Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w12 1.10. 22-б.
  • Сіз білгенсіз бе?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сіз білгенсіз бе?
  • 2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Ол өзі үшін өлімнің, халқы үшін өмірдің жолымен жүрді
    Сенімін серік еткендер
2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w12 1.10. 22-б.

Сіз білгенсіз бе?

Киелі кітап жазылған заманда хаттарды қалай жолдаған?

Ежелде Парсы елінің мемлекеттік маңызы бар хаттары үкіметтің пошта қызметі арқылы жөнелтілетін. Мұның қандай жолмен жүзеге асырылғаны Киелі кітапта былай сипатталады: “Мардохай осы хаттарды Ахасуер [Артаксеркс] патшаның атынан жазғызып, патшаның мөрлі жүзігімен бекітті. Содан хаттарды патшаның ат қорасынан шыққан жүйрік сайгүліктерге мінген шабармандар арқылы жан-жаққа жіберді” (Естер 8:10). Рим империясы да дәл осындай қызмет жүйесі арқылы әкімшілік және әскери хаттарын жолдап отырған.

Алайда Пауылдың хаттары сияқты жеке хаттарды мұндай жолмен жіберуге болмайтын. Егер адам бай болса, ол бұл мақсатта өзінің қызметшісін жөнелтетін. Ал мұндайға мүмкіндігі жоқ көп адам хатты сол бағытта сапар шеккен таныстары не тіпті бөтен адамдар арқылы беріп жіберетін. Олардың арасында туыстары мен дос-жарандары, сарбаздар мен саудагерлер де бар еді. Әрине, ең бастысы ол адам хабарды дәл жеткізіп, аманатқа қиянат жасамайтын сенімді адам болу керек-тін. Киелі кітаптан көрінетіндей, Пауыл кей хаттарын бір сенімдегі бауырластары арқылы жіберген (Ефестіктерге 6:21, 22; Қолостықтарға 4:7).

Ежелгі исраилдіктер қалай сауда-саттық жасаған?

Ел экономикасы негізінен мал, ауыл шаруашылығының және айырбас сауданың арқасында дамып отырған. Мысалы, Киелі кітапта “Қой қақпасы”, “Балық қақпасы”, “Сынықтар”, яғни сынған құмыра, қақпасы жайлы айтылады. Бұл қала қақпаларының жанындағы сауда орындарына нұсқаса керек (Нехемия 3:1, 3; Еремия 19:2). Қақпа атауларынан сол жерде нақты не сатылғанын көруге болады. Сондай-ақ Киелі кітапта “наубайшылар көшесі” және сол жерде сатылған тауар саны да сөз етіледі (Еремия 37:21).

Ал бағалар жайлы не деуге болады? Бір Киелі кітап сарапшысы былай дейді: “Ғасырлар бойы бағалар өзгеріп отырған. Сондықтан сатылған заттардың бағасы қандай да бір уақыт аралығында және белгілі бір жерлерде нақты қанша болғанын анықтау мүмкін емес”. Тіпті солай болған күнде де Киелі кітап пен басқа да ежелгі мәлімет көздерінен көрінетіндей, сол кездің өзінде бағалар ақшаның құнсыздануына байланысты болған. Мысалы, ежелде құлдарды алып-сату кәдімгі нәрсе еді. Жүсіп 20 мысқал күміске сатылған. Ал бұл сол заманда, яғни б. з. б. XVIII ғасырда, құлдың орташа бағасы болған көрінеді (Жаратылыс 37:28). Үш жүз жылдан кейін құлдың бағасы 30 мысқал күміс болды (Мысырдан шығу 21:32). Б. з. б. VIII ғасырда бұл баға 50-ге жетті (Патшалықтар 4-жазба 15:20). Екі ғасыр өте Парсылар билік еткен кезде құлдың бағасы 90 не одан да жоғары болып кетті. Осыған қарағанда ақшаның құнсыздануы бұрыннан бері шешімін таппаған мәселе болып келген көрінеді.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу