Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w11 1.4. 3-б.
  • Иса Мәсіх шын мәнінде кім?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Иса Мәсіх шын мәнінде кім?
  • 2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Иса Мәсіх деген кім?
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Иса Мәсіх деген кім?
    Киелі жазбалардан не білеміз?
  • ‘Уақыт келді!’
    2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Исаның таудағы әйгілі уағызы
    Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
Көбірек мәлімет
2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w11 1.4. 3-б.

Иса Мәсіх шын мәнінде кім?

“Ол Иерусалимге кіргенде, бүкіл қала толқып: “Бұл кім?”— десті. Бұған жұрт: “Бұл — Ғалилеядағы Назареттен шыққан Иса пайғамбар!”— деп жатты” (МАТАЙ 21:10, 11).

ИСА МӘСІХТІҢa б. з. 33 жылының көктемінде Иерусалимге келгені неліктен халыққа мұншалықты әсер етті? Өйткені қала тұрғындарының көбісі Иса мен оның таңғажайып істері жайлы естіп, бір-біріне айтып жүрген болатын (Жохан 12:17—19). Алайда олар араларындағы бұл пайғамбардың бүкіл дүниеге, тіпті біздің күнімізге дейін ықпалы зор болатынын білмеген де еді!

Исаның адамзат тарихына тигізген әсерінің қаншалықты күшті болғанын көрсететін бірнеше мысал қарастырайық.

  • Көп елде жыл санау Иса туылды деп есептелетін жылдан басталады.

  • Дүниежүзінің үштен бір бөлігін құрайтын екі миллиардтай адам өздерін мәсіхшіміз деп атайды.

  • Миллиардтан астам сенушісі бар ислам дінінде Исаны “Ыбырайымнан, Нұхтан және Мұсадан үлкен пайғамбар” деп үйретеді.

  • Исаның айтқан дана сөздері, түрлі нұсқасымен болса да, көп халыққа танымал. Солардың бірнеше мысалын келтірейік:

    “Қайыр бергенде, оң қолыңның не істеп жатқанын сол қолың білмесін” (МАТАЙ 6:3);

    “Алғаннан гөрі берген бақытты” (ЕЛШІЛЕРДІҢ ІСТЕРІ 20:35);

    “Ешкім екі қожайынға бірдей құл бола алмайды” (МАТАЙ 6:24);

    “Інжу-маржандарыңды шошқалардың алдына лақтырмаңдар” (МАТАЙ 7:6);

    “Барлық істе басқалар өздеріңе қалай істесін десеңдер, сендер де оларға солай істеңдер” (МАТАЙ 7:12);

    “Иә” дегендерің “иә”, ал “жоқ” дегендерің “жоқ” болсын” (МАТАЙ 5:37).

Исаның адамзатқа тигізген әсерінің зор болғаны сөзсіз. Алайда әр халықтың ол туралы өз түсінігі мен нанымы бар. Олай болса, сіз “Иса Мәсіх шын мәнінде кім?” деп ойларсыз. Киелі кітап қана оның қайдан келгенін, қалай өмір сүргенін, неліктен өлгенін түсіндіреді. Осы жайлы шындықтарды білу қазіргі өміріңіз бен болашағыңыз үшін өте маңызды.

a “Иса” — Назареттен шыққан пайғамбардың есімі, оның мағынасы “Ехоба — Құтқарушы”. Ал “Мәсіх” лауазымы “май жағу рәсімі жасалған кісі” дегенді білдіреді. Құдай осындай рәсім арқылы Исаны арнайы қызметке тағайындаған.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу