Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w13 1.3. 13-б.
  • Құдайдың қай заңы ең маңызды?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құдайдың қай заңы ең маңызды?
  • 2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Сені сүйетін Құдайды сүй
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Маңайымыздағы адамды сүю деген не?
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • “Ехоба Құдайыңды сүй!”
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • “Жақыныңды өзіңді сүйгендей сүй”
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w13 1.3. 13-б.

ҚҰДАЙҒА ЖАҚЫНДАҢЫЗ

Құдайдың қай заңы ең маңызды?

Құдайға ұнамды болу үшін не істеу қажет? Бұл үшін сансыз көп заң орындау керек пе? Қуанышымызға орай, олай емес. Құдайға ұнамды болу үшін не істеу керектігін Иса пайғамбар бір-ақ ауыз сөзбен түсіндірген (Марқа 12:28—31 оқыңыз).

Алдымен, Исаның бұл сөздерді айтуына не себеп болғанына көңіл бөлейік. Еврейлердің күнтізбесі бойынша 11 нисан күні, өлерінен бірнеше күн бұрын, ол ғибадатханада тәлім беріп жатқан. Қарсыластары оны сөзден ұстау үшін, дау тудыратын бірнеше сұрақ қойды. Иса әрқайсысына жауап бергенде, олар қарсы ештеңе айта алмады. Сонда біреу Исадан: “Ең басты өсиет қандай?”— деп сұрады (28-тармақ).

Бұл қиын сұрақ еді. Себебі кейбір яһудилер Мұса заңындағы 600-ден астам заңның қайсысы ең бастысы деп дауласса, басқа біреулері сол заңның бәрі бірдей маңызды, бірін екіншісінен маңызды санау дұрыс емес деп есептейтін. Бұл сұраққа Иса қалай жауап берді екен?

Иса өз жауабында бір емес, екі заңға назар аударды. Алдымен, ол: “Ехоба Құдайыңды шын жүректен, бүкіл жан-тәніңмен, барлық ақыл-ойыңмен және бар күш-қуатыңмен сүй!”— деді (30-тармақ; Заңды қайталау 6:5). Мұндағы “жүрек”, “жан-тән”, “ақыл-ой” және “күш-қуат” деген сөздердің мағыналарында ұқсастық бар, әрі олар бір-бірін үстемелеп, адамның ішкі дүниесіне нұсқайдыa. Осылайша Иса Құдайға деген сүйіспеншілігіміздің қаншалықты зор болу керектігіне барынша екпін түсірген. Демек, Ехоба Құдайға деген сүйіспеншілік адамның бойында және қолында бардың бәрін қамтиды. Киелі кітап туралы бір еңбекте: “Құдайды барынша және толығымен жақсы көру қажет”,— делінген. Егер сіз Құдайды осылай жақсы көрсеңіз, оған ұнамды болу үшін күн сайын қолдан келгеннің бәрін істейтін боласыз (Жоханның 1-хаты 5:3).

Сосын Иса: “Жақыныңды өзіңді сүйгендей сүй”,— деді (31-тармақ; Леуіліктер 19:18). Құдайға және адамға деген сүйіспеншілік — бір-бірінен ажырағысыз сезімдер. Екіншісі біріншісінен туындайды (Жоханның 1-хаты 4:20, 21). Егер адамдарды жақсы көрсек, оларға өзімізге қарағандай қараймыз (Матай 7:12). Осылай бізді де, оларды да өзіне ұқсас етіп жаратқан Құдайды жақсы көретінімізді көрсетеміз (Жаратылыс 1:26).

Құдайдың бізден нені талап ететінін бір сөзбен ғана айтуға болады: бұл — сүйіспеншілік

Құдайды және адамдарды жақсы көру керектігі жөнінде заң қаншалықты маңызды? Иса: “Бұлардан ұлы өсиет жоқ”,— деген (31-тармақ). Ал осы оқиға жайлы жазылған Киелі кітаптың басқа бір тұсында, Иса Мұса заңындағы қалған заңдардың осы екі заңға негізделгенін айтқан (Матай 22:40).

Құдайға ұнамды болу қиын емес. Оның бізден нені талап ететінін бір сөзбен ғана айтуға болады: бұл — сүйіспеншілік. Құдай өзін жақсы көруді қызметшілерінен барлық уақытта талап еткен, әрі талап ете бермек. Алайда сүйіспеншілік тек сөзбен не сезіммен шектелмей, іс-әрекеттен де көріну керек (Жоханның 1-хаты 3:18). Ендеше, сүйіспеншілік болып табылатын Ехоба Құдайды жақсы көруді және мұны іс жүзінде көрсетуді неліктен үйренбеске? (Жоханның 1-хаты 4:8).

Наурызда оқитын Киелі Кітап үзіндісі:

Марқа 9—16-тарау — Лұқа 1—6-тарау

a Киелі кітаптағы “жан” сөзі адамды білдіреді. Сондықтан “жан” сөзінің аясына “жүрек” те, “ақыл-ой” да, “күш-қуат” та кіреді.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу