Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w11 15.3. 3—5 бет.
  • Өз-өзіңді жаңсақ пікірмен алдама

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Өз-өзіңді жаңсақ пікірмен алдама
  • 2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Өз-өзін алдаудың мысалы
  • Жаңсақ пікірді парасатты көзқараспен түзет
  • Жүрегімізді өз жолымызға бұрып, қарайық
  • Күтетін уақыт жайлы алдын ала айтылған
  • Жалған пікірден арыл
  • “Мен сендермен біргемін!”
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Қиындықта Ехобаға сенімді болып қала аласыз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2023
  • Қолдарың қуатты болсын!
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • “Мен барлық халықтарды сілкимін”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2021
Көбірек мәлімет
2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w11 15.3. 3—5 бет.

Өз-өзіңді жаңсақ пікірмен алдама

ТЫЙЫМ салынған ағаштың жемісін жеген Хауа анадан Құдай: “Сен неге олай істедің?” — деп сұрады. “Мені жылан азғырған соң жедім”,— деп жауап берді ол (Жар. 3:13). Хауаны Құдайға мойынсұнбауға итермелеген қу жыланның артында тұрған Шайтан кейіннен “бүкіл жержүзін адастырып жүрген... ежелгі жылан” деп аталды (Аян 12:9).

Жаратылыс кітабындағы бұл әңгімеден Шайтанның айлакер екені, яғни сенгіш адамды адастыру үшін өтірік айтудан тартынбайтыны көрінеді. Хауаның оған алданып қалғаны анық. Дегенмен бізді адастыратын Шайтан ғана деп ойламауымыз керек. Өйткені Киелі кітапта біз “өз-өзімізді жаңсақ пікірмен алдауымыз” мүмкін екені айтылған (Жақ. 1:22).

Өз-өзімізді алдау деген ойдың өзі қызық не тіпті мүмкін еместей көрінетін шығар. Бірақ Киелі кітап бізді бекерден-бекер ескертіп отырған жоқ. Сондықтан өзімізді қалай алдауымыз мүмкін екенін және қандай жаңсақ пікірлерге беріліп қалуымыз ықтимал екенін қарастырған жөн. Бұған Жазбалардағы мысал көмектеседі.

Өз-өзін алдаудың мысалы

Шамамен б. з. б. 537 жылы парсы патшасы Ұлы Кир Бабылда тұтқында жүрген яһудилердің Иерусалимге қайтуына және ғибадатхананы қайта соғуларына рұқсат беретін жарлық шығарды (Езра 1:1, 2). Құдайдың еркіне сай, келесі жылы еліне оралған халық жаңа ғибадатхананың негізін қалады. Сонда олар маңызды істе алғашқы қадамдарына Ехоба батасын бергеніне қатты қуанып, оны мадақтады (Езра 3:8, 10, 11). Алайда, көп ұзамай-ақ, бұл іс үшін қарсылыққа кезігіп, халықтың жігері құм болды (Езра 4:4). Еліне қайтып келгендеріне 15 жыл болғанда, парсы билеушілері Иерусалимдегі құрылыс ісіне тыйым салды. Мұны жүзеге асыру үшін жергілікті билік өкілдері Иерусалимге келіп, “күшті қаруланған қолмен олардың жұмысын тоқтатты” (Езра 4:21—24).

Яһудиліктер қатты қарсылыққа кезіккенде, жаңсақ пікірлермен өздерін алдай бастады. “Әлі уақыт жеткен жоқ, Жаратушы Иенің үйін салатын мерзім болған жоқ”,— деді олар өз-өздеріне (Нағ. 1:2). Содан Құдай ғибадатхананы шұғыл түрде салып бітіргенімізді қаламайды деген тұжырымға келді. Құдайдың еркін қалай орындауды ойлаудың орнына, олар қасиетті қызметті тоқтатып, өздерінің үйлерін жақсартуға кірісіп кетті. Сондықтан Құдайдың пайғамбары Нағайдың: “Бұл үй жұтап тұрғанда сендердің әсем безендірілген үйлерде тұруларыңның уақыты жеткен бе?” — деп сұрағаны орынды еді (Нағ. 1:4).

Бұл жайттан қандай сабақ алу керек деп ойлайсың? Құдай ниетінің орындалатын уақытына қатысты жаңсақ көзқарас рухани істердің маңызды әрі шұғыл екенін ұмыттырады және өз қамымызды ойлап кетуге түрткі болады. Мысал үшін, үйіңе қонақтар келетін болды делік. Олар келгенге дейін шұғыл түрде дайындық жұмыстарына кірісіп кетесің. Алайда қонақтар сәл кешігеміз деп хабар береді. Сонда дайындық істерін тастай салып, өз қамыңды күйттеп кетесің бе?

Нағай мен Зәкәрия яһудилерге Ехобаның ғибадатхананы кейінге қалдырмай, соға берулерін қалайтынын түсінуге көмектесті. “Жігерлен, бүкіл халық... жұмыстарыңды жалғастыра беріңдер”,— деп шақырды Нағай (Нағ. 2:4). Яһудилер Құдайдың рухы өздеріне қолдау көрсететініне сенімді болып, істерін жалғастыра берулері керек еді (Зәк. 4:6, 7). Осы мысал бізге Ехобаның күніне қатысты бұрыс тұжырым жасаудан аулақ болуға көмектесе ме? (Қор. 1-х. 10:11).

Жаңсақ пікірді парасатты көзқараспен түзет

Елші Петір өзінің екінші хатында Ехобаның “жаңа аспан мен жаңа жер” орнату үшін нақты уақыт белгілеп қойғанын жазды (Пет. 2-х. 3:13). Ол кейбір мазақтаушылардың Құдай адамзаттың істеріне араласатынына күмән келтіретініне көңіл бөлді. Олар “жаратылыс басталғалы бері бәрі де сол күйі жалғасып келеді”, сондықтан болашақта да ештеңе өзгермейді деп дауласты (Пет. 2-х. 3:4). Петір болса олардың жаңсақ пікірлерін жоққа шығарды. Ол: “Естеріңе салу арқылы анық ойлау қабілеттеріңді оятқым келіп отыр”,— деп жазды да, бір сенімдегі мәсіхшілердің кезінде Құдайдың дүниежүзіне топан су жіберіп, адамзаттың істеріне араласқанын естеріне салды. Осылайша оларға мазақтаушылардың қателескенін түсіндірді (Пет. 2-х. 3:1, 5—7).

Б. з. б. 520 жылы қызметтерін тоқтатып, еңселері түскен яһудилерді Нағай да осылай жігерлендірді. Ол бір сенімдегі бауырластарын “жүректерін өз жолдарына бұрып, қарауға”, яғни ой жүгіртуге шақырды (Нағ. 1:5). Олардың анық ойлау қабілеттерін ояту үшін Нағай Құдайдың еркі мен оның өз халқына берген уәделерін естеріне салды (Нағ. 1:8; 2:4, 5). Көп ұзамай оның осылай жігер бергені нәтижелі болып, билеушілердің қарсылығына қарамастан, құрылыс ісі қайта жанданды. Жаулар құрылысты тоқтатуға тағы әрекеттенгенімен, қолдарынан түк келмеді. Салынған тыйым алып тасталынды да, бес жылдан кейін ғибадатхана тұрғызылып бітті (Езра 6:14, 15; Нағ. 1:14, 15).

Жүрегімізді өз жолымызға бұрып, қарайық

Қиындықтар туындағанда, Нағайдың заманындағы яһудилер сияқты, біздің де еңсеміз түсуі мүмкін бе? Мұндай сәттерде ізгі хабарды уағыздауға деген құлшынысты сақтау қиынға соғатын шығар. Сонда қандай қиындықтар еңсемізді түсіруі ықтимал? Мысалы, біз осы дүниедегі әділетсіздіктен жапа шегерміз. Осындай әділетсіздікке тап болған Аббақұқтың не дегеніне көңіл бөлші. Ол: “Қашанғы өктемдік туралы Өзіңе шағынамын, ал Сен қолыңның ұшын бермейсің?”— деп сұраған (Абб. 1:2). Демек, кейбір мәсіхшілердің Құдай кешігіп жатыр деп ойлап, шұғыл әрекет ету керектігін ұмытуы және өз жағдайын жасауға беріліп кетуі ықтимал. Мұндай күйге біз де түсіп қалған жоқпыз ба? Егер солай болса, өз-өзімізді алдап жүрміз. Сондықтан Жазбалардың “жүрегіңді жолыңа бұрып, қара” және “анық ойлау қабілетіңді оят” деген кеңестеріне ден қою қаншалықты маңызды десеңші! Алайда зұлым заманның соңы біз күткеннен де ұзаққа созылғанына таңғалуымыз керек пе?

Күтетін уақыт жайлы алдын ала айтылған

Осы дүниенің жойылуына қатысты Исаның айтқан сөздеріне көңіл бөлейікші. Марқа жазған хабарда Иса соңғы күндерге қатысты пайғамбарлығында қайта-қайта бізді сергек болуға шақырған (Мар. 13:33—37). Мұндай ескерту Армагеддондағы Ехобаның ұлы күні суреттелген пайғамбарлықтың ішінде де кездеседі (Аян 16:14—16). Бұл ескертулер неге қайта-қайта берілді? Өйткені бізге тым көп күтіп жатқандай болып көрінсе, шұғыл әрекет етуге талпындыратын сезімді жоғалтып алу қаупі туындайды.

Иса зұлым дүниенің ақырын күте жүріп, сергек боп қалудың маңыздылығын түсіндіру үшін, үйі тоналған адам жайында мысал келтірді. Үйдің иесіне тоналудың қалай алдын алуына болатын еді? Бұл үшін ол түні бойы көз ілмей отыру керек-тін. Иса мысалының соңында бізге былай деп кеңес берді: “Сендер де дайын болыңдар, өйткені Адам Ұлы өздерің ойламаған сағатта келеді” (Мат. 24:43, 44).

Бұл мысал күте беруге, тіпті ұзақ күтуге де дайын болу керектігін көрсетеді. Бұл зұлым дүние біз күткеннен де ұзаққа созылып кетті деп тым қатты уайымдамауымыз керек. “Ехобаның әрекет ететін уақыты келген жоқ” деген жаңсақ пікірмен өз-өзімізді алдамайық. Мұндай ой Патшалық туралы ізгі хабарды уағыздауға деген құлшынысымызды бәсеңдетеді (Рим. 12:11).

Жалған пікірден арыл

Жаңсақ пікірге қатысты Ғалаттықтар 6:7-дегі принципті қолдануға болады. Онда: “Алданбаңдар!.. Адам не ексе, соны орады”,— делінген. Егер бос жерге ештеңе екпесек, арам шөп шығады. Сол сияқты, анық ойлау қабілетімізді оятпасақ, ойымызды жаңсақ пікірлер жаулап алады. Мысалы, іштей “Ехобаның күні келетіні рас, бірақ жақын арада емес” деп ойлауымыз мүмкін. Осылайша уақытты кейінге шегергеннен теократиялық істерде босаңси бастаймыз. Ал уақыт өте келе рухани істерге немқұрайды қарауымыз мүмкін. Сонда Ехобаның күні біз үшін қапылыста келіп қалуы ықтимал (Пет. 2-х. 3:10).

Егер біз “Құдайдың ізгі де ұнамды әрі кемелді еркіне не жататынына көз жеткізіп” отырсақ, жаңсақ пікірлер ойымызға терең тамыр жаймайды (Рим. 12:2). Құдай Сөзін жүйелі түрде оқығанымыздың да зор көмегі бар. Өйткені ондағы сөздер Ехоба белгілеген уақытында әрекет ететініне сенімімізді нығайтады (Абб. 2:3).

“Ехобаның күнінің келгенін күтіп, оны есімізде мықтап ұстап жүруге” Киелі кітапты зерттеу, дұға айту, қауым кездесулеріне үнемі бару, уағыздау және игі істерді жасау көмектеседі (Пет. 2-х. 3:11, 12). Біздің табандылығымыз Ехобаның көзінен таса қалмайды. Елші Пауыл есімізге келесі жайтты салып, былай деген: “Жақсылық жасаудан еш талмайық. Себебі шаршап қалмасақ, өз уақытында оның өнімін орамыз” (Ғал. 6:9).

Ендеше, Ехобаның күні кейінге ысырылды деген жаңсақ пікірге алданып қалмайық. Қайта, Ехобаның күні жақындап қалғандықтан, сенімімізді нығайтайық!

[4-беттегі сурет]

Нағай мен Зәкәрия яһудилерді ғибадатхананы соғуға жігерлендірді

[5-беттегі сурет]

Үйіне ұры түсетінін білгенде, адам не істер еді?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу