірақ бірнеше күннен кейін менімен зерттеп жүрген Куәгердің көзі алақандай болды! Өйткені мен оған Киелі кітап бойынша өмір сүруді қалағандықтан, тобымнан кеткенімді айттым.

Киелі кітап менің осал жақтарымды көрсеткен айна іспетті болды (Жақып 1:22—25). Мен одан өзімнің бұзақы, өзімшіл әрі атаққұмар болғанымды көрдім. Бұған дейін тұрпайы сөйлеп, төбелеске жиі араласып, сондай-ақ ішімдік ішіп, темекі шегіп өмір сүруге дағдыланып қалған мына мен Киелі кітап принциптеріне қайшы келіп жүргенімді түсінгенімде, салым суға кетті. Десе де қажетті өзгерістер жасауға бел будым (Ефестіктерге 4:22—24).

“Жаратқан Иеміз — мейірімді Құдай, әрі ол қателіктеріне өкінгендердің жарасын жазуды қалайды”

Бұрынғы қателіктерім үшін, әсіресе бастапқы кездері, өзімді жегідей жеп қынжылатынмын. Бірақ менімен зерттеп жүрген Куәгер өз көмегін аямады. Ол маған Ишая 1:18-дегі: “Күнәларың ал қызыл болса да, рақым етіп, сендерді қардай аппақ қылмақпын”,— деген сөздерді көрсетті. Киелі кітаптың осы және басқа да тармақтары мынаған көзімді жеткізді: Жаратқан Иеміз — мейірімді Құдай, әрі ол қателіктеріне өкінгендердің жарасын жазуды қалайды.

Осылай Ехоба Құдайды танып, оған деген сүйіспеншілігім арта бастады. Бұл өмірімді оған бағыштауға талпындырды (Забур 39:9). 1992 жылы Санкт-Петербургте өткен Ехоба куәгерлерінің халықаралық конгресінде шомылдыру рәсімінен өттім.

ТИГІЗГЕН ПАЙДАСЫ:

Ехобаның қызметшілерінің арасынан көптеген жақсы достар таптым. Арагідік олармен бірге бас қосып, жақсы әндер айтып, Құдайдың берген осы сыйынан рақат табамыз (Жақып 1:17). Ерекше бата деп сүйікті жарым Кристинаны айтар едім. Онымен бірге өмірдің ыстық-суығын көріп келемін. Ол — ішкі дүниемді жақсы түсінетін жан.

Егер Ехоба куәгері болмағанымда, қазір тірі жүрмеуім де мүмкін еді. Бағыт-бағдарсыз өмір сүргендіктен, жиі тығырыққа тіреліп, қиындықтарға кезіге беретінмін. Ал енді өмірімде көздейтін мақсатым бар және көңілім жай тапты.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу