Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w10 15.10. 25—28 бет.
  • Балаларыңа Ехобаның ұйымымен танысуға көмектесіңдер

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Балаларыңа Ехобаның ұйымымен танысуға көмектесіңдер
  • 2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Қауымда
  • Дүниежүзілік ұйым
  • Балаларыңның шама-шарқын ескеріңдер
  • Қуануға бізде себеп бар
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Отбасын рухани берік етіңдер
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Балаларыңызға Ехобаны сүюді үйретіңіз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
  • Ата-аналар, балаларыңызға Ехобаны сүюді үйретіңіздер
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
Көбірек мәлімет
2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w10 15.10. 25—28 бет.

Балаларыңа Ехобаның ұйымымен танысуға көмектесіңдер

БАЛАЛАР әрдайым үйренуге дайын. Мысырда өткен алғашқы Құтқарылу мейрамы кезінде исраилдік балалардың ата-аналарына қандай сұрақтар қойғанын елестетіп көрейікші. Олар: “Қозыны не үшін сойдыңдар? Неге әкем есік жақтауларына қан жағып жатыр? Біз қайда барамыз?”— деп сұраған болса керек. Балалардың мұндай қызығушылығы Ехобаға ұнағаны сөзсіз. Бұл оның исраилдік әкелерге берген заңынан көрінеді. Ол алда тойланатын Құтқарылу мейрамына қатысты былай деген: “Балаларың: — Бұл не қылған рәсім?— деп сұраса, оларға былай деңдер: — Бұл — Жаратқан Иеге арнаған Құтқарылу мейрамының құрбандығы. Тәңір мысырлықтарды қырғынға ұшыратқан кезде, исраилдіктердің үйлерінің қасынан өте шығып, бізді өлімнен аман алып қалды” (Мыс. ш. 12:24—27). Кейінірек Ехоба балалардың “нұсқаулар мен заңдарға” қатысты сұрақтарына жауап беру ата-аналардың міндеті екенін тағы ескертті (Заң. қ. 6:20—25).

Иә, Ехоба балалардың шынайы ғибадатқа қатысты сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алғанын қалаған. Өйткені бұл құтқарушы Құдайлары Ехобаны сүюге талпындырған. Ехоба бүгінгі жастардың да осылай еткенін қалайды. Ендеше балалардың жүрегіне Ехобаға және оның халқына деген сүйіспеншілікті ұялату үшін ата-аналар не істей алады? Мұның бір жолы — оларды Құдай ұйымымен жақсырақ таныстырып, оның біз үшін жасап жатқан игіліктерін көре білуге көмектесу. Қазір мұны қалай істеуге болатынын қарастырайық.

Қауымда

Өздерің барып жүрген қауымға балалардың бойлары үйрену үшін, оларды барлық кездесуге алып барыңдар. Осылайша Ехобаның исраилдіктерге берген өсиетін орындайсыңдар. Ол: ‘Халықты, ерлер мен әйелдерді және балаларды жина. Бұлар осыны тыңдайтын және зейіндеріне тоқып үйренетін болсын, әрі Жаратушы Иеден, өз Құдайларыңнан қорықсын, сөйтіп, осы заңның барлық сөздерін орындауға тырыссын. Осыны білмейтін олардың ұлдары естіп, Жаратушы Иеден, Өз Құдайларынан қорқуды үйренсін’,— деп бұйырды (Заң. қ. 31:12, 13).

Балаларың нәресте кезінен-ақ Құдай Сөзінен тәлім алуды үйрене алады. Елші Пауыл Тімотеге: “Сәби кезіңнен-ақ Киелі жазбалармен таныссың”,— деген болатын (Тім. 2-х. 3:15 ЖД). Иә, жиі бүлдіршіндер бағдарламаны түсініп, Патшалық әндерін жаттап алып жатады. Кездесуде олар Киелі кітап пен оған негізделген әдебиеттерге құрметпен қарап, қолдануды үйренеді. Сондай-ақ шынайы мәсіхшілердің айрықша белгісі — сүйіспеншілікті сезеді. Иса: “Сендерге бір жаңа өсиет айтамын: біріңді бірің жақсы көріңдер! Мен өздеріңді сүйгендей, сендер де бір-біріңді сүйіңдер! Менің шәкірттерім екендіктеріңді елдің бәрі өзара сүйіспеншіліктеріңнен білетін болады”,— деген (Жох. 13:34, 35). Бауырластардың арасындағы ыстық сүйіспеншілік пен қауіпсіздік балаларға әсер етіп, кездесулерге қатысуды өмірлерінің маңызды бөлігі етуге көмектесері сөзсіз.

Патшалық сарайына ертерек келіп, кешірек қайтуды әдетке айналдырғандарың балаларыңа жаңа достар табуға жол ашады. Неге оларды тек өзі қатарлы балалармен ғана емес, үлкенірек жастағылармен де араласуға талпындырмасқа? Балаларың егде бауырластармен жақынырақ танысса, олардың мол тәжірибелері мен даналығынан сусындай алады. Ертеде Зәкәрия Яһуданың жас патшасы Ұзияхты “Құдайды қастерлеуге үйреткен”, сол сияқты Ехобаға жылдар бойы адалдықпен қызмет еткен мәсіхшілер де жастар үшін жақсы үлгі көрсетеді (Шеж. 2-ж. 26:1, 4, 5). Патшалық сарайына келгенде, балаларыңа кітапхананы, хабарландыру тақтасын және басқа да нәрселерді көрсетіп, түсіндіріп бергендерің игі.

Дүниежүзілік ұйым

Балалар жергілікті жиналыстың 100 000-нан аса қауымнан құралған дүниежүзілік ұйымның бір бөлігі екенін түсінулері керек. Ұйымның қалай қызмет ететінін және балалардың оған қалай қолдау көрсете алатынын айтып беріңдер. Аудандық, облыстық конгрестерді және аралаушы бақылаушының келуін неліктен асыға күтетінімізді де түсіндіріңдер (28-беттегі “Отбасылық ғибадат кезінде қарастыруға болатын тақырыптар” деген қоршауды қараңдар).

Мүмкін болса, аудандық бақылаушылар, миссионерлер, бетелдіктер мен басқа да толық уақытты қызметшілерді қонаққа шақырыңдар. Олардың келуге уақыттары жоқ деп ойламаңдар. Себебі олар балаларға әрдайым көңіл бөлген Исаға еліктеуге тырысады (Мар. 10:13—16). Осы бауырластардың бөліскен оқиғалары мен қасиетті қызметтен алған қуаныштары балаларыңның толық уақыт қызмет етуге деген ықыласын оятуы әбден мүмкін.

Балаларыңа Құдай ұйымымен жақынырақ танысуға тағы қалай көмектесе аласыңдар? Мұның бірнеше жолы бар. Мысалы, “Ехоба куәгерлері Құдай Патшалығын жариялайды” деген кітапты (ор.) бүкіл отбасымен бірге оқып шығыңдар. Бауырластардың қалай адалдық пен кішіпейілділік танытқанына және ізгі хабар жер-жерге тарау үшін Ехобаның оларды қалай қолданғанына назар аударыңдар. Сондай-ақ ұйымның бейнефильмдерін қолданып, балаларыңды бұрын болған және бүгінде орын алып жатқан жайттардан не нәрсеге үйренуге болатынын көрсетіңдер. Мүмкіндіктерің болса, өз елдеріңдегі не тіпті шетелдегі Бетелді көріп қайтыңдар. Балаларың Құдайдың жердегі ұйымы қалай ұйымдастырылғанын және б. з. І ғасырындағыдай, адал да ақылды құлдың жетекшілігімен рухани ас-су мен басшылық беруде нендей істерді атқаратынын көріп, таңғалар (Мат. 24:45—47; Ел. іс. 15:22—31).

Балаларыңның шама-шарқын ескеріңдер

Балаларыңа тәлім бергенде Исадан үлгі алыңдар. Бірде ол шәкірттеріне: “Сендерге айтарым әлі көп, бірақ қазір оның бәрін тыңдауға төзімдерің жете қоймас”,— деген болатын (Жох. 16:12). Иә, Иса шәкірттеріне тым көп мәлімет айтпаған. Қайта, шамаларына қарап, маңызды шындықтарды бірте-бірте ашып отырған. Сендер де балаларыңды мезі қылып жібермеңдер. Оларға аз-аздан болса да, жүйелі түрде ұйым жайында айтып отырсаңдар, қөңілдерін баурап, мәсіхшілер қауымы жайлы біле түсуге деген ықыластарын арттырасыңдар. Балалардың қажеттіліктері уақыт өте келе өзгеретіндіктен, кей жайттарды қайталап отырғандарың не тереңірек қарастырғандарың жақсы.

Мәсіхшілер қауымы рухани күш-қайраттың көзі болып табылады. Сондықтан қауым істеріне құлшына атсалысатын жастар Шайтанның дүниесіне қарсы тұруға мейлінше дайын (Рим. 12:2). Балаларыңа Ехобаның ұйымымен танысуға көмектескендерің сендерді зор қуанышқа бөлейтініне сенімдіміз. Жастарымыз сүйіспеншілігі мол Құдайымыз Ехобаға және оның ұйымына адал болып, көл-көсір баталарға кенеле берсін.

[28-беттегі қоршау/сурет]

Отбасылық ғибадат кезінде қарастыруға болатын тақырыптар

Төменде отбасылық ғибадат кезінде қарастыруға болатын Құдай ұйымына қатысты кейбір тақырыптар келтіріледі.

▪ Өздерің баратын қауымның тарихына үңіліп көріңдер. Ол қашан және қалай құрылды? Қандай Патшалық сарайларында жиналдыңдар? Бұған жауап алу үшін осы қауымда бұрыннан қызмет ететін бауырласты қонаққа шақыруға болады.

▪ Қауым кездесулер мен үлкен жиындардың мақсатын және балаларың оның қандай пайдасын көре алатынын түсіндіріңдер.

▪ Ехобаның ұйымында түрлі мектептер қандай мақсатпен өткізілетінін қарастырыңдар. Мектептердің бірін бітіріп, жемісін көріп жүргендерді мысалға келтіріңдер.

▪ Ізгі хабарды жүйелі түрде уағыздаудың маңыздылығын түсіндіріңдер. “Ехоба куәгерлерінің жылнамасындағы” дүниежүзілік есепке қалай үлес қоса алатындарын көрсетіңдер.

▪ Ехобаның ұйымындағы толық уақытты қызметтің түрлерін қарастырыңдар. Бұл ретте “Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз” кітабының 10-тарауы жақсы көмек болады.

▪ Жастарымызға қауымда атқарылатын іс-шаралардың мән-жайын түсіндіріп беріңдер. Неге тіпті кішігірім істе де Ехобаның ұйымынан тыс, өз бетінше әрекет етпеу керектігін айтыңдар. Ақсақалдардың басшылығына мойынсұну арқылы қауымда қалай тәртіп сақтай алатындарын көрсетіңдер.

[Сурет]

Жылдар бойы толық уақыт қызмет еткендермен араласудың балалар үшін пайдасы зор

[26-беттегі суреттер]

Ежелгі исраилдіктер сияқты, бүгінде ата-аналар балаларының Құдай ұйымы жайлы сұрақтарына толыққанды жауап беруге күш салады

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу