Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w12 1.10. 4—6 бет.
  • Кереметтердің болуы мүмкін бе? Үш қарсы пікір

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Кереметтердің болуы мүмкін бе? Үш қарсы пікір
  • 2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Кереметтер бізді не үшін қызықтыру керек?
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Исаның кереметтері не туралы айтады?
    2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Киелі кітапта жазылған кереметтерге сенуге бола ма?
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Исаның кереметтері шындық па, әлде ойдан шығарылған ба?
    2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w12 1.10. 4—6 бет.

Кереметтердің болуы мүмкін бе? Үш қарсы пікір

1-ҚАРСЫ ПІКІР: Кереметтердің болуы мүмкін емес, олар табиғат заңдарына қайшы келеді. Біздің табиғат заңдарына қатысты түсінігіміз ғалымдардың айналаны бақылау арқылы жасаған тұжырымдарына негізделеді. Алайда табиғат заңдары грамматика ережелері сияқты. Грамматикада ережеге бағынбайтын ерекше жағдайлар болады. Сол сияқты табиғат әлемінде де оның заңдарына бағынбайтын құбылыстар бар. Расында да, біз табиғат заңдарын толық түсіне алмаймыз (Әйүп 38:4). Өз ісін жақсы көретін ғалым бүкіл өмірін белгілі бір табиғат заңын зерттеуге жұмсайтын шығар. Алайда ол табиғатта қандай да бір ерекшелікті байқаса, өзі зерттеген заңға қатысты тұжырымын қайта қарастыруына тура келеді. Шынымен де, “аққудың бәрі ақ болады” деген пікірді бір ғана қара аққу жоққа шығарады емес пе?

Адамдардың жарым-жартылай айғақтардың негізінде қалай тез ой түйетіні Джон Локтың (1632—1704) голландық елші мен Сиам елінің патшасы жайлы қызықты әңгімесінен анық көрінеді. Елші Сиам патшасына өзінің елі Голландияны сипаттай келе, пілдердің кейде судың үстімен жүретінін де айтады. Сонда патша: “Бұл мүмкін емес, елші өтірік айтып тұр”,— деп ойлайды. Алайда әлгі елші Сиам патшасының өз көзімен көріп-білгендерінен бөлек нәрсе жайлы айтқан еді. Патша мұз болып қатқан судың тіпті пілдің салмағын көтере алатынын білмейтін. Осылайша барлық айғақтарды білмеген патшаға бұл мүмкін еместей болып көрінеді.

Ондаған жыл бұрын ғана мүмкін еместей болып көрінген кейбір заманауи жетістіктер жайлы сөз қозғайық.

● 800-ден аса жолаушысы бар ұшақ сағатына 900 шақырым жылдамдықпен Нью-Йорктен Сингапурға тікелей ұшып бара алады.

● Бейне байланыстың арқасында әртүрлі материкте тұратын адамдар бетпе-бет әңгімелесе алады.

● Сіріңке қорабынан да кішкентай құрылғыға мыңдаған әнді жазуға болады.

● Бүгінде хирургтар үшін жүректі не адамның басқа да ағзаларын ауыстырып салу мүмкін болып отыр.

Осы айғақтардан қандай қисынды қорытынды жасауға болады? Бірнеше жыл бұрын ғана мүмкін еместей болып көрінген нәрселер бүгінгі таңда адам баласының қолынан келіп отыр. Олай болса, бүкіл әлемді жаратқан Құдайдың өзіміз әлі толық түсінбейтін не қайталай алмайтын ғажап істерді жасай алатыны даусызa (Жаратылыс 18:14; Матай 19:26).

2-ҚАРСЫ ПІКІР: Киелі кітап адамдарды сонда жазылғандарға иландыру үшін кереметтерге жүгінеді. Киелі кітап барлық ғажайыптарға сенуге шақырмайды. Қайта, керісінше, кереметтер мен ғаламат белгілерден сақ болуды ескертеді. Мысалы, мына бір нақты ескертуге назар аударыңызшы: “Күнәнің адамы болса Шайтанның күш беруімен осында болады, әрі түрлі кереметтер, алдамшы белгілер мен ғажайыптар көрсетеді, сондай-ақ ол әділетсіздік атаулыдан туатын алдамшылықты қолданады” (Салоникалықтарға 2-хат 2:9, 10).

Иса пайғамбар да көп адамның өздерін оның ізбасарлары деп атайтынын, ал шын мәнінде олай емес екенін айтып ескерткен. Тіпті кейбіреулер оған: “Ием, Ием, біз сенің атыңнан пайғамбарлық етпедік пе? Сенің атыңнан жындарды қуып шығып, сенің атыңнан көптеген құдіретті істер жасамап па едік?”— деу керек еді (Матай 7:22). Бірақ Иса мұндайларды өзінің ізбасарлары ретінде мойындамайтынын айтты (Матай 7:23). Осыдан анық көрінетіндей, Иса барлық кереметтер Құдайдан келеді деп үйретпеген.

Құдай өзіне қызмет ететіндердің сенімі тек ғажайыптарға ғана негізделу керек деп талап етпейді. Қайта, Киелі кітаптан көрінетіндей, сенім айғақтарға берік негізделу керек (Еврейлерге 11:1).

Мысалы, Киелі кітаптағы көпке әйгілі керемет — Исаның қайта тірілуін қарастырайық. Сол оқиғадан кейін бірнеше жыл өткен соң, Қорынт қаласындағы кейбір сенушілер Исаның қайта тірілгеніне күмән келтіре бастады. Елші Пауыл оларға қалай көмектесті? Ол жай ғана: “Сенімдерің қайда?!”— деді ме? Жоқ. Пауылдың көпке белгілі айғақтарды олардың естеріне қалай салғанын байқап көріңізші. Ол былай деді: “Жазбаларда айтылғандай, [Иса] жерленді, ал үшінші күні қайта тірілді. Сосын, Кефаға, кейін он екі елшіге көрінді. Бұдан соң бір мезгілде 500-ден аса бауырласқа көрінді. Олардың көбі әлі арамызда” (Қорынттықтарға 1-хат 15:4—8).

Сол қорынттықтардың Иса Мәсіхтің қайта тірілгеніне сенгені қаншалықты маңызды еді? Пауыл былай деді: “Мәсіх қайта тірілмесе, уағызымыздың да, сеніміміздің де бекер болғаны” (Қорынттықтарға 1-хат 15:14). Пауыл үшін сенімін шын мәнінде орын алған кереметке негіздегені өте маңызды еді. Ол Исаның қайта тірілгені шынымен болған ғажайып екенін білген. Өйткені мұны сол уақытта әлі тірі болған жүздеген куәгер растай алатын. Тіпті сол куәгерлер өз көргендерін жоққа шығарғанша, өлген артық деп санаған (Қорынттықтарға 1-хат 15:17—19).

3-ҚАРСЫ ПІКІР: Білімсіз адамдар кейбір табиғат құбылыстарын бұрыс түсінгендіктен, оларды керемет деп санайды. Кейбір ғалымдар Киелі кітаптағы кереметтерді Құдайдың қатысуынсыз орын алған кәдімгі табиғи құбылыстар деп қарастырады. Олардың ойынша, ғажайыптар адамдарды Киелі кітаптағы оқиғаларға сендіру үшін қажет. Рас, жер сілкінісі, індет не жар көшкіні сияқты табиғи апаттардың кейбір кереметтерге қатысы болуы мүмкін. Алайда ғалымдардың бір нәрсені ескермегені анық. Олар кереметтердің қай уақытта орын алғанын есепке алмады.

Мысалы, кейбіреулер Мысыр халқына жіберілген алғашқы жаза — Ніл өзенінің қанға айналуы — ешқандай да керемет емес деп наразылық білдіреді. Олардың ойынша, бұл қызыл топырақтың қызғылт ағзалармен бірге Ніл өзеніне шайылып келуі нәтижесінде орын алған. Алайда Киелі кітапта өзеннің қызыл лайға емес, қанға айналғаны жазылған. Мысырдан шығу 7:14—21 тармақтарды мұқият оқитын болсақ, аталмыш кереметтің Һарон Нілдің суын таяғымен ұрған кезде орын алғанын байқаймыз. Тіпті өзеннің қанға айналуы табиғи құбылыс болды деген күннің өзінде, бұл оқиғаның Һарон таяғын суға тигізген сәтте орын алғаны нағыз ғажап емес пе?!

Кереметтің орын алған уақытының қаншалықты маңызды екенін көрсететін тағы бір мысалды қарастырайық. Исраил халқы Уәде етілген жерге кіруге таяп қалғанда, оларға арнасынан асып тұрған Иордан өзені бөгет болған еді. Киелі кітапта әрі қарай не болғаны былай баяндалады: “Келісім сандығын көтеріп жүрген діни қызметкерлер Иорданның жағасына жетіп, суға аяқтарын малған кезде, жоғарғы жақтан ағып келе жатқан су бөгеліп, алыста, Сартанның маңайындағы Адам қаласының жанында, бір жерге үйілгендей жиылып тұра қалды” (Ешуа 3:15, 16). Бұл жерсілкінісінің не жар көшкінінің салдарынан болды ма? Киелі кітапта ол жайлы ештеңе айтылмаған. Бірақ оқиғаның орын алған уақыты шынымен ғажап еді. Бұл оқиға дәл Ехоба айтқан уақытта болды (Ешуа 3:7, 8, 13).

Сонымен, кереметтер шынымен болып тұра ма? Киелі кітап бұған “иә” деп жауап береді. Сондай-ақ ол жерден кереметтердің жай ғана табиғи құбылыс емес екенін де көреміз. Ендеше кереметтер күн сайын болмағандықтан ғана олардың орын алуы мүмкін емес деу қисынды ма?

[Сілтеме]

a Құдайдың бар екеніне күмәндансаңыз, Ехоба куәгерлері басып шығарған “Құдай шынымен біздің қамымызды ойлай ма?” және “Тіршілік өздігінен пайда болды ма?” деген кітапшаларды қараңыз.

[5-беттегі сурет]

Ондаған жыл бұрын ғана көп адам сағатына жүздеген шақырым қашықтықты ұшып өту мүмкін емес деп ойлаған

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу