Ехобаға құрбандық алып келейік!
БІРЕУ саған қайырымды іс жасаса, ризашылығыңды қалай білдіресің? Исраилдің әскербасылары мадияндықтармен шайқаста жеңіске жеткенде қалай ризашылық білдіргендерін қарастырайық. Бұл соғыс исраилдіктер Пиғор Бағалына табынып, күнә жасаған соң орын алды. Құдай өз халқына жеңіс беріп, табылған олжа 12 000 әскер мен қалған исраилдіктерге тең бөлінді. Ехобаның басшылығына сай, әскерлер өз үлестерінің бір бөлігін діни қызметкерлерге, ал исраилдіктер дәл осындай бөлігін леуіліктерге бөліп берді (Ру. сан. 31:1—5, 25—30).
Алайда әскербасыларының бұдан да көп нәрсе істегілері келді. Олар Мұсаға былай деді: “Сенің басыбайлы құлдарың өздеріне тапсырылған жауынгерлерді санады және олардың бірде біреуі кеміген жоқ”. Сөйтіп, олар Ехобаға құрбандық ретінде алтын және әртүрлі әшекейлерді әкелуді шешті. Алтын әшекейлердің жалпы салмағы 190 келіден асты (Ру. сан. 31:49—54).
Бүгінде де көптеген адам Ехобаның өздеріне жасаған игілігі үшін оған ризашылықтарын білдіруді қалайды. Сондай-ақ мұндай ризашылықты Ехоба куәгерлерінен басқа да адамдар білдіріп жатады. Мысал ретінде 2009 жылы Италиядағы Болонья қаласының стадионында өткен халықаралық конгреске бауырластарды автобуспен апарып тұрған жүргізушімен болған жағдайды алайық. Ол абайлап айдағандықтан әрі жылы шырай танытқандықтан, бауырластар оған алғыс хат, шай-пұл және “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” кітабының бір данасын сыйлауды шешеді. Бұны алған жүргізуші былай деді: “Мен хат пен кітапты қуана аламын, бірақ ақшаны атқарып жатқан істеріңді жалғастыра берулерің үшін сендерге садақа ретінде қайтарғым келеді. Мен Ехоба куәгері болмасам да садақа жасағым келеді, себебі сендерді осы іске сүйіспеншілік талпындыратынына көзім жетті”.
Ехобаның бізге жасаған игіліктеріне ризашылық білдірудің бір жолы — Ехоба куәгерлерінің дүниежүзілік ісіне садақа беру (Мат. 24:14). Бұны қалай істеуге болатыны төмендегі қоршауда көрсетілген.