Ғылыми тұрғыдан тура
“Саған ақыл-кеңес пен білім беру үшін Мына отыз нақылды жазған едім, Ақиқат, адал сөздер үйренуің үшін” (НАҚЫЛ СӨЗДЕР 22:20, 21).
КИЕЛІ КІТАП ҚАЙ ЖАҒЫНАН ЕРЕКШЕ? Заманауи ғылымның арқасында ежелгі кітаптардағы мәліметтердің жиі сенімсіз әрі қауіпті болғаны аян етіліп жатыр. Тіпті бүгінгі таңдағы оқулықтар ғылыми жаңалықтарға сәйкес келуі үшін жаңартылып отыруды талап етеді. Ал Киелі кітапқа келер болсақ, оның авторы Жаратушы екені және оның Сөзі “мәңгі қалатыны” Киелі кітаптың өзінде жазылған (Петірдің 1-хаты 1:25).
КИЕЛІ КІТАПТАН МЫСАЛ: Ежелгі заманда Мұса заңы исраилдіктерден нәжісті “қостың сыртында” көміп тастауды талап ететін (Заңды қайталау 23:12, 13). Олар жануардың немесе адамның мәйітіне тиіп кеткен жағдайда киімдерін жуулары не өздері сумен жуынулары керек-тін (Леуіліктер 11:27, 28; Руларды санау 19:13, 19). Алапеспен ауырған адамдар тексеруден өтіп, олардың дерттері бұдан былай жұқпалы еместігіне көз жеткізбейінше, басқалардан оқшауланып (карантин) жүруі керек болатын (Леуіліктер 13:1—8).
ЗАМАНАУИ МЕДИЦИНА НЕ ДЕЙДІ? Нәжісті көміп тастау, қол жуу, карантин енгізу аурумен күресудің тиімді жолдары болып қала береді. АҚШ-тың Ауруды бақылау орталығы әжетхана мен басқа да санитарлық жүйелер жақын маңда болмаған жағдайда келесідей кеңес береді: “Дәретке отыру үшін кез келген су көздерінен 30 метр [100 қадам] қашықтықтағы жерге барып, кейін нәжісті көміп тастау қажет”. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының айтуынша, тұрғындар нәжісті дұрыс көміп тастау арқылы асқазан-ішек ауруларына ұшырау қаупін 36 пайызға азайтады. Шамамен 200 жыл бұрын дәрігерлер мәйітті ұстағаннан кейін қолын жумаған жағдайда көп емделушілерді жұқтырғанын байқаған. Ауруды бақылау орталығы қол жууды “індеттің алдын алудың ең тиімді жалғыз жолы” дейді. Ал алапеспен және басқа жұқпалы аурумен ауыратын адамдарды оқшауландыру жайында не деуге болады? Жақында бір медициналық журналда былай жеп жазылған еді: “Індеттің бастапқы кезеңінде науқасты бөлектеу мен карантин енгізу жұқпалы ауруды бақылаудың жалғыз тиімді шарасы болуы мүмкін” (“Saudi Medical Journal”).
СІЗ ҚАЛАЙ ОЙЛАЙСЫЗ? Басқа қандай көне қасиетті кітап бүгінгі таңдағы ғылымға сай келеді? Жоқ әлде бұл тек Киелі кітаптың ерекшелігі ме?
[6-беттегі сөздер]
“Мұса заңындағы гигиеналық сақтық шаралар ешкімді таңғалдырмай қоймайды”. (ДОКТОР А. КАСТЕЛАНИ МЕН ДОКТОР А. ЧАЛЬМЕРЗ, “MANUAL OF TROPICAL MEDICINE”)