Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w12 1.4. 22—25 бет.
  • Жасөспірім балаңыз дініңізге күмән келтірсе

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жасөспірім балаңыз дініңізге күмән келтірсе
  • 2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Көреген болыңыз
  • Ішіндегісін сарқып алыңыз
  • Балаңызға ой жүгіртуге көмектесіңіз
  • “Көз жеткізуге” көмектесіңіз
  • Жасөспірімдермен пікір алысу
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Жасөспірімді ересек өмірге дайындаңыз
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ата-ана, балаңызға “құтқарылуға жеткізетін” даналыққа ие болуға көмектесіңіз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
  • Балаңыз өтпелі кезеңнен ойдағыдай өтсін десеңіз...
    Ояныңдар! 2016
Көбірек мәлімет
2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w12 1.4. 22—25 бет.

Отбасы бақытының сыры

Жасөспірім балаңыз дініңізге күмән келтірсе

Жиі балалар есейген соң ата-аналары ұстанатын дінді қабылдап жатады (Тімөтеге 2-хат 3:14). Алайда олай етпейтіндер де бар. Жасөспірім балаңыз дініңізге күмән келтіре бастаса, не істеуіңізге болады? Осы мақалада Ехоба куәгерлерінің мұндай қиындықты қалай шешетіні қарастырылады.

“Бұдан былай ата-анамның дінін ұстанғым келмейді. Бұған күш салудан шаршадым”,— дейді 18 жасар Камилаa.

СІЗ ұстанып жүрген дініңіздің Құдай туралы шындыққа үйрететініне сенімдісіз. Сондай-ақ Киелі кітап талаптары бойынша өмір сүрудің ең жақсы өмір жолы екеніне де еш күмәнданбайсыз. Сондықтан ұстанатын құндылықтарыңызды балаңыздың бойына сіңдіргіңіз келетіні түсінікті-ақ (Заңды қайталау 6:6, 7). Бірақ есейе бастаған балаңыздың рухани нәрселерге деген қызығушылығы суып кетсе ше? Кішкентай кезінде қуана қабылдаған наным-сенімдеріне күмән келтіре бастаса ше? (Ғалаттықтарға 5:7).

Сіздің отбасыңызда осындай жағдай орын алса, өзіңізді жаман ата-ана санауға асықпаңыз. Төменде көретініміздей, бұған басқа жайттар себеп болуы мүмкін. Қалай болған күнде де, мынаны есте ұстағаныңыз маңызды: балаңыздың ұстанымдарыңызға күмән келтіргенін қалай қабылдайтыныңыз оның сіздің дініңізге бет бұруына не одан бас тартуына әсер етуі мүмкін. Балаңызға осы мәселеде “соғыс” жарияласаңыз, онда бар күш-қуатыңыздан айырылып, ақырында жеңіліске ұшырауыңыз ғажап емес (Қолостықтарға 3:21).

Мұндайда елші Пауылдың мына кеңесіне құлақ асқаныңыз әлдеқайда дұрыс: “Иеміздің құлы жанжалдаспау керек. Ол бәріне мейірбан, тәлім беруге қабілетті және ұстамды болуы керек” (Тімөтеге 2-хат 2:24). Сонымен, балаңыз сеніміңізге күмән келтірсе, “тәлім беруге қабілетті” екеніңізді қалай көрсете аласыз?

Олар алданды ма?

Жаңсақ пікір: Куәгер ата-аналар балаларына өз діндерін күштеп қабылдатады.

Айғақ: Киелі кітапта өсиет етілгендей, Куәгер ата-аналар балаларының жүрегіне Құдайға деген сүйіспеншілікті ұялатуға тырысады (Ефестіктерге 6:4). Алайда олар балалары есейген соң қай дінді қабылдайтындарын өздері шешетінін жете түсінеді (Римдіктерге 14:12; Ғалаттықтарға 6:5).

Көреген болыңыз

Алдымен, жасөспірім балаңыздың көзқарасына не әсер етіп жатқанын аңғаруға тырысыңыз. Мысалы, мыналар жайлы ойланып көріңізші:

  • Ол мәсіхшілер қауымында дос таппай, жалғызсырап жүрген жоқ па? “Достарымның болғанын қалағандықтан, сыныптастарыммен тығыз араласа бастадым. Осының кесірінен жылдар бойы рухани өсе алмай жүрдім. Рухани істерге араласқым келмей кеткені де осы жаман ортаның әсері еді. Қазір мен бұған қатты өкінемін”,— дейді 19 жасар Лаура.

  • Ол өз-өзіне сенімсіз болғандықтан, басқаларға ұстанымдары жайлы айтудан тартына ма? “Мен сыныптастарыма сенімім жайлы айтуға қорқатынмын. Олар мені “әулие” деп мазақтап, “біртүрлі адам” ретінде қарай бастайтындай көрінетін. Басқалардан ерекшеленіп жүретіндерден бәрі теріс айналатын, ал мен өзіммен осылай болғанын қаламадым”,— дейді 23 жастағы Арман.

  • Ол мәсіхшілерге қойылатын талаптарға сай өмір сүру тым үлкен жауапкершілік деп ойлай ма? “Мен үшін Киелі кітаптағы мәңгілік өмір жайлы уәде ұзын сатының ең жоғарғы жағында тұрғандай көрінетін, ал мен болсам бұл сатыға әлі тұрмаған да едім. Мен одан әлдеқайда алыс болдым. Бұл сатыға шығудан қорыққаным соншалық, ұстанымдарымнан мүлдем бас тарта салсам ба деп ойлап жүрдім”,— дейді 16 жасар Роза.

Ішіндегісін сарқып алыңыз

Ал сіздің жасөспірім балаңызды не нәрсе мазалайды? Бұны білудің ең жақсы жолы — оның өзінен сұрау. Алайда әңгіменің дау-дамайға ұласып кетуіне жол бермегеніңіз жақсы. Қайта, Жақып 1:19-ғы: “Әркім тыңдауға жүйрік, сөйлеуге және ашулануға баяу болсын”,— деген кеңесті қолданған дұрыс. Басқа адамдармен ізетпен сөйлесетініңіз сияқты, балаңызбен де “тәлім беру шеберлігін барынша қолданып, зор шыдамдылықпен” сөйлескеніңіз жөн (Тімөтеге 2-хат 4:2).

Мысалы, балаңыз мәсіхшілердің қауым кездесулеріне барғысы келмесе, бұның себебі неде екенін анықтауға тырысыңыз. Алайда бұл ретте зор шыдамдылық танытқаныңыз маңызды. Егер ата-ана баласымен мынадай мәнерде сөйлесетін болса, жақсы нәтижеге қол жеткізуі екіталай:

Жасөспірім: Менің қауым кездесулеріне барғым келмейді.

Әкесі: [дауысын көтеріп] Мұныңмен не демексің?

Жасөспірім: Ол жерде менің ішім пысады!

Әкесі: Сонда сен Құдай жайлы осылай ойлайсың ба? Ол сені жалықтырып жіберген екен ғой! Мұндайды сенен күтпедім! Осы үйде тұрғандықтан, қаласаң да, қаламасаң да, менің айтқанымды істейсің!

Құдай ата-аналардан балаларына өзі жайлы тәлім беруін, ал балалардан ата-аналарына бағынуын талап етеді (Ефестіктерге 6:1). Алайда балаңыздың қауым кездесулеріне бару сияқты рухани істерді сіздің түртпектеуіңізбен емес, өз ықтиярымен істегенін қалайтыныңыз анық.

Ендеше бұған қол жеткізу үшін балаңыздың көзқарасына не әсер етіп жатқанын түсінуге тырысқаныңыз жақсы. Осыны ойда ұстай отырып, жоғарыда келтірілген әңгімені қалай дұрыс құруға болатынын қарастырайық:

Жасөспірім: Менің қауым кездесулеріне барғым келмейді.

Әкесі: [жұмсақ үнмен] Неге барғың келмейді?

Жасөспірім: Ол жерде менің ішім пысады!

Әкесі: Иә, бір-екі сағат тапжылмай отыру қиын шығар. Бірақ не нәрсе ішіңді пыстырады?

Жасөспірім: Білмеймін. Бірақ қауымда басқа жерде болғанымда ғой деп отырамын.

Әкесі: Сенің достарың да солай ойлай ма?

Жасөспірім: Қайдағы достар? Менің бірде-бір досым жоқ. Ең жақын досым көшіп кетті, енді қауымда сөйлесетін ешкімім қалмады! Барлығы жақсы көңіл көтеріп жүреді, ал мен өзімді шетте қалғандай сезінемін!

Бұл әңгімедегі әке баласының ішіндегісін сарқып алу арқылы оның проблемасы өзін жалғыз сезінуінде екенін аңғара алды. Бұған қоса, оған ұрсып тастамауымен өзімен әрдайым еркін сөйлесуге болатынын да көрсетті (“Сабыр түбі — сары алтын!” деген қоршауды қараңыз.).

Сабыр түбі — сары алтын!

Жасөспірім балаңызбен сөйлесу сіздің тарапыңыздан зор шыдамдылықты талап етуі мүмкін. Алайда балаңыздың сізге сенім артып, ішіндегісін ақтара бастағанын көргенде, мұның соған әбден тұратынына көзіңіз жетеді. Бір жасөспірім қыз былай дейді: “Кештердің бірінде әкеме әлеуметтік желіде жеке бет ашқанымды, бір жігітпен жүретінімді және үйден кетіп қалғым келетінін айттым. Оның әңгіме барысында зор сабырлық сақтағаны мені қатты таңғалдырды. Қызының жігітпен сүйісіп, онымен үнемі СМС жазысып тұратынын білген кезде, ашуға бой алдырмай, өз-өзін ұстай білген әкені мен бұрын-соңды көрмеппін. Мен әкеме бәрін де еркін айта аламын, өйткені оның маған шын көңілден көмектескісі келетінін білемін”.

Жиі жастар рухани өсуге кедергі ететін қиындықтарға төтеп берер болса, өз-өздеріне және діни ұстанымдарына деген сенімділіктері арта түсетінін байқап жатады. Мектепте өзінің мәсіхші екенін айтуға жүрексінген Арманның мысалына оралайық. Тіпті келеке-мазаққа қалса да, өзгелерге сенімі жайлы айтудың соншалықты қорқынышты емес екеніне оның көзі жетті. Ол былай дейді:

Бірде сыныптасым мені дінім үшін келемеждей бастады. Сонда мен қобалжып кеттім және барлығының назары бізде екенін байқадым. Бірақ әңгімені оған қарай бұрып, оның өз сенімі жайлы сұрадым. Бір қызығы, ол менен де қатты қобалжып кетті! Сол кезде мен көп жастардың өз сенімдерін өздері түсіндіріп бере алмайтынын байқадым. Ал мен, тым болмағанда, не нәрсеге сенетінімді түсіндіріп бере алатыныма қуандым. Иә, дін туралы сөз қозғалғанда, мен емес, менің сыныптастарым өздерін ыңғайсыз сезінулері керек!

БЫЛАЙ ЕТІП КӨРІҢІЗ: Балаңыздан мәсіхші болу жайлы не ойлайтынын сұраңыз. Оның ойынша, мәсіхші болудың пайдалы және қиын жақтары қандай? Пайдасы қиындығынан асып түсе ме? Қай жағынан асып түседі? (Марқа 10:29, 30). Балаңызға өз ойын қағазға түсіруді ұсыныңыз. Парақты екі бағанаға бөліп, бір жағына игіліктерді, ал екіншісіне қиындықтарды тізіп жазуды сұраңыз. Бұл оған нақты не қиындық тудырып жатқанын және оны қалай шешуге болатынын анықтауға көмектеседі.

Балаңызға ой жүгіртуге көмектесіңіз

Ата-аналар мен мамандардың байқауынша, кішкентай бала мен жасөспірімнің ой түзу қабілеті екі түрлі болады (Қорынттықтарға 1-хат 13:11). Әдетте кішкентай бала айтылған нәрсені дұрыс я бұрыс деп қана қабылдайды, ал жасөспірімдер бір жақты емес, кеңірек ойланады. Мысалы, кішкентай балаға “бәрін жаратқан Құдай” деп үйретуге болады (Жаратылыс 1:1). Алайда жасөспірім балада бұған қатысты қосымша сұрақтар туындауы мүмкін: “Құдайдың бар екенін қайдан білеміз? Құдай сүйіспеншілік болса, зұлымдыққа неге жол береді? Құдайдың о бастан-ақ бар болғанына қандай дәлелдер бар?” (Забур 89:3).

Балаңыз осындай сұрақтар қойып жатса, сенімі әлсіреп жатыр екен деп ойламаңыз. Қайта, осының арқасында оның сенімі нығаюы әбден мүмкін. Иә, мәсіхшінің сұрақтар қоюы рухани өсуі үшін аса маңызды (Елшілердің істері 17:2, 3).

Оның үстіне, осы шақта балалар ой жүгіртуге үйренеді (Римдіктерге 12:1, 2). Осының арқасында балаңыз кішкентай кезінде түсіне алмаған “шындықтың ұзындығы мен енін, биіктігі мен тереңдігін” ұғына алады (Ефестіктерге 3:18). Сондықтан осы уақытты жіберіп алмай, жасөспірім балаңызға діни нанымдары жайлы ой жүгіртіп, соларға деген сенімін нығайтуға көмектескеніңіз абзал (Нақыл сөздер 14:15; Елшілердің істері 17:11).

Рухани толысқан мәсіхшінің көмегі

Кей жастарға өзге бір ересек мәсіхшінің көмегі зор болып жатады. Жасөспірім балаңызға жақсы жағынан әсер ете алатын рухани толысқан мәсіхшіні білесіз бе? Білсеңіз, неге сол бауырластан балаңызға көңіл бөлуін сұрап көрмеске? Әрине, сіздің мақсатыңыз — баланы тәрбиелеу жауапкершілігін басқаның мойнына арта салу емес. Десе де Тімөте жайлы ойланып көріңізші. Ол елші Пауылдан көп нәрсеге үйренген, ал елші оны жанына демеу болған серіктесі санадыc (Філіпіліктерге 2:20, 22).

c Бұл мәлімет Ехоба куәгерлерінің 2011 жылы басып шығарған “Жастардың сауалдары. Пайдалы кеңестер” (ор.) кітабының (1-том) 318-бетінен алынған.

БЫЛАЙ ЕТІП КӨРІҢІЗ: Бұрын өзіңіз де, балаңыз да еш шүбәланбай қабылдаған ілімдерді қайтадан бірге қарастырып көріңіздер. Мысалы, ол өзіне келесідей сұрақтарды қойып, ойланып көрсін: “Құдайдың бар екеніне менің көзімді не жеткізеді? Оның қамымды ойлайтынын мен неден көріп жүрмін? Неге Құдайдың заңдарына мойынсұну тек пайда әкеледі деп ойлаймын?” Бірақ балаңызға өз ойыңызды күштеп таңуға тырыспаңыз. Қайта, өз пікірін қалыптастыруға көмектесіңіз. Сонда оның өз дініне деген сенімділігі де нығаяды.

“Көз жеткізуге” көмектесіңіз

Киелі кітапта Тімөте есімді жас жігіттің “нәресте кезінен” жазбалармен таныс болғаны жазылған. Алайда елші Пауыл оны “үйренген әрі көзі жеткен нәрселерді бұдан былай да ұстана беруге” шақырған (Тімөтеге 2-хат 3:14, 15). Тімөте іспетті, сіздің жасөспірім балаңыз да Киелі кітаптағы өсиеттерді кішкентай кезінен біліп өскен болар. Алайда қазір оған білгендеріне “көз жеткізіп”, өз сенімділігін арттыруға көмектескеніңіз маңызды.

“Жастардың сауалдары. Пайдалы кеңестер” кітабының 1-томында былай делінген: “Жасөспірім балаңыз сіздің қамқорлығыңыздан шықпайынша, одан отбасының рухани істеріне қатысуды талап етуге құқылысыз. Алайда сіздің негізгі мақсатыңыз — айтқандарыңызды күштеп орындату емес, баланың жүрегіне Құдайға деген сүйіспеншілікті ұялату”. Осыны есте ұстасаңыз, балаңызға “сенімде берік болуға” көмектесе аласыз. Сонда шындық сіздің ғана емес, оның да өмірлік жолы боладыb (Петірдің 1-хаты 5:9).

a Бұл мақаладағы есімдер өзгертілген.

b Көбірек мәлімет алу үшін 2009 жылғы “Күзет мұнарасының” 1 шілде айындағы санының 10—12 беттерін және “Жастардың сауалдары. Пайдалы кеңестер” (ор.) кітабының 1-томының 315—318 беттерін қараңыз.

ӨЗІҢІЗДЕН БЫЛАЙ ДЕП СҰРАҢЫЗ:

  • Балам діни ұстанымдарыма күмән келтіре бастаса, мұны қалай қабылдаймын?

  • Дұрыс қабылдауым үшін осы мақаладағы кеңестерді қалай қолдана аламын?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу