Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w11 1.4. 4—5 бет.
  • Иса қайдан келді?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Иса қайдан келді?
  • 2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Иса Мәсіх — Құдай туралы білімнің кілті
    Мәңгілік өмірге алып баратын білім
  • Иса Мәсіх деген кім?
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Иса қашан және қай жерде туылды?
    Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
  • Иса Мәсіх деген кім?
    Киелі жазбалардан не білеміз?
Көбірек мәлімет
2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w11 1.4. 4—5 бет.

Иса қайдан келді?

“[Пилат] қайтадан сарайға кіріп, Исадан: “Сен қайдан келдің?”— деп сұрады. Бірақ Иса оған жауап бермеді” (ЖОХАН 19:9).

РИМДІК әкім Понти Пилат бұл сұрақты Исаның өмірінің маңызды сәтінде қойған болатын. Ол Исаның Исраилдің қай жерінен екенін білген (Лұқа 23:6, 7). Оның жай адам емес екенін де түсінген. Бірақ жоғарыдағы сұрағымен Пилат Исаның бұрын өмір сүрген-сүрмегенін білгісі келді ме? Ал білген күнде де, пұтқа табынушы ол шындықты қабыл алып, соған сай әрекет еткісі келді ме? Иса оған жауап қатпады. Ал көп ұзамай Пилат үшін шындық пен әділдіктен гөрі өзінің дәрежесі әлдеқайда маңыздырақ екені айқын болды (Матай 27:11—26).

Исаның қай жерден келгенін шынымен білгісі келетіндер үшін сенімді мәлімет көзі жоқ емес. Киелі жазбаларда Иса Мәсіхтің шығу тарихы жан-жақты баяндалады. Солардың кейбірін қарастырайық.

Иса қай жерде туылды?

Иса Яһудеядағы Бетлехем ауылында дүниеге келді. Август патша санақтан өткізу жайлы жарлық шығарғанда, Исаға аяғы ауыр анасы Мәриям мен оның күйеуі Жүсіп тіркелу үшін Бетлехемге барды. Өйткені бұл ауыл Жүсіптің туған жері еді. Ауылда бос үй табылмағандықтан, олар бір қораға тоқтады. Сол жерде Иса туылды да, анасы оны құндақтап, ақырға жатқызды (Лұқа 2:1—7).

Бұдан бірнеше ғасыр бұрын Исаның қай жерде туылатынына қатысты келесі пайғамбарлық айтылған еді: “Уа, Бетлехем-Ефрата, Яһуданың мыңдарының қатарына да қосылмайтын тым шағын ғана сенен Исраилге билеуші болатын біреу шықпақ”a (Миха 5:2 ЖД). Бетлехем өте кішкентай болғандықтан, Яһудея қалаларының тізіміне кірмегенге ұқсайды. Алайда бұл ауылға үлкен мәртебе көрсетіліп, ол жерде уәде етілген Мәсіх туылмақ еді (Матай 2:3—6; Жохан 7:40—42).

Иса қай жерде өсті?

Мысырда шамалы уақыт тұрғаннан кейін, Исаның отбасы Иерусалимнен солтүстікке қарай 96 шақырым жердегі Ғалилеяның Назарет қаласына көшті. Сол уақытта Иса үш жасқа толмаған еді. Иса тұрмысы қарапайым әрі үлкен отбасында өсті. Табиғаты керемет осы өлкенің халқы мал бағумен, балық аулаумен және егін егумен айналысатын (Матай 13:55, 56).

Көп ғасыр бұрын Киелі кітап пайғамбарлығында Мәсіхтің “назареттік” болатыны айтылған еді. Осыған орай, Інжіл жазушысы Матай: “[Жүсіп отбасымен] Назарет деген қалаға қоныс тепті. Осылайша пайғамбарлар арқылы айтылған мына сөздер орындалды: “Ол назареттік деп аталатын болады”,— деп жазды (Матай 2:19—23). Назареттік деген атау еврейдің “өскін” деген сөзімен байланысты болса керек. Мұнда Матай Ишаяның пайғамбарлығына жүгінгенге ұқсайды. Онда Мәсіх Есейдің “өскіні”, яғни Дәуіт патшаның әкесі Есейдің ұрпағы болатыны айтылған (Ишая 11:1). Шынында да, Иса Есейдің ұлы Дәуіттен тараған ұрпақтан шықты (Матай 1:6, 16; Лұқа 3:23, 31, 32).

Негізінен Иса қайдан келген еді?

Киелі кітапта Исаның Бетлехемдегі қорада туылмас бұрын да өмір сүргені айтылған. Жоғарыда аты аталған Миха пайғамбар: “Ол ежелгі кезден, шексіз ұзақ күндерден бастау алды”,— деген (Миха 5:2 ЖД). Жерде адам болып туылмас бұрын Иса Құдайдың тұңғыш рухани жаратылысы ретінде көкте ұзақ уақыт өмір сүрген. Ол өзі туралы: “Мен көктен... келдім”,— деп айтқан (Жохан 6:38; 8:23). Бұлай болу мүмкін бе еді?

Ехоба Құдайb киелі рухымен көктегі жаратылысының өмірін яһудилік пәк қыз Мәриямның құрсағына салды да, ол кемелді адам болып дүниеге келді. Мұндай керемет іс құдіреті шексіз Жаратқан Ие үшін түк те емес. Болған жайтты бір періште Мәриямға түсіндіріп: “Құдайдың ешбір сөзі орындалмай қоймайды”,— деген (Лұқа 1:30—35, 37).

Киелі кітапта Исаның қайдан келгені ғана айтылып қоймаған. Ізгі хабардың Матай, Марқа, Лұқа және Жохан деген жазушылары Исаның жерде қалай өмір сүргені жайлы да көп мәлімет береді.

a Ефрата — Бетлехемнің ежелгі атауы (Жаратылыс 35:19).

b Ехоба — Киелі кітапта ашылған Құдайдың есімі.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу