Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w12 1.7. 5-б.
  • Аңыз емес, тарих

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Аңыз емес, тарих
  • 2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w12 1.7. 5-б.

Аңыз емес, тарих

“Мен де бәрін басынан бастап мұқият зерттедім” (ЛҰҚА 1:3).

КИЕЛІ КІТАП ҚАЙ ЖАҒЫНАН ЕРЕКШЕ? Аңыздарда көбіне қияли оқиғалар айтылады әрі онда нақты жерлердің атаулары, даталар мен тарихи тұлғалардың есімдері кездеспейді. Ал Киелі кітапқа келсек, онда егжей-тегжейлі тарихи мәліметтер өте көп. Бұл оқырманды онда жазылғандардың “түп-тамырымен ақиқат” екеніне сендіреді (Забур 118:160).

КИЕЛІ КІТАПТАН МЫСАЛ: Киелі кітаптың айтуынша, “Набуходоносор [Бабыл патшасы]... Ехонияхтың өзін де [Яһуда патшасын]... Бабылға жер аударды”. Кейінірек, “Еуил-Меродах Бабылға патшалық құра бастады. Жаңа патша Ехонияхты түрмеден шығарып, азат етті”. Оған қоса, “өмірінің соңына дейін Ехонияхтың күнделікті мұқтаждықтарын Бабыл патшасы [Еуил-Меродах] қамтамасыз етіп отырды” (Патшалықтар 4-жазба 24:11, 15; 25:27—30).

АРХЕОЛОГТАР НЕНІ АШТЫ? Археологтар ежелгі Бабылдың үйіндісі арасынан Набуходоносор ІІ билік еткен уақытына сәйкес келетін әкімшілік құжаттарды тауып алды. Онда азық-түлікпен қамтамасыз етілген Бабылдағы тұтқындар мен жұмысшылардың тізімі бар екен. Сол тізімдердің ішінде “Йаһуд [Яһуда] жерінің патшасы” болған “Йаукин [Ехониях]” мен оның үй-ішіндегілерінің есімдері кездеседі. Ал Набуходоносордың мұрагері Еуил-Меродахтың есімі жайлы не деуге болады? Ежелгі Суза қаласының маңынан табылған қыш ыдыстағы жазуда: “Бабыл патшасы, Набуходоносордың ұлы Амил-Мардуктың [Еуил-Меродах] сарайы”,— деген сөздер кездескен.

СІЗ ҚАЛАЙ ОЙЛАЙСЫЗ? Басқа көне қасиетті кітаптардың қайсысында нақты және тура тарихи мәліметтер кездеседі? Әлде бұл тек Киелі кітаптың ерекшелігі ме?

[5-беттегі сөздер]

“Киелі кітаптағы хронологиялық және географиялық мәліметтер басқа кез келген көне құжаттардан анағұрлым тура және сенімді”. (Р. УИЛСОН “A SCIENTIFIC INVESTIGATION OF THE OLD TESTAMENT”)

[5-беттегі сурет]

Яһуди патшасы ехонияхтың есімі кездесетін бабылдық құжат

[Түпдерек]

© bpk, Berlin/Vorderasiatisches Museum, SMB/Olaf M. Tessmer/Art Resource, NY

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу