Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w11 15.5. 21—25 бет.
  • О, неткен мол Құдайдың даналығы!

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • О, неткен мол Құдайдың даналығы!
  • 2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Ехоба — ниеттерін жүзеге асыратын Құдай
  • Ехобаның ұрпаққа қатысты ниеті
  • “Діни қызметкерлер патшалығы”
  • Бейнелі зәйтүн ағашы
  • “Бүкіл Исраил құтқарылмақ”
  • Зәйтүн ағашы туралы мысал
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2019)
  • Кесілген ағаш қайта көктей ме?
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w11 15.5. 21—25 бет.

О, неткен мол Құдайдың даналығы!

“О, неткен зор Құдайдың баталары! Неткен мол даналығы мен білімі! Үкімдеріне адам ақылы жетпес, жолдарын оның ешкім зерттеп бітпес!” (РИМ. 11:33).

1. Шомылдыру рәсімінен өткен мәсіхшілер үшін ең зор мәртебе қандай?

ӨМІРДЕ ие болған ең зор мәртебең қандай? Сенің ойыңа бірден өзіңе тапсырылған қандай да бір жауапкершіліктер немесе тапсырмалар түсер. Алайда шомылдыру рәсімінен өткен мәсіхшілер үшін ең зор мәртебе — жалғыз шынайы Құдай Ехобамен тығыз қарым-қатынаста болу мүмкіндігі. Осының арқасында Құдай бізді білетін болды (Қор. 1-х. 8:3; Ғал. 4:9).

2. Ехобаны білгеніміз және оның бізді білгені неліктен зор мәртебе?

2 Ехобаны білгеніміз және оның бізді білгені неліктен зор мәртебе? Өйткені ол — әлемдегі ең ұлы Тұлға ғана емес, сондай-ақ өзі жақсы көретін қызметшілерінің Қорғаушысы. Нағұм пайғамбар: “Жаратушы Ие ізгі — қайғы-қасірет күнінде қорған және Өзіне үміт артатындарды жақсы біледі”,— деген (Нғм. 1:7; Заб. 1:6). Негізінде, біз шынайы Құдай мен оның Ұлы Иса Мәсіх туралы білім алсақ қана, мәңгілік өмірге деген үмітке ие боламыз (Жох. 17:3).

3. Ехобаны білуге не жатады?

3 Құдайды білуге оның есімін білуден әлдеқайда көп нәрсе кіреді. Біз оны Досымыз ретінде танып білуіміз және оның нені ұнатып, нені ұнатпайтынын түсінуіміз керек. Құдайды жақын танитынымызды көрсету үшін осы білгендерімізге сай өмір сүргеніміздің де маңызы зор (Жох. 1-х. 2:4). Бірақ Ехобаны шынымен жақсы білгіміз келсе, тағы да бір нәрсе талап етіледі. Біз оның не істегенін ғана емес, мұны қалай істегенін және не үшін солай әрекет еткенін білуіміз керек. Ал Ехобаның ниетін жақсырақ түсінген сайын оның “мол даналығына” таңдана түсеміз (Рим. 11:33).

Ехоба — ниеттерін жүзеге асыратын Құдай

4, 5. а) Киелі кітапта “ниет” деген сөз қай мағынада қолданылады? ә) Мақсатқа әртүрлі жолдармен жетуге болатынын мысалмен түсіндір.

4 Ехоба — ниеттерін жүзеге асыратын Құдай, әрі Киелі кітапта оның “мәңгілік ниеті” жайлы айтылған (Ефес. 3:10, 11). Бұл сөздің мағынасы қандай? Киелі кітапта “ниет” деген сөз әртүрлі жолдармен қол жеткізуге болатын белгілі бір мақсат не мұратқа қатысты қолданылады.

5 Мынадай мысалды қарастырып көрейік: біреу діттеген жеріне жету үшін жолға шықты делік. Сол жерге жету оның мақсатына, не ниетіне айналады. Оның әртүрлі көлікке мінуіне және түрлі жолдармен жүруіне болады. Ол жол жүріп бара жатқанда, ауа райы өзгеріп кетуі, жол кептелісі болуы немесе жол мүлдем жабылып қалып, басқа жолмен жүруіне тура келуі мүмкін. Бірақ сапарының барысында қандай өзгерістер жасамасын, оның діттеген жеріне жеткені — мақсатын жүзеге асырғаны.

6. Ниетін жүзеге асыру үшін Ехоба не істеді?

6 Ехоба да мәңгілік ниетін жүзеге асыру үшін бірталай өзгерістер жасады. Ол саналы жаратылыстарының ерік бостандығын ескеріп, ниетін іске асыру жолдарын өзгертті. Мысалы, уәде етілген Ұрпаққа қатысты ниетін қалай орындағанын қарастырайық. О баста Ехоба алғашқы әйел мен еркекке: “Өсіп-өніп көбейіңдер! Ұрпақтарың жайылып, жер бетін толтырыңдар!”— деген (Жар. 1:28). Едем бағында бүлік шығарылғаннан кейін оның бұл ниеті жүзеге аспай қалды ма? Жоқ! Ехоба жағдайға қарай ниетін орындау жолдарын бірден өзгертіп, былайша айтқанда, “басқа жолмен жүрді”, яғни бүліктің кесірінен келген залалдың орнын толтыратын “ұрпақтың” келетінін пайғамбарлық етті (Жар. 3:15; Евр. 2:14—17; Жох. 1-х. 3:8).

7. Мысырдан шығу 3:14-те Ехобаның өзін қалай сипаттағанынан не білеміз?

7 Ехобаның ниетін жүзеге асыру барысында жағдайдың өзгеруіне бейімделе білу қабілеті өзін қалай сипаттағанына сай келеді. Мұса өзіне берілген тапсырманы орындауына кедергі болуы мүмкін жайттарды айтқанда, Ехоба оны: “Мен кім боламын, сол боламын”,— деп сендірді. Сосын, былай деп қосты: “Исраил ұлдарына былай де: — Мені сендерге Мен кім боламын, сол боламын жіберді” (Мыс. ш. 3:14 ЖД). Иә, өз ниетін толықтай жүзеге асыру үшін кім болу керек болса, Ехоба сол болады! Бұл елші Пауылдың Римдіктерге жазған хатының 11-тарауында көркем суреттелген. Пауыл онда бейнелі зәйтүн ағашы туралы жазған. Осы мысалды қарастыру арқылы, мейлі көкке баруға не жерде өмір сүруге үміттенейік, Ехобаның мол даналығын тереңірек түсінеміз.

Ехобаның ұрпаққа қатысты ниеті

8, 9. а) Зәйтүн ағашы туралы мысалды түсінуімізге қандай төрт жайт көмектеседі? ә) Қандай сұрақтың жауабынан Ехобаның өз ниетін жүзеге асыруда жағдайға бейімделе білетінін көреміз?

8 Зәйтүн ағашы туралы мысалды түсіну үшін, алдымен Ехобаның ұрпаққа қатысты ниеті жүзеге асу барысында орын алған төрт жайтты біліп алуымыз керек. Біріншіден, Ехоба Ыбырайымға оның “ұрпағы арқылы жер бетіндегі барлық ұлттарға ақ бата қонатынын” уәде еткен (Жар. 22:17, 18). Екіншіден, Ыбырайымнан тараған Исраил халқының мүшелеріне “діни қызметкерлер патшалығы” болу мүмкіндігі берілді (Мыс. ш. 19:5, 6 ЖД). Үшіншіден, исраилдіктердің басым көпшілігі Мәсіхті қабылдаудан бас тартқанда, Ехоба “діни қызметкерлер патшалығын” құру үшін басқа қадамдар жасады (Мат. 21:43; Рим. 9:27—29). Ал, төртіншіден, Ыбырайымның “ұрпағының” басты бөлігі Иса болғанмен, өзге адамдарға да сол “ұрпақтың” бөлігі болу мәртебесі берілді (Ғал. 3:16, 29).

9 Осы төрт негізгі жайтқа қоса, Аян кітабынан Исамен бірге патша әрі діни қызметкер ретінде көкте билік ететіндердің саны 144 000 екенін білеміз (Аян 14:1—4). Олар “Исраил ұлдары” деп те аталады (Аян 7:4—8). Олай болса, 144 000-ның бәрі исраилдік не яһуди ме? Бұл сұрақтың жауабынан Ехобаның өз ниетін жүзеге асыруда жағдайға бейімделе білетінін көреміз. Ал енді елші Пауылдың Римдіктерге жазған хатынан осы сұрақтың жауабын табуға тырысып көрейік.

“Діни қызметкерлер патшалығы”

10. Исраил халқына қандай ерекше мәртебе берілді?

10 Жоғарыда айтылғандай, Исраил халқы ерекше мәртебеге ие болған: олардың арасынан “діни қызметкерлер патшалығының” мүшелері шықпақ-тын (Римдіктерге 9:4, 5 оқы). Алайда Ұрпақ келгенде, исраилдіктер арасынан Ыбырайымның ұрпағының құрамына кіретін 144 000 адамның, яғни рухани исраилдіктердің, толық саны шыға ма?

11, 12. а) Көк патшалығын құрайтындарды таңдау қашан басталды және сол замандағы яһудилердің көбі мұны қалай қабылдады? ә) Ыбырайымның ұрпағын құрауы тиіс адамдардың “толық санын” Ехоба қалай толтырды?

11 Римдіктерге 11:7—10 оқы. Бірінші ғасырда яһудилер халық ретінде Исадан бас тартты. Сондықтан өздеріне берілген ерекше мәртебеден айырылып қалды. Десе де б. з. 33 жылы Елуінші күн мейрамында “діни қызметкерлер патшалығының” құрамына кіретіндерді таңдау басталғанда, шақыруды қабылдағандардың арасында кейбір ақжүректі яһудилер де болды. Олардың саны бірнеше мың ғана еді. Бүкіл Яһуди халқымен салыстырғанда бұл небәрі “тамтық” қана болатын (Рим. 11:5).

12 Ыбырайымның ұрпағын құрауы тиіс адамдардың “толық санын” Ехоба қалай толтырмақ еді? (Рим. 11:12, 25). Осы орайда елші Пауылдың сөздеріне көңіл бөлейікші: “Алайда Құдай сөзі орындалмады деуге болмайды. Өйткені Исраилден тарағандардың бәрі бірдей нағыз исраилдік емес. Олардың Ыбырайымның ұрпағы болғаны да бәрі бірдей оның балалары [Ыбырайымның ұрпағының бөлігі] екенін білдірмейді... Басқаша айтқанда, Ыбырайымнан тарағандардың бәрі Құдайдың нағыз балалары емес, Құдайдың уәдесі бойынша туылған балалар ғана ұрпақ болып есептеледі” (Рим. 9:6—8). Демек, Ехоба Ыбырайымның ұрпағын құрайтындардың бәрі Ыбырайымның тікелей мағынадағы ұрпағы болуын талап еткен жоқ.

Бейнелі зәйтүн ағашы

13. а) Зәйтүн ағашы, ә) оның тамыры, б) діңгегі және в) бұтақтары нені бейнелейді?

13 Елші Пауыл Ыбырайымның ұрпағын құрайтын адамдарды бейнелі зәйтүн ағашының бұтақтарына теңегенa (Рим. 11:21). Мәдени зәйтүн ағашы Ехобаның Ыбырайыммен келісім жасағанда ойында болған ниетінің орындалуын бейнелейді. Ағаштың тамыры қасиетті, әрі рухани Исраилге өмір беріп тұрған Ехобаны бейнелейді (Ишая 10:20; Рим. 11:16). Діңгегі — Ыбырайымның ұрпағының басты бөлігі Исаның бейнесі. Ал бұтақтары Ыбырайымның ұрпағының құрамына кіретіндердің “толық санын” білдіреді.

14, 15. Мәдени зәйтүн ағашынан кімдер сындырылып тасталды және олардың орнына кімдер телінді?

14 Зәйтүн ағашы туралы мысалда Исадан бас тартқан яһудилер “сындырып тасталған” бұтақтарға теңелген (Рим. 11:17). Олар Ыбырайымның ұрпағының бөлігі болу мүмкіндігінен айырылды. Бірақ олардың орнына кім таңдалды? Ыбырайымнан тарағанын мақтан тұтатын яһудилер үшін бұл сұрақтың жауабы ақылға қонымсыз болмақ еді. Бірақ шомылдыру рәсімін жасаушы Жақия оларды алдын ала ескертіп, Ехоба қаласа, Ыбырайымға тастардан да ұрпақ жасап бере алатынын айтқан (Лұқа 3:8).

15 Сонымен, ниетін жүзеге асыру үшін Ехоба не істеді? Пауылдың түсіндіруінше, мәдени зәйтүн ағашынан сындырылып тасталған бұтақтардың орнына жабайы ағаштың бұтақтары телінді (Римдіктерге 11:17, 18 оқы). Осылайша, басқа ұлттардан шыққан майланған мәсіхшілер, мысалы Рим қауымындағы мәсіхшілер, бейнелі зәйтүн ағашына телінді. Сөйтіп, олар Ыбырайымның ұрпағының бөлігі болды. Бұрын олар Ыбырайыммен жасалған келісімге кіруге еш мүмкіндігі жоқ жабайы зәйтүн ағашының бұтақтары іспетті еді. Бірақ Ехоба оларға рухани яһуди болуға жол ашты (Рим. 2:28, 29).

16. Жаңа рухани халықтың құралуын елші Петір қалай түсіндірді?

16 Мұны елші Петір былай түсіндірді: “Сондықтан [басқа ұлттан шыққан мәсіхшілерді қоса алғанда, рухани исраилдіктер,] сендер үшін ол [Иса Мәсіх] бағалы, өйткені сендер сенесіңдер. Бірақ сенбейтіндер үшін “құрылысшылар бас тартқан дәл осы тас басты бұрыштық тасқа айналды” және ол — “сүріндіретін тас, құлататын жартас”... Ал сендер өздеріңді түнектен тамаша жарығына шақырғанның “керемет қасиеттерін барлық жерде жариялау үшін таңдалған нәсіл, патша әрі діни қызметкерлер, қасиетті халық және Құдайдың ерекше меншігісіңдер”. Кезінде Құдайдың халқы емес едіңдер, ал енді оның халқысыңдар. Сендерге мейірімділік көрсетілмеген еді, ал енді көрсетіліп отыр” (Пет. 1-х. 2:7—10).

17. Қалай Ехоба “қалыптасқан дағдыға қайшы” нәрсе істеді?

17 Ехоба көпшілік үшін мүлдем мүмкін емес болып көрінген нәрсені істеді. Пауыл мұны “қалыптасқан дағдыға қайшы” деп сипаттады (Рим. 11:24). Мұны қалай түсінуге болады? Мәдени ағашқа жабайы ағаштың бұтақтарының телінуі дағдыға, тіпті табиғатқа қайшы көрінуі мүмкін. Сөйтсе де бірінші ғасырда кейбір бағбандар тап солай ететінb. Ехоба да ерекше бірдеңе істеді. Яһудилер басқа ұлттар лайықты өнім бере алмайды деген ойда болған. Алайда Ехоба оларды Патшалықтың өнімін әкелетін халықтың құрамына кіргізді (Мат. 21:43). Б. з. 36 жылы сүндеттелмеген басқа ұлт адамдарынан бірінші болып мәсіхшілікті қабылдаған Корнел киелі рухпен майланғаннан бастап, сүндеттелмеген басқа ұлт адамдары үшін бейнелі зәйтүн ағашына телінудің мүмкіндігі ашылды (Ел. іс. 10:44—48)c.

18. Б. з. 36 жылынан кейін яһудилерге қандай мүмкіндік берілді?

18 Бұл б. з. 36 жылынан кейін яһудилер Ыбырайымның ұрпағы болу мүмкіндігінен біржола айырылды дегенді білдіре ме? Жоқ. Пауыл былай деп түсіндірді: “Сол сияқты, олар да [яһудилер] сене бастаса, қайтадан телінеді. Өйткені оларды қайта телу Құдайдың қолынан келеді. Егер сен жабайы зәйтүн ағашынан кесіліп, қалыптасқан дағдыға қайшы болса да, бақтағы зәйтүнге телінсең, онда оның өз бұтақтары оған сөзсіз телінеді ғой!d” (Рим. 11:23, 24).

“Бүкіл Исраил құтқарылмақ”

19, 20. Бейнелі зәйтүн ағашы туралы мысалдан көргеніміздей, Ехоба не істеді?

19 Иә, “Құдайдың Исраиліне” қатысты Ехобаның ниеті таңғаларлық жолмен орындалуда (Ғал. 6:16). Пауыл айтқандай, “бүкіл Исраил құтқарылмақ” (Рим. 11:26). Ехоба белгілеген уақытта “бүкіл Исраил” — рухани исраилдіктердің толық саны — көкте патша әрі діни қызметкер ретінде қызмет ететін болады. Ехобаның ниетінің орындалуына еш нәрсе кедергі бола алмайды!

20 Алдын ала айтылғандай, Ыбырайымның “ұрпағы”, яғни Иса Мәсіх пен 144 000, арқылы “барлық ұлттар” жарылқанады (Рим. 11:12; Жар. 22:18). Осылайша Құдайдың қызметшілерінің бәрі осы шараның игілігін көреді. Шынында да, Ехобаның мәңгілік ниетін қалай орындап жатқанын қарастырғаннан кейін, оның баталарының аса зор, даналығы мен білімінің шексіз мол екеніне таң-тамашамыз! (Рим. 11:33).

[Сілтемелер]

a Мұнда Пауыл зәйтүн ағашын Исраил халқының бейнесі ретінде қолданбаған. Исраил халқынан патшалар да, діни қызметкерлер де шыққан, бірақ олар діни қызметкерлер патшалығы болған жоқ. Мұса заңы бойынша Исраил патшалары діни қызметкер бола алмайтын. Сондықтан зәйтүн ағашы бұл халықтың бейнесі бола алмайды. Пауыл бұл мысалды “діни қызметкерлер патшалығын” құруға қатысты Құдайдың ниеті рухани Исраилге қатысты қалай орындалып жатқанын түсіндіру үшін қолданған. Пауылдың осы мысалы бұрын қалай түсіндірілгенін 1983 жылдың 15 тамыз айындағы “Күзет мұнарасының” (ағ.) 14—19 беттерінен табуға болады.

b “Жабайы бұтақтар не үшін телінеді?” деген қоршауды қараңдар.

c Бұл яһудилерге рухани Исраил халқының бөлігі болу мүмкіндігі берілген үш жарым жылдың соңы еді. 70 жылдық аптаға қатысты алдын ала айтылған пайғамбарлықта мұның мәні ашылған (Дан. 9:27).

d Римдіктерге 11:24-тегі “бақ” деп аударылған гректің сөз алды қосымшасы “жақсы, керемет” немесе “жасалған мақсатына сай келетін” дегенді білдіретін сөздің туындысы.

Естеріңде ме?

• Ехобаның өз ниетін қалай жүзеге асыратынынан не білеміз?

• Римдіктерге арналған хаттың 11-тарауындағы:

зәйтүн ағашы,

оның тамыры,

діңгегі,

бұтақтары нені бейнелейді?

• Мысалдағы бұтақтардың телінуі неге “қалыптасқан дағдыға қайшы” болған?

[24-беттегі сурет/қоршау]

Жабайы бұтақтар не үшін телінеді?

▪ Бірінші ғасырда өмір сүрген Рим сарбазы әрі бағбан болған Луций Юний Модератус Колумелла ауыл өмірі мен бағбаншылық туралы жазған 12 кітабы арқылы көпке танымал.

Ол өзінің бесінші кітабында мынадай ежелгі мәтелді келтірді: “Зәйтүн ағашының түбін қопсытатын адам одан жеміс беруін сұрайды, топырағын тыңайтатын адам жеміс беруін өтінеді, ал бұтақтарын қырқатын адам жеміс беруге мәжбүр етеді”.

Жайқалып тұрған, бірақ жеміс бермейтін ағаштар туралы айтқаннан кейін, ол мынадай кеңес береді: “Ағаштарды қолбұрғымен тесіп, жабайы зәйтүннің жас шыбығын сол тесікке кіргізіп, мықтап байлап тастаған дұрыс. Нәтижесінде, былайша айтқанда, бойына өнімтал ұрпақ біткен ағаш анағұрлым жемісті болады”.

[23-беттегі сурет]

Бейнелі зәйтүн ағашы туралы мысалды түсінесің бе?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу