Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w10 15.12. 20—24 бет.
  • Ехобаға ән шырқайық!

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ехобаға ән шырқайық!
  • 2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Ән-күйдің шынайы ғибадаттағы маңызды орны
  • Дәуіттен кейінгі заманда да ән-күйдің маңызды болуы
  • Уақыт өтпелі, қажеттіліктер өзгермелі
  • Бағалайтынымызды көрсетудің жолдары
  • Қуанышпен ән шырқайық!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
  • Ғибадатымыздағы жаңа әндер!
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2014
  • Құдайды қуантатын ән-күйлер
    2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Қауым кездесулерінде Ехобаға арнап ән шырқауға дайынсың ба?
    Біздің патшалық қызметіміз. 2009
Көбірек мәлімет
2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w10 15.12. 20—24 бет.

Ехобаға ән шырқайық!

“Өмір бақи Иеме әнімді арнаймын” (ЗАБ. 145:2).

1. Жас Дәуітті кейбір жырларын жазуға не шабыттандырды?

ЖАС Дәуіт әкесінің отарын Бетлехемнің маңындағы жайлауда талай жыл баққан еді. Қойға қарап жүріп, ол Ехобаның ғажайып әрі жасампаз істерін: жұлдызға толы аспанды, “даладағы жабайы аңдарды” және “самсаған құстарды” тамашалады. Көргеннің бәрі оған қатты әсер етіп, шабыттандырғаны сонша — ол керемет жаратылыстардың Жаратушысын мадақтайтын жан тебірентерлік жырлар жазған. Дәуіт шығарған көп жырды Забур кітабынан оқуға боладыa (Забур 8:4, 5, 8—10 оқы).

2. а) Ән-күй адамға қалай әсер етуі мүмкін? Мысал келтіріңдер. ә)  Забур 33:8, 9 және Забур 138:2—8 жырлардан Дәуіттің Ехобамен қарым-қатынасы жайлы не білеміз?

2 Дәуіт музыкалық аспапта ойнау қабілетін өмірінің сол кезеңінде шыңдай түскен болса керек. Шеберлігінің артқаны сонша — Саул патша оны арфа тартуға қасына алдыртады (Нақ. с. 22:29). Дәуіттің ән-күйі мазасы кеткен патшаны тыныштандыра алған. Ол аспабын қолына алып ойнаған сайын, “Саулдың көңілі жадырап, өзін жақсы сезінген” (Пат. 1-ж. 16:23 ЖД). Бүгіндегі жақсы әндердің де әсері сондай. Құдайды қастерлейтін сазгер әрі ақынның шығарған жырлары біздің заманымызда да құндылығын жоғалтқан жоқ. Ойлап көрші, Дәуіттен кейін 3 000-нан астам жыл өтсе де, миллиондаған адам оның жырларын көңіл жұбатып, сенімдерін нығайту үшін үнемі оқиды (Шеж. 2-ж. 7:6; Забур 33:8, 9; 138:2—8 оқы; Амос 6:5).

Ән-күйдің шынайы ғибадаттағы маңызды орны

3, 4. Шынайы ғибадатта ән-күй орындалу үшін Дәуіттің күндерінде қандай шара жасалды?

3 Дәуіт дарынды болған, әрі ол бұл қабілетін ең дұрыс мақсатқа — Ехобаны мадақтауға — қолданған. Исраилдің тағына отырғаннан соң, Дәуіт киелі шатырдағы қызмет кезінде әсем ән-күйлердің орындалуына қам жасады. Ол шамамен 38 000 леуіліктің төрт мыңын “Жаратушыны дәріптейтіндер” ретінде белгіледі. Олардың ішінде “Жаратушының алдында ән айтуға үйретілген” 288 леуіліктің “бәрі өз ісін жақсы білетін” болған (Шеж. 1-ж. 23:3, 5; 25:7).

4 Леуіліктер орындаған көп әнді Дәуіт шығарған еді. Оның жырлары айтылған салтанатты жиында болған кез келген исраилдік естігендерінен қатты әсер алған болса керек. Кейінірек, келісім сандығын Иерусалимге алып келгенде, Дәуіт “левиттердің [леуіліктердің] бастықтарына өздерінің әнші туыстарын [бауырларын] қуанышты әйгілеу үшін музыкалық аспаптармен, лирамен, арфамен, мыс табақшалармен тұрғызуды бұйырды” (Шеж. 1-ж. 15:16).

5, 6. а) Дәуіттің заманында неліктен ән-күйге соншама мән берілді? ә) Ғибадат кезінде ән-күйдің ежелгі исраилдіктер үшін маңызды болғанын қайдан білеміз?

5 Дәуіттің заманында ән-күйге неге сонша көп мән берілді? Патшасы сазгер-ақын болғандықтан ба? Жоқ, әрине. Себебі басқада еді. Мұны бірнеше ғасырдан кейін өмір сүрген Езекия есімді әділ патша ғибадатханадағы қызметті қайта қалпына келтіргенде болған жағдайдан көреміз. Шежірелер 2-жазба 29:25-те былай делінген: “Ол леуіліктерге даңғыра, шертер, жетіген аспаптарын беріп, оларды Жаратқан Иенің ғибадатханасына тұрғызып қойды. Езекияның бұл істегені Дәуіт патшаның берген нұсқауларына, әрі Дәуітке Құдайдың хабарын жеткізген Ғад пен Натан пайғамбарлардың Жаратқан Иеден алған нұсқауларына сай болды”.

6 Расында да, мадақтау әндерін айту Ехобаның пайғамбарлар арқылы қызметшілеріне берген нұсқауы еді. Діни қызметкерлер руынан шыққан әншілер ән шығаруға, әсіресе оны орындап жаттығуға жеткілікті уақыт бөле алулары үшін, тіпті леуіліктерге жүктелген міндеттерінен босатылатын (Шеж. 1-ж. 9:33).

7, 8. Патшалық әндерін айтуға келгенде, ерекше қабілеттен гөрі не маңызды?

7 Бәлкім, сен: “Ән айтуға келгенде, мен киелі шатырдағы майталман әншілердей бола алмас едім”,— дерсің. Алайда леуіліктердің бәрі керемет әнші болмаған. Шежірелер 1-жазба 25:8-дегі сөздерден көретініміздей, олардың араларында “шәкірттер”, яғни үйренушілер, де болған. Тағы бір ескере кететін жайт, исраилдіктердің арасында өте шебер күйшілер мен керемет дауысты әншілер болса да, Ехоба ән-күй орындау қызметіне леуіліктерді тағайындады. Сондықтан адал леуіліктердің бәрі — майталмандары да, үйреніп жүргендері де — өз қызметтерін атқаруға барын салғандарына сенімді бола аламыз.

8 Дәуіт ән-күйді жақсы көріп, бұл өнерде дарынды болғанымен, Құдай оның ерекше қабілетін ғана бағалап қойған жоқ. Қолостықтарға 3:23-те Пауыл: “Қандай жұмыс болса да, оны адам баласы үшін ғана емес, Иеміз үшін істеп жүргендей жан-тәндеріңмен атқарыңдар!”— деген. Олай болса, Ехобаны мадақтау әндерін “жан-тәнімізбен” шырқаудың маңызды екені анық.

Дәуіттен кейінгі заманда да ән-күйдің маңызды болуы

9. Сүлейменнің тұсында ғибадатхананы бағыштау салтанатындағы көріністен және ән-күйден сен қандай әсер алған болар едің?

9 Сүлеймен патшаның тұсында да ән-күйдің шынайы ғибадатта өте маңызды рөлі болған. Ғибадатхананы бағыштау салтанатында үрмелі мыс аспаптарда ойнаған 120 кернейшісі бар толық құрамды оркестр ән-күй орындаған еді (Шежірелер 2-жазба 5:12 оқы). Бұл жайлы Киелі кітапта былай делінген: “Кернейшілер мен әнші-күйшілер бірігіп бір дауыспен... — Жаратқан Ие ізгі, Оның рақымы мәңгілік! — деп мадақтап, шүкіршілік айтты”. Олардың дауысы жаңғырып шыға бастағанда, “киелі үй Жаратқан Иенің бұлт іспетті салтанатты ұлылығына кенелді”. Бұл Ехобаның мақұлдауының белгісі болды. Сірә, сол кездесуде кернейдің сүйемелдеуімен мыңдаған әншінің бір дауыстан шырқаған әнін естіп тұрған жамағат қатты тебіреніп, керемет бір сезімге бөленсе керек (Шеж. 2-ж. 5:13).

10, 11. Ертедегі мәсіхшілердің ғибадат кезінде ән-күй айтқандарын қайдан білеміз?

10 Ертедегі мәсіхшілер де ғибадат кезінде ән-күй айтқан. Бірақ олар киелі шатырда не ғибадатханада емес, жеке үйлерде жиналатын. Қудалаудың және басқа да жайттардың кесірінен бірінші ғасырдағы мәсіхшілер қалағандарынша кездесіп тұра алмаған. Сонда да олар Құдайды мадақтап ән шырқаған.

11 Елші Пауыл Қолостағы бауырластарына: “Забур жырлары, мадақтау өлеңдері және Киелі Рух дарытқан әндер арқылы бір-біріңе зор парасатпен... бағыт-бағдар беріңдер, жүректерің ризашылыққа кенеліп, Иемізге ән айтып отырыңдар!”— деп шақырды (Қол. 3:16). Пауыл мен Сыйлас түрмеге жабылғанда, қолдарында ән кітаптары болмаса да, “[Құдайды] ән-жыр айтып дәріптеді” (Ел. іс. 16:25). Түрмеге жабылған жағдайда, сен Патшалық әндерінің қаншасын жатқа айта алар едің?

12. Патшалық әндерін бағалайтынымызды қалай көрсетеміз?

12 Ән-күй ғибадатымызда маңызды болғандықтан, келесі сұрақтардың үстінен ой жүгіртіп көрген абзал: Мен бұл мүмкіндікті тиісінше бағалайтынымды көрсетемін бе? Қауым кездесулері мен конгрестердегі алғашқы әнді бауырластармен бірге шын жүректен шырқау үшін уақтылы келуге барынша тырысамын ба? Балаларыма теократиялық қызмет мектебі мен қызмет кездесуінің, сондай-ақ көпшілікке арналған баяндама мен “Күзет мұнарасын” зерттеудің арасында ән шырқайтын кезді сыртқа шығып келетін немесе аяқ жазатын үзіліс деп қарастырмауға көмектесемін бе? Ән айту — ғибадатымыздың маңызды бөлігі. Сондықтан бәріміздің де, ән шырқауда майталман не үйренуші болайық, Ехобаны бір дауыстан мадақтау қолымыздан келеді, әрі солай етуіміз керек те (Қорынттықтарға 2-хат 8:12 салыстыр).

Уақыт өтпелі, қажеттіліктер өзгермелі

13, 14. Қауым кездесулерінде шын жүректен ән шырқау неге маңызды? Мысал келтіріңдер.

13 Жүзден аса жыл бұрын “Сион күзет мұнарасында” Патшалық әндерін айтудың маңыздылығы жайында: “Шындықты әнге қосып айту — оны адамдардың санасы мен жүрегіне жеткізудің керемет жолы”,— делінген еді. Көп әннің сөзі Киелі жазбаларға негізделген, сондықтан кейбіреулерінің сөзін жаттап алғанымыз шындықты жүрегімізге ұялатудың керемет мүмкіндігі болып табылады. Кездесулерімізге алғаш келген адамдарға жиі шын жүректен шырқаған әндеріміз қатты әсер етіп жатады.

14 Ч. Т. Расселл 1869 жылдың бір кешінде жұмыстан үйіне келе жатып, бір үйдің астыңғы қабатында ән шырқалып жатқанын құлағы шалады. Сол кезде ол Құдай туралы шындықты табу мүмкін емес деп қатты түңіліп жүрген. Ол адамдардың Құдай жайлы білуіне көмектесе алмасам да, шамалы қаражат тапсам, ең болмағанда тәндік қажеттіліктеріне жұмсап, жәрдем бере алар едім деген оймен бар күшін жұмысқа арнауды шешкен болатын. Содан Расселл бауырлас қараңғы әрі шаң басқан бөлмеге кіргенде, діни қызмет жүріп жатқанын көреді. Отыра кетіп, айтылып жатқан уағызды тыңдайды. Кейінірек сол жайлы ол былай деген: “Сол кеште естігенім Киелі кітаптың Құдай рухының жетелеуімен жазылғанына деген сенімімнің нығаюына жеткілікті болды, бұл — сөзсіз Құдайдың басшылығы”. Байқасақ, алғашында Расселл бауырластың назарына іліккені кездесуде шырқалған ән еді.

15. Ән кітабындағы өлеңдердің мазмұнына өзгерістер енгізуге не себеп болды?

15 Уақыт өте келе Жазбалардағы шындық жайлы түсінігіміз тереңдей түседі. Осы орайда Нақыл сөздер 4:18-де: “Әділдің жолы таң шапағы іспетті, Тал түс болғанша жарқырай түседі”,— делінген. Бейнелі жарықтың көбейгенінен шындық жайлы әндеріміздің мазмұнына кейбір өзгерістер енгізуге тура келеді. Ехоба куәгерлері соңғы 25 жылда “Ехобаны мадақтап ән шырқаңдар”b атты ән кітабын қолданып келді. Сол кітап басылып шыққаннан бері біршама ұғымға жарық көбірек түсіп, ән кітабындағы кейбір тіркестерді жаңарту қажеттілігі туындады. Мысалы, ағылшын тілінде “жаңа тәртіп” деп емес, енді “жаңа дүние” деп айтады. Сондай-ақ қазір біз Ехобаның есімі “ақталады” демейміз, оның орнына “қастерленеді” деп сөйлейміз. Ілім жағын ескергендіктен, ән кітабын жаңарту қажет екені анық болды.

16. Жаңа шыққан ән кітабымыз Пауылдың Ефестіктерге 5:19-да айтқан кеңесіне құлақ асуға қалай көмектеседі?

16 Осы және басқа да себептермен Басқараушы кеңес “Ехобаға ән шырқайық” атты жаңа ән кітап шығаруды мақұлдады. Жаңа ән кітаптағы әндердің саны бұрынғысынан 135-ке дейін қысқартылды. Қазақ тіліндегі ән кітабында 55 ән бар. Ондағы жаңа әндердің кемінде бірнешеуінің сөзін жаттап алуға мүмкіндігіміз болатын шығар. Бұл Пауылдың Ефестіктерге 5:19-да айтқан кеңесіне сай келеді (оқы).

Бағалайтынымызды көрсетудің жолдары

17. Қауым кездесулерінде ән айтуға ұялып жүрген болсақ, бізге қандай ой көмектеседі?

17 Мәсіхшілер кездесулерінде ұялып ән айтудан тартынып жүрген жоқпыз ба? Егер солай болса, мына жайтты ойлап көрейік: Сөйлеуге келгенде “бәріміз де көп қате жібереміз” (Жақ. 3:2). Сонда да, кемелді түрде сөйлей алмайтынымызға қарамастан, Ехобаны үйме-үй жүріп мадақтаймыз. Олай болса, кемелді түрде ән айта алмасақ та, неліктен Құдайды ән айтып мадақтаудан тартынуымыз керек? “Адамға тілді бітірген” Ехоба оны мадақтап ән айтқан даусымызды естіп қуанады (Мыс. ш. 4:11).

18. Әндердің сөзін жаттап алуға қатысты қандай кеңестер берілген?

18 Жақында “Ехобаға арнап ән шырқаңдар. Әндердің орындалуы” деп аталатын диск бірнеше тілде шығарылды. Онда керемет оркестірдің сүйемелдеуімен хордың жаңа әндерді орындағаны жазылған. Оны тыңдаудан зор қуаныш алуға болады. Өзіңе түсінікті тілде жазылған осы әндерді жиі тыңдауға тырыс. Сонда көп ұзамай-ақ жаңа әндердің бірнешеуін жаттап аласың. Өлеңдер керемет құрастырылған: әннің бір жолын айтқанда, келесі жолында қандай ой айтылатынын сезіп тұрасың. Сонымен, дискіні тыңдағанда неге хорға қосылып әнді айтып отырмасқа?! Егер әннің сөзі мен әуенін үйде жақсылап тыңдап алған болсаң, Патшалық сарайында айтқанда өзіңді әлдеқайда сенімді ұстайсың.

19. Патшалықтың әуендерін оркестр орындау үшін қандай дайындықтар жасалады?

19 Арнайы бір күндік, аудандық және облыстық конгрестерімізде Патшалық әуендері қойылғанда, мұны әдеттегі жайт деп қабылдай салу оп-оңай. Алайда оларды дайындауға көп күш жұмсалады. Әуендер таңдалып болған соң, 64 адамнан құралған “Күзет мұнарасы” қоғамының оркестріне арнап ноталар жазылады. Содан кейін әрқайсысы жеке-жеке ойнап көп уақыт дайындалады да, Патерсонда (Нью-Йорк) бәрі бірге жаттығып, ақыр соңында әуен дыбыс студиясында жазылады. Осы бағдарламаға қатысатын он бауырлас АҚШ-тан емес, басқа елдерден келеді. Өйткені олар теократиялық жиындарда әсем әуен орындалуға өз үлестерін қосуды мәртебе санайды. Біз олардың сүйіспеншілікпен жасаған осы еңбегін бағалағымыз келеді. Сондықтан конгрестің төрағасы отыруға шақырғанда, бірден орындарымызға барып, арнайы дайындалған ән-күйге ден қойып тыңдайық.

20. Не істеуге бел будыңдар?

20 Мадақтау әндеріне Ехоба ден қояды, әрі ол мұндай әндерді бағалайды. Ғибадат ету үшін кездескен сайын шын жүректен ән айтып, оның жүрегін қуанта аламыз. Сондықтан ән айтуда майталман болсақ та, үйренуші болсақ та, бәріміз “Ехобаға ән шырқайық” (Заб. 104:33 ЖД).

[Сілтемелер]

a Бір қызығы, Дәуіттен кейін он ғасыр өткенде, Бетлехемнің маңында қой күзетіп жүрген малшыларға періштелердің үлкен бір тобы көрініп, оларға Мәсіхтің дүниеге келгенін хабарлаған (Лұқа 2:4, 8, 13, 14).

b 225 әннен тұратын бұл ән кітап 100 тілде басып шығарылған.

Қалай ойлайсыңдар?

• Киелі кітап заманында ән-күйдің ғибадатта маңызды болғаны қандай мысалдардан көрінеді?

• Исаның Матай 22:37-дегі өсиетіне мойынсұну мен Патшалық әндерін шын жүректен шырқаудың арасында қандай байланыс барын байқадыңдар?

• Патшалық әндерін шынымен бағалайтыныңды қалай көрсете аласың?

[23-беттегі сурет]

Ән айту кезінде балаларыңа сыртқа себепсіз шығып кетпей, орнында қалуға көмектесесің бе?

[24-беттегі сурет]

Үйде жаңа әндердің сөзін айтып жаттығасың ба?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу